Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің инспекция басшысының міндетін атқарушысының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 01-19/413 ұсынысы негізінде Жаңақала ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақала ауданы Жаңақала ауылдық округінің Жаңақала ауылы аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақала ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 15 "Жаңақала ауданы Жаңақала ауылдық округінің Жаңақала ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №3895 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жаңақала ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Б.Карагойшин |