РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 25 қазандағы № 374 ұсынысы негізінде Кеңсай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Кеңсай ауылдық округінде Бақасу ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан ауданы "Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4904 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 сәуірдегі аудандық "Достық" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Кеңсай ауылдық округінің | |
әкімі міндетін атқарушы | Н.Ашимханова |