Қасым Қайсенов кентiнiң атауы жоқ көшелеріне атау беру және атауын өзгерту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кенті әкімінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қаңтарда N 3666 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14- бабы 4) тармақшасына сәйкес, тұрғындарының пікірін ескере келе, Қасым Қайсенов кентінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Қасым Қайсенов кентіндегі "Южная" көшесі – "Опан би" көшесіне өзгертілсін.
      2. Орталық айналмалы көшеге – "Нұржау" атауы.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кенті әкімінің 25.04.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізілледі.

      Қасым Қайсенов
      кентінің әкiмi Д. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады