1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 15 "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3784 тіркелген, 2015 жылғы 31 қаңтарда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) және 2016 жылғы 15 наурыздағы № 74 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 15 "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4313 тіркелген, 2016 жылғы 6 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.Н.Ғұбайдуллин) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.О.Азбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы |
А. Өтеғұлов |