РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 343 ұсынысы негізінде Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шілікті ауылдық округіндегі Кәкенталды ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4821 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 қаңтарда аудандық "Достық" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шілікті ауылдық округ әкімі | Қ. Сағиев |