Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қабанбай ауылдық округі әкімінің 11.09.2017 № 42 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2) тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылдың 02 қарашасындағы № 261 ұсынысы негізінде Қабанбай ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Қабанбай ауылдық округіндегі Кесік учаскесіндегі "Қайырғазы", "Бауыржан", "Толқын", "Жаңа ғасыр" шаруа қожалықтарына, Үштөбе учаскесіндегі "Айдын" шаруа қожалығына мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы К.Жунусбековке шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. "Үржар-Вет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның мал дәрігері Ж.Құмғанбаевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қабанбай ауылдық округінің әкімі | Қ. Нұрымбаев |
Келісілді:
Қазақстан Республикасы ауыл | |
шаруашылық Министрлігі | |
ветеринариялық бақылау және | |
қадағалау комитетінің Үржар | |
аудандық аумақтық инспекциясының | |
мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық | |
инспекторы | К. Жунусбеков |
"31" қаңтар 2017 ж.
"Үржар Вет" мемлекеттік коммуналдық | |
кәсіпорынның мал дәрігері | Ж. Құмғанбаев |
"31" қаңтар 2017 ж.