Шілікті ауылдық округіндегі Жалши және Қазақстан ауылдарында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 ақпанда № 4886 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 29.01.2018 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 - бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 3-тармағының сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылы 21 желтоқсандағы ұсынысы негізінде Шілікті ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Шілікті ауылдық округіндегі Жалши және Қазақстан ауылдарында ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына (С.Қожекенов) осы шешімнен туындайтын талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      " Шілікті ауылдық округінің әкімі Қ. Сағиев 
     

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
      Министрлігі ветеринариялық бақылау
      және қадағалау Комитетінің
      Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Қожекенов

      2017 жылғы 01 ақпан

Об установлении ограничительных мероприятий в селах Жалши и Казахстан Шиликтинского сельского округа

Решение акима Шиликтинского сельского округа Зайсанского района Восточно-Казахстанской области от 1 февраля 2017 года № 5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 17 февраля 2017 года № 4886. Утратило силу - решением акима Шиликтинского сельского округа Зайсанского района Восточно-Казахстанской области от 29 января 2018 года № 9

      Сноска. Утратило силу - решением акима Шиликтинского сельского округа Зайсанского района Восточно-Казахстанской области от 29.01.2017 № 9 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", пункта 3 статьи 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Зайсанского района от 21 декабря 2016 года аким Шиликтинского сельского округа РЕШИЛ:

      1.Установить ограничительные мероприятия в селах Жалши и Казахстан Шиликтинского сельского округа в связи с возникновением бруцеллеза крупного рогатого скота.

      2. Рекомендовать главному государственному ветеринарно-санитарному инспектору Зайсанского района (С.Кожекенов) обеспечить контроль за исполнением требований, вытекающих из данного решения.

      3. Контроль за выполнением данного решения оставляю за собой.

      4.Решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


      Аким Шиликтинского сельского округа К. Сагиев
     

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного учреждения
      "Зайсанкой районный территориальная
      инспекция Комитета ветеринарного контроля
      и надзора Министерства сельского хозяйства
      Республики Казахстан" С. Кожекенов

      01 февраля 2017 года