Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 31.12.2020 № 520 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан қосымшаға сай мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.Умутбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданы | |
әкімінің м.у.а | Р. Умутбаева |
Күршім ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21.04 № 107 қаулысына қосымша |
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 10.01.2020 № 1 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тізімдік саны бар ұйымдар | Квота мөлшері (%) |
елуден жүз адамға дейін | 2 |
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін | 3 |
екі жүз елу бірден артық адам | 4 |