Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округі әкімінің 01.03.2018 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабы 7) тармақшысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекция басшысының міндетін атқарушының 2017 жылғы 17 қарашадағы № 195 ұсынысы негізінде, Долон ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің Мостик ауылында ірі қара малдарының қарасан ауруының шығуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Долон ауылдық округі әкімі | Н. Абдрахманов |