Казталов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 28-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 30 қаңтарда № 7112-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Казталов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Казталов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Казталов аудандық мәслихатының "Казталов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 22 қарашадағы №16-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4975 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы С. Мулдашев

  2023 жылғы 17 қаңтардағы
№ 28-3 шешіміне қосымша

Казталов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

1,1

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,2

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,13

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,13

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,4

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,62

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,04

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек -орын

2,06

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,13

9

Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,16

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,2

11

Мұражай, көрмелер

Жалпы алаңы 1м²

0,8

12

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1м²

0,26

13

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер

Сауда алаңы 1м²

0,8

14

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1м²

0,8

15

Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1м²

0,41

16

Дәріханалар

Сауда алаңы 1м²

0,44

17

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

0,11

18

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,3

19

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,23

20

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1м²

0,13

21

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1м²

0,26

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      м2 – шаршы метр

      м3 – текше метр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады