Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 17.01.2023 № 28-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №98 "Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3914 тіркелген, 2015 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Казталов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Казталов аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Н.Қажғалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Д.Ихсанов |
Мәслихат хатшысы | Е.Газизов |
Казталов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы №16-5 шешіміне қосымша |
Казталов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Объектінің түрі | Есептік бірлік | м3/жыл |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,1 |
2. | Қонақ үйлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,13 |
3. | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,4 |
4. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,62 |
5. | Емханалар | 1 тұрғын | 0,04 |
6. | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 2,06 |
7. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,13 |
8. | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 1,16 |
9. | Мұражайлар, көрмелер |
Жалпы алаңы | 0,8 |
10. | Стадиондар, спорт алаңдары |
Жоба бойынша | 0,26 |
11. | Дүкендер, супермаркеттер, базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,8 |
12. | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,44 |
13. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильдерге жанармай құю бекеттері, гараждар | 1 машина-орын | 0,11 |
14. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,11 |
15. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,23 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
м2 - шаршы метр
м3– куб метр