Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 08.01.2019 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 - 1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 31 қазандағы № 535 ұсынысы негізінде, Қарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауыруының анықталуына байланысты Жарма ауданының Кіші Қарасу ауылына және "Черногорка", "Альжан", "Тоғас", "Ерболат", "Ерлан", "Малика" шаруа қожалықтарына шектеу іс – шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауылдық округінің әкімі | А. Касиманов |