Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 06.08.2020 № 253 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 139 бабының 9 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы "Азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" № 74 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4479, аудандық "Жұлдыз"-"Новая жизнь" газетінің 2016 жылғы 8 мамырдағы № 36 санында жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі Көкпекті аудандық мәслихатына келісуге ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Ж. Акимоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкпекті ауданы | |
әкімінің міндетін атқарушы | Е. Калдыбаев |
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық мәслихат хатшысы | Т. Сарманов |
"28" наурыз 2017 жыл
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "24" 03 № 72 қаулысына қосымша |
|
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "16" наурыз № 74 қаулысына № 2 қосымша |
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, орталық, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары, лагерь бастығы, оның ішінде: кітапхана, интернат, шеберхана, өндіріс, кабинет, оқу - өндірістік пункт, әдістемелік кабинет меңгерушісі.
2. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдары: барлық мамандық мұғалімдері, аға тәрбиеші, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, аға шебер, шебер, аға тәлімгер, оқытушы, концертмейстер, әдістемеші, көркем жетекші, музыкалық жетекші, нұсқаушы, әлеуметтік педагог, педагог–ұйымдастырушы, қосымша білім педагогы, педагог–психолог, логопед-мұғалімі, дефектолог мұғалімі, алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушы оқытушысы.
3. Мамандар (бас, аға) оның ішінде: кітапханашы, тәлімгер, хореограф, нұсқаушы, әдіскер, жаттықтырушы.