Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 30.09.2021 № 6-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес қосымша тегін берілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 30.09.2021 № 6-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдері 2-қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
3. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Калиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Сергалиев |
Мәслихат хатшысы | М. Құлшар |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 шешіміне 1-қосымша |
Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша тегін берілетін амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 24.10.2024 № 15-3 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
№ | Аурулар | Халық санаты | Дәрілік заттарды, арнайы емдеу өнімдерді және медициналық бұйымдарды тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым) | Дәрілік заттардың (шығару нысаны) арнайы өнімдердің және медициналық бұйымдардың атауы |
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар | ||||
1 | Созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Сакубитрил + Валсартан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар; Эплеренон үлбірлі қабықпен қапталған таблетка. Дапаглифлозин, үбірлі қабықпен қапталған таблеткасы |
2 | Ювенильдық артрит | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат, тері астына енгізуге арналған ерітінді; Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді, тері астына енгізуге арналған ерітінді; Анакинра, шприцте алдын ала толтырылған инъекцияға арналған ерітінді; Канакинумаб, бұлшықет ішіне және тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, тері астына енгізу үшін ерітінді. Тофацитиниб үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар |
3 | Ағзалар мен тіндерді трансплантациялаудан кейінгі жағдай | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Тенофовир таблеткалар, Тенофовир Алафенамид, үбірлі қабықпен қапталған таблеткалар |
4 | Буллездік эпидермолиз | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Дәрілік құрамы бар стерильді таңғыштар, стерильді Бактерияға қарсы атравматикалық сіңіргіш таңғыштар, Бинт (жоғары серпімді бекіткіш, торлы, құбырлы, синтетикалық мақта), Силикон бұласыр, қорғаныш кремі, көбік, гель, бальзам, дәрілік құрамы бар жақпа, Эммолиенттер, антисептиктер, стерильді мақта дискілері, стерильді апирогенді инелер, майлықтар (стерильді, ылғалды гигиеналық), арнайы сульфатсыз балалар сусабыны, Бактерияға қарсы спрей, мамандандырылған нәресте майы, балаларға арналған липидті тоқтататын лосьон |
5 | Ювенильдық дерматомиазит | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Адамның қалыпты G иммуноглобулині, инфузияға арналған ерітінді;Метотрексат, инъекцияға арналған ерітінді; Метилпреднизолон, таблеткалар |
6 | Целиакия | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Панкреатин, құрамында минимикросфералар бар ішекте еритін қабықпен қапталған капсулалар |
7 | Балалар церебралды сал ауруы | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | Ботулиндік токсин А типі кешені –гемагглютинин, бұлшықет ішіне және тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
8 | Гемотологиялық аурулар, гемобластоза және апластикалық анемияны қоса алғанда | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Верификацияланған диагнозда ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері | Третиноин, капсулалар |
9 | Қан ұю факторларының тұқым қуалаушылық тапшылығы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | Қан ұюының VIII факторы және Виллебранд факторы вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған құтыдағы лиофилизат |
10 | Аяқталмаған остеогенез | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Туа біткен аномалия (қан ақаулары), қисаю және хромосомдық бұзылыстар | Ибандрон қышқылы, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, көктамыр ішіне инъекцияға арналған ерітінді; Памидрон қышқылы, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат |
11 | Жүректің ишемиялық аурулары | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | Ривароксабан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар |
12 | Жүйелі беріштену (жүйелі склеродермия) | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат, тері астына енгізуге арналған ерітінді. Микофенолата мофетил үлбірлі қабықпен қапталған капсула. |
13 | Жүйелі қызыл жегі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | Ритуксимаб, венаішілік инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, тері астына енгізуге арналған ерітінді |
14 | Мұрынжұтқынщақтың қатерлі ісігі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Интерферон бета-1b, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
15 | Шегрен ауруы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Гидроксихлорохин, үбірлі қабықпен қапталған таблеткасы. Ритуксимаб, венаішілік инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, тері астына енгізуге арналған ерітінді. |
16 | Оптиконевромиелит (Девик ауруы) | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Ритуксимаб, венаішілік инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, Азатиоприн, таблетка |
17 | Ұйқы безінің басқа туа біткен ауытқулары | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Диазоксид, капсулалар |
18 | Созылмалы Тромбоэмболиялық өкпе гипертензиясы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Риоцигуат, қабықпен қапталған таблетка |
19 | Аналық бездің қатерлі ісігі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Олапариб үбірлі қабықпен қапталған таблетка. |
20 | Өкпенің қатерлі ісігі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Атезолизумаб ертінді дайындауға арналған концентрат |
21 | Жылжымалы беріш | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Кладрибин, үбірлі қабықпен қапталған таблеткасы |
22 | Бронхиалды астма | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Омализумаб венаішілік инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат. |
23 | Псориаз | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Секукинумаб, венаішілік инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат. |
24 | Бастапқы иммунитет тапшылығы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігергік – консультативтік комиссиясының шешімі бойынша | Ланаделумаб Тері астына енгізуге арналған ерітінді. |
25 | Екі аяқтың, шап аралық, жыныс мүшесінің басы мен денесінің венозды мальформациясы | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігергік – консультативтік комиссиясының шешімі бойынша | Сиролимус Ішке қабылдауға арналған ерітінді |
26 | Мантия жасушаларының лимфомасы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігергік– консультативтік комиссиясының шешімі бойынша | Акалабрутиниб Контурлы ұяшық қаптамасындағы капсула. |
27 | Жайылмалы қарапайым псориаз ауруы. Жиі қайталамалы ағымды. Псориатикалық артропатия | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Гуселькумаб Тері астына енгізуге арналған ерітінді шприц-ручка. |
28 | Пароксизмалды түнгі гемоглобинурия (Маркиафав-Микел) | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Экулизумаб Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат. |
29 | Перинаталдық кезеңде орын алған бронхөкпелік дисплазия | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Паливизумаб Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді |
30 | Өңештің құрылымы (кедергісі) | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Панкреатин құрамында ішекте еритін қабықпен қапталған минимикросфералар бар капсула. |
31 | Дюшен/Беккер Бұлшықет Дистрофиясы | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Голодирсен инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат дайындауға арналған ұнтақ |
32 | Өкпе артериялық гипертензиясы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Селексипаг үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар |
33 | Эпилепсия | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Зонисамид капсула |
34 | Басқа дистониялар | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Ботулинді токсин |
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық бұйымдар | ||||
1 | Буллездік эпидермолиз | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Құрамында дәрі бар зарарсыз таңғыш, зарарсыз бактерияға қарсы атравматикалық сіңгіш таңғыштар, Дәке (жоғарысозымды бекіткіш, торлы, мақталы синтетикалық), Силиконды жабыстырғыш, Қорғаныш крем, көбік, гель, бальзам, құрамында дәрі бар жақпамай, Эммолиенттер, Антисептиктер, Зарарсыз мақталы дискілер, Зарарсыз инелер апирогенді, Майлықтар (зарарсыз, ылғалды гигиеналық) |
2 | Көмей және трахея стенозы | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | Трахеостомиялық түтік; Аспирациялық катетер |
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі мамандандырылған емдік өнімдер | ||||
1 | Кистозды фиброз (Муковисцидоз) | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлық дәрежесіне қарамастан барлық түрі | Ортатізбелі триглициридтер негізіндегі арнаулы емдік өнімдер |
2 | Буллездік эпидермолиз | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Ортатізбелі триглициридтер негізіндегі арнаулы емдік өнімдер |
3 | Целиакия | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Глютенсіз мамандандырылған емдік өнімдер |
4 | Өңештің құрылымы (кедергісі) | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Мамандандырылған емдік өнімдер |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 шешіміне 2-қосымша |
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4643 тіркелген, 2017 жылы 12 қаңтарда "Орал өңірі" газетінде жарияланған);
2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 1 маусымдағы № 10-8 "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4838 тіркелген, 2017 жылы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 15-7 "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5005 тіркелген, 2018 жылы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
4. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 21-11 "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5461 тіркелген, 2019 жылы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
5. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 28-5 "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5776 тіркелген, 2019 жылы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
6. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 33-5 "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6089 тіркелген, 2020 жылы 27 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).