РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Қасым Қайсенов кентінің әкімі ШЕШТІ:
1. Қасым Қайсенов кенті әкімінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 1 "Қасым Қайсенов кентiнiң атауы жоқ көшелеріне атау беру және атауын өзгерту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3666, 2015 жылғы 10 ақпандағы № 13 "Ұлан таңы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс еңгізілсін:
аталған өкімнің 2 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
Орталық айналмалы көшеге – "Нұржау" атауы.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Қасым Қайсенов | |
кентінің әкiмi | Д. Мусин |