РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 шілдедегі "Үржар ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2016 жылғы 10 тамызда № 4639 болып тiркелген, 2016 жылғы 29 тамыздағы № 121-122 "Уақыт тынысы/Пульс времени" аудандық газетінде жарияланған) № 374 қаулысының күші жойылды деп тану туралы.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданның кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Т. Шомановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Зайнулдин |