Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің Мостик ауылында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда № 5366 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округі әкімінің 01.03.2018 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабы 7) тармақшысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекция басшысының міндетін атқарушының 2017 жылғы 17 қарашадағы № 195 ұсынысы негізінде, Долон ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің Мостик ауылында ірі қара малдарының қарасан ауруының шығуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Долон ауылдық округі әкімі Н. Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады