Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Қосымшаға сәйкес Жаңақала аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Жаңақала аудандық мәслихат аппаратының басшысы (С.Успанова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е.Ибрашев |
Аудандық мәслихат хатшысы | З.Сисенғали |
Жаңақала аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 наурыздағы №9-8 шешімін қосымша |
Жаңақала аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізімі
1.Жаңақала аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" №31-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4225 тіркелген, 2016 жылғы 2 ақпандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);2.Жаңақала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі "Жаңақала аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №31-3 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" №2-1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4394 тіркелген, 2016 жылғы 3 маусымдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
3.Жаңақала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 тамыздағы "Жаңақала аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №31-3 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" №4-1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4534 тіркелген, 2016 жылғы 31 тамыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
4.Жаңақала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі "Жаңақала аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №31-3 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" №6-1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4573 тіркелген, 2016 жылғы 19 қазандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
5.Жаңақала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы "Жаңақала аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №31-3 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" №7-1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4627 тіркелген, 2016 жылғы 22 желтоқсандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).