Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 15-7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 желтоқсанда № 5005 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 30.09.2020 № 38-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4643 тіркелген, 2017 жылғы 12 қаңтарда "Орал өңірі" газетінде жарияланған), мынадай толықтырулар енгізілсін:

      азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен қосымша берілетін дәрілік заттар мен мамандандырылған емдік өнімдер мынадай редакциядағы 6,7,8 тармақтармен толықтырылсын:


Аурулар

Халық санаты

Дәрілік затты
тағайындау үшін
айғақтар (дәрежесі,
сатысы, ауыр ағым)

Дәрілік заттың атауы (шығару нысаны)

6.

Буллездік эпидермолиз

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Декспантенол аэрозоль, сыртқа қолдануға арналған крем, жақпамай, көз гелі,
аллантоин кремі, диацереина капсулалар, ортатізбелі триглициридтер негізіндегі арнаулы емдік өнімдер, құрамында дәрі бар зарарсыз таңғыш, зарарсыз бактерияға қарсы атравматикалық сіңгіш таңғыштар, дәке (жоғарысозымды бекіткіш, торлы, мақталы синтетикалық), силиконды жабыстырғыш, қорғаныш крем, көбік, гель, бальзам, құрамында дәрі бар жақпамай, эммолиенттер, антисептиктер, зарарсыз мақталы дискілер,
зарарсыз инелер апирогенді, майлықтар (зарарсыз, ылғалды гигиеналық)

7.

Анкилозирлеуші спондиартрит (Бехтерев ауруы)

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Инъекцияға арналған голимумаб ерітінді

8.

Онкология

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Таргетті емге сезімтал дәрежесіне байланысты емес қауіпті ісік

Вемурафениб таблеткалар, кобиметиниб таблеткалар


      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М.Байжанов
      Облыстық мәслихат хатшысы М. Құлшар

О внесении дополнений в решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 9 декабря 2016 года № 8-9 "О дополнительном предоставлении лекарственных средств и специализированных лечебных продуктов отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно и на льготных условиях"

Решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 6 декабря 2017 года № 15-7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 26 декабря 2017 года № 5005. Утратило силу решением Западно-Казахстанского областного маслихата от 30 сентября 2020 года № 38-3

      Сноска. Утратило силу решением Западно-Казахстанского областного маслихата от 30.09.2020 № 38-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" от 18 сентября 2009 года и Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 9 декабря 2016 года № 8-9 "О дополнительном предоставлении лекарственных средств и специализированных лечебных продуктов отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно и на льготных условиях" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4643, опубликованное 12 января 2017 года в газете "Приуралье") следующие дополнения:

      дополнительно предоставляемые лекарственные средства и специализированные лечебные продукты отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно и на льготных условиях дополнить пунктами 6,7,8 следующего содержания:


Заболевание

Категория населения

Показания (степень, стадия, тяжесть течения) для назначения лекарственных средств

Наименование лекарственных средств (форма выпуска)

6.

Буллезный эпидермолиз

Все категории, состоящие на диспансерном учете

Все стадии и степени тяжести

Декспантенол аэрозоль, крем,
мазь для наружного применения,
гель глазной, аллантоин крем,
диацереина капсулы, специализированные лечебные продукты на основе среднецепочных триглициридов,
стерильные повязки с лекарственным содержимым,
стерильные антибактериальные атравматические абсорбирующие повязки,
бинт (высокоэластичный фиксирующий, сетчатый, трубчатый, ватный синтетический),
силиконовый пластырь,
защитный крем, пена, гель, бальзам,
мазь с лекарственным содержимым, эммолиенты,
антисептики, стерильные ватные диски,
стерильные иглы апирогенные,
салфетки (стерильные, влажные гигиенические)

7.

Анкилозирующий спондилоартрит (Болезнь Бехтерева)

Все категории, состоящие на диспансерном учете

Все стадии и степени тяжести

Голимумаб раствор для инъекций

8.

Онкология

Все категории, состоящие на диспансерном учете

Злокачественные новообразования независимо от стадии, чувствительные к таргетной терапии

Вемурафениб таблетки, кобиметиниб таблетки


      2. Руководителю аппарата областного маслихата (Султанов А.) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии М.Байжанов
      Секретарь областного маслихата М.Құлшар