Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 06.11.2017 № 316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы "Iшкi сауда ережесiн бекiту туралы" бұйрығына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үржар ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Сеитқановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Ж.Байсабыров |
Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "12" шілдедегі № 374 қаулысына қосымша |
Үржар ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар
№ р/с | Ауыл атауы |
Белгіленген орындар |
1 | Үржар ауылы | Сейфуллин көшесіндегі "Айжан" сауда дүкенің маңында |
Сейфуллин көшесіндегі № 81 үйдің алдында | ||
Сейфуллин көшесіндегі "Воронкова" аялдамасы маңында | ||
Сейфуллин көшесіндегі № 88 үйдің маңында | ||
Абылайхан даңғылы бойындағы "Жол пайдалану учаскесі-24" автобус аялдамасының маңында | ||
Абылайхан даңғылы бойындағы "Морозова" автобус аялдамасы маңында | ||
Абылайхан даңғылы бойындағы "Арай" дүкенінің алдында | ||
2 | Қабанбай ауылы | Д.Қонаев көшесі мен Қ.Чыбынтаева көшесінің қиылысындағы "Азамат" дәмханасының маңында |