"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 26/5-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 12/3-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 маусымда № 5096 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 34/8-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 18.09.2019 № 34/8-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 2-3 - тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 26/5-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3337 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырдағы "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      1 - тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1) - тармақшамен толықтырылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      1) - тармақша 1-1) - тармақша болып есептелсін;

      8) - тармақша алып тасталсын;

      6 - тармақта:

      1) - тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;";

      2-1) - тармақшамен мынадай мазмұнда толықтырылсын:

      "2-1) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;";

      11) - тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян алған адамдар (отбасылар);";

      9 - тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек алушылардың мынадай санаттарына көрсетіледі:";

      2) - тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға – 10000 теңге;";

      5) - тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні– 31 мамыр – жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 3000 теңге;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Ахмадиев
      Глубокое аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Баймульдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады