Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 7 бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Зайсан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 қарашадағы "Зайсан аудандық мәслихат аппараты Мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 7-6/1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4785 тіркелген, аудандық "Достық" газетінің 2017 жылғы 14 қаңтарда № 3 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Тлеужанов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Д. Ыдырышев |