Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 18.09.2019 № 34/8-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 2-3 - тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 26/5-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3337 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырдағы "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1) - тармақшамен толықтырылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
1) - тармақша 1-1) - тармақша болып есептелсін;
8) - тармақша алып тасталсын;
1) - тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;";
2-1) - тармақшамен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"2-1) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;";
11) - тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян алған адамдар (отбасылар);";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек алушылардың мынадай санаттарына көрсетіледі:";
2) - тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға – 10000 теңге;";
5) - тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні– 31 мамыр – жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 3000 теңге;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Ахмадиев |
Глубокое аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Баймульдинов |