"Шілікті ауылдық округіндегі Кәкенталды ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 қарашада № 5283 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 343 ұсынысы негізінде Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шілікті ауылдық округіндегі Кәкенталды ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4821 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 қаңтарда аудандық "Достық" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Шілікті ауылдық округ әкімі Қ. Сағиев

О признании утратившим силу решения акима Шиликтинского сельского округа Зайсанского района от 12 декабря 2016 года № 1 "Об установлении ограничительных мероприятий в селе Какенталды Шиликтинского сельского округа"

Решение акима Шиликтинского сельского округа Зайсанского района Восточно-Казахстанской области от 7 ноября 2017 года № 7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 22 ноября 2017 года № 5283

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 8 статьи 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и на основании представления главного государственного ветеринарного-санитарного инспектора Зайсанского района от 25 сентября 2017 года № 343, аким Шиликтинского сельского округа Зайсанского района РЕШИЛ:

      1. Признать утратившим силу решение акима Шиликтинского сельского округа Зайсанского района от 12 декабря 2016 года № 1 "Об установлении ограничительных мероприятий в селе Какенталды Шиликтинского сельского округа" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4821, опубликовано в районной газете "Достык" от 21 января 2017 года ).

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


      Аким Шиликтинского сельского округа К. Сагиев