"Кеңсай ауылдық округінде Бақасу ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 9 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 қарашада № 5303 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 25 қазандағы № 374 ұсынысы негізінде Кеңсай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Кеңсай ауылдық округінде Бақасу ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан ауданы "Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4904 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 сәуірдегі аудандық "Достық" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Кеңсай ауылдық округінің
      әкімі міндетін атқарушы Н.Ашимханова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады