Қаратөбе ауданы бойынша 2018 - 2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 16-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 қаңтарда № 5036 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 қазандағы № 22-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 09.10.2018 № 22-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қаратөбе ауданы бойынша 2018 – 2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары бекітілсін.

      2. Қаратөбе аудандық мәслихаты аппаратының басшысына (Ж.Жангазиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б.Койшекенов
      Мәслихат хатшысы К.Суйеугалиев

  2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 16-3
Қаратөбе аудандық
мәслихатының
шешімімен бекітілді

Қаратөбе ауданы бойынша 2018 – 2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

      Осы Қаратөбе ауданы бойынша 2018 – 2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 28 сәуір 2017 жылы № 15090 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 15 мамыр 2015 жылы № 11064 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.

      Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

      Жоспар мазмұны:

      1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік - аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы) осы жоспардың 1 қосымшасына сәйкес;

      2) жайылым айналымдарының қолайлы схемалары осы жоспардың 2 қосымшасына сәйкес;

      3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы осы жоспардың 3 қосымшасына сәйкес;

      4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы осы жоспардың 4 қосымшасына сәйкес;

      5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы осы жоспардың 5 қосымшасына сәйкес;

      6) ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы осы жоспардың 6 қосымшасына сәйкес;

      7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі осы жоспардың 7 қосымшасына сәйкес;

      8) тиісті әкімшілік - аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті өзге де талаптарды қамтуға тиіс.

      Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп - қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық - санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін - жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

      Әкімшілік - аумақтық бөлініс бойынша Қаратөбе ауданда 8 ауылдық округтер, 22 ауылдық елді - мекендер орналасқан.

      Қаратөбе ауданының жалпы көлемі 997492 га, оның ішінде жайылымдық жерлер-259403 га, суармалары жерлер – 118092 га.

      Санаттар бойынша жерлер бөлінісі:

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 272834 га;

      елді мекен жерлері – 189871 га;

      өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 912 га;

      орман қорының жерлері – 3839 га;

      қордағы жерлер – 530036 га.

      Ауданның климаттық зонасы тым континенталды. Қысы суық, жазы ыстық. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтар айында – -14; - 40 С, шілдеде +24; + 30 С.

      Жауынның орташа түсімі 30 мм, ал жылдық 214 мм.

      Өсімдік сипаттамасы жетіспейді.

      Жері негізінен қызыл қоңыр топырақты, оңтүстігінде аздап сор, сортаң топырақты жерлер кездеседі.

      Ауданда 8 мал дәрігерлік пункті, 2 қолдан ұрықтандыру пункті және 21 мал көмінділері бар.

      Қазіргі уақытта Қаратөбе ауданында мүйізді ірі қара 31406 бас, ұсақ мал 78530 бас, 7342 бас жылқы, 15 бас түйе және 11922 құс саналады.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Қаратөбе ауданы бойынша барлығы 826491 га жайылымдық алқаптары бар. Елді - мекен шегіндегі жайылымдары 184203 га жайылым саналады, қордағы жерлерде 382453 га жайылымдық алқаптар бар.

      Ауданның кейбір ауылдық округтерінде жеке шаруашылықтардағы мал басының өсуіне байланысты 37272 га жайылымдық алқаптардың жетіспеушілігі байқалады.

      Бұл мәселелерді шешудің негізгі жолы – мемлекеттік қордағы жайылымдық алқаптардан елді мекен жерлері санатына жайылымдық жерлерді ұтымды түрде қайта бөліп, сонымен қатар ауданымыздың босалқы жер құрамындағы 44649 га тыңайған жер есебінен басқа санаттарға (жайылым) ауыстыру жұмыстарын жүргізіп, жайылымдық алқаптарымен қамтамасыз етілмеген тұлғаларға мал басын орналастырып пайдалану үшін беру болып табылады.

      Сонымен бірге, ветеринариялық – санитарлық объектілермен қамтамасыз ету мақсатында Аққозы, Егіндікөл, Жусандой, Қаратөбе, Қоскөл, Сулыкөл ауылдық округтерінде қолдан ұрықтандыру пункттерінің құрылыстарын салу жұмыстарын жоспарлауды қажет етеді.

  Қаратөбе ауданы бойынша
2018 – 2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 1 қосымша

Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)


  Қаратөбе ауданы бойынша
2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 2 қосымша

Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары


      Қаратөбе ауданы бойынша
2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 3 қосымша

Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы


  Қаратөбе ауданы бойынша
2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 4 қосымша

Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы


  Қаратөбе ауданы бойынша
2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 5 қосымша

Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы


  Қаратөбе ауданы бойынша
2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 6 қосымша

Ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы


  Қаратөбе ауданы бойынша
2018 – 2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 7 қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Ауылдық округ атауы

Шалғай жайылымға малдардың айдап шығарылу мерзімі

Шалғай жайылымнан малдардың қайтарылу мерзімі

Ескерту

1

Аққозы

Сәуірдің бірінші жартысы

Қараша бірінші онкүндігі


2

Егіндікөл

Сәуірдің бірінші жартысы

Қараша бірінші онкүндігі


3

Жусандой

Сәуірдің бірінші жартысы

Қараша бірінші онкүндігі


4

Қаракөл

Сәуірдің бірінші жартысы

Қараша бірінші онкүндігі


5

Қаратөбе

Сәуірдің бірінші жартысы

Қараша бірінші онкүндігі


6

Қоскөл

Сәуірдің бірінші жартысы

Қараша бірінші онкүндігі


7

Саралжын

Сәуірдің бірінші жартысы

Қараша бірінші онкүндігі


8

Сулыкөл

Сәуірдің бірінші жартысы

Қараша бірінші онкүндігі


      Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы топырақтық - климаттық аймақ зонасына байланысты, ауыл шаруашылығы жануарлар түріне, сондай-ақ жайылым өнімділігіне байланысты біркелкі құрғақ - селеулі - бетегелі – жусанды далада 180-200 күнді құрайды.

      Бұл жағдайда жайылымның ұзақтығы мүйізді ірі қара, ұзақ мүйізді малдар, жылқы және түйелер үшін максималды қар жамылғысың қалыңдыңымен тереңдігіне және басқада факторларға байланысты.

      Ескерту: аббревиатураның шешуі:
С – Цельсия көрсеткіші;
га-гектар;
мм-милиметр;
см-сантиметр;
а/о-ауылдық округ.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Каратобинскому району на 2018 - 2019 годы

Решение Каратобинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 28 декабря 2017 года № 16-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 11 января 2018 года № 5036. Утратило силу решением Каратобинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 9 октября 2018 года № 22-3

      Сноска. Утратило силу решением Каратобинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 09.10.2018 № 22-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах" и от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Каратобинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить План по управлению пастбищами и их использованию по Каратобинскому району на 2018 - 2019 годы согласно приложению к настоящему решению.

      2. Руководителю аппарата Каратобинского районного маслихата (Ж.Жангазиев) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2018 года.

      Председатель сессии Б.Койшекенов
      Секретарь маслихата К.Суйеугалиев

  Утвержден
решением Каратобинского
районного маслихата
от 28 декабря 2017 года № 16-3

План по управлению пастбищами и их использованию по Каратобинскому району на 2018-2019 годы

      Настоящий План по управлению пастбищами и их использованию по Каратобинскому району на 2018-2019 годы (далее – План) разработан в соответствии с Законами Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 апреля 2017 года № 173 "Об утверждении Правил рационального использования пастбищ" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 апреля 2017 года № 15090), приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 3-3/332 "Об утверждении предельно допустимой нормы нагрузки на общую площадь пастбищ" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 мая 2015 года № 11064).

      План принимается в целях рационального использования пастбищ, устойчивого обеспечения потребности в кормах и предотвращения процессов деградации пастбищ.

      План содержит:

      1) схему (карту) расположения пастбищ на территории административно-территориальной единицы в разрезе категорий земель, собственников земельных участков и землепользователей на основании правоустанавливающих документов, согласно приложению 1 к настоящему Плану;

      2) приемлемые схемы пастбищеоборотов, согласно приложению 2 к настоящему Плану;

      3) карту с обозначением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, в том числе сезонных, объектов пастбищной инфраструктуры, согласно приложению 3 к настоящему Плану;

      4) схему доступа пастбищепользователей к водоисточникам (озерам, рекам, прудам, копаням, оросительным или обводнительным каналам, трубчатым или шахтным колодцам), составленную согласно норме потребления воды, согласно приложению 4 к настоящему Плану;

      5) схему перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных физических и (или) юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища, и перемещения его на предоставляемые пастбища, согласно приложению 5 к настоящему Плану;

      6) схему размещения поголовья сельскохозяйственных животных на отгонных пастбищах физических и (или) юридических лиц, не обеспеченных пастбищами, расположенными в селе, сельском округе, согласно приложению 6 к настоящему Плану;

      7) календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных, согласно приложению 7 к настоящему Плану;

      8) иные требования, необходимые для рационального использования пастбищ на соответствующей административно - территориальной единице.

      План принят с учетом сведений о состоянии геоботанического обследования пастбищ, сведений о ветеринарно-санитарных объектах, данных о численности поголовья сельскохозяйственных животных с указанием их владельцев – пастбищепользователей, физических и (или) юридических лиц, данных о количестве гуртов, отар, табунов, сформированных по видам и половозрастным группам сельскохозяйственных животных, сведений о формировании поголовья сельскохозяйственных животных для выпаса на отгонных пастбищах, особенностей выпаса сельскохозяйственных животных на культурных и аридных пастбищах, сведений о сервитутах для прогона скота и иных данных, предоставленных государственными органами, физическими и (или) юридическими лицами.

      По администиративно - территориальному делению в Каратобинском районе имеются 8 сельских округов, 22 сельских населенных пунктов.

      Общая площадь территории Каратобинского района 997492 га, из них пастбищные земли – 259403 га, орошаемые земли –118092 га.

      По категориям земли подразделяются на:

      земли сельскохозяйственного назначения–272834 га;

      земли населенных пунктов – 189871 га;

      земли промышленности, транспорта, связи, для нужд космической деятельности, обороны, национальной безопасности и иного несельскохозяйственного назначения – 912 га;

      земли лесного фонда – 3839 га;

      земли запаса – 530036 га.

      Климат района резкоконтинентальный. Зима сравнительно холодная, лето жаркое. Среднегодовая температура воздуха в январе – -14; -40°С, в июле +24; +30°С.

      Средний размер осадков составляет -30 мм, а годовой- 214 мм.

      Не хватает данных о растительности.

      Почвы светлокаштановые, на юге обладает большим количеством солончаковых земель.

      В районе действуют 8 ветеринарных пунктов, 2 пунктов для искусственного осеменения и 21 скотомогильников.

      В настоящее время в Каратобинском районе насчитывается крупного рогатого скота 31406 голов, мелкого рогатого скота 78530 голов, 7342 голов лошадей, 15 голов верблюдов и 11922 птиц.

      Для обеспечения сельскохозяйственных животных по Каратобинскому району имеются всего 826491 га пастбищных угодий. В черте населенного пункта числится 184203 га пастбищ, в землях запаса имеются 382453 га пастбищных угодий.

      В некоторых сельских округах в связи с ростом поголовья скота на личных подворьях ощущается недостаток 37272 га пастбищных угодий.

      Для решения этих проблем – необходимо рационально использовать пастбищные угодья из государственного фонда и увеличить площади пастбищ за счет земель населенных пунктов, кроме того залежные земли площадью 44649 га из состава земель запаса необходимо перевести в земли других (пастбища) категорий. Для вовлечения этих земельных участков в сельскохозяйственный оборот необходимо, выделить эти земли лицам, которые не обеспечены пастбищами для выпаса скота.

      Кроме того, необходимо запланировать строительство ветеринарно – санитарных объектов для проведения инъекций и осеменения животных в Аккозинском, Егиндикольским, Жусандойском, Каратобинском, Коскольском и Сулыкольских сельских округах.

  Приложение 1
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию
по Каратобинскому району
на 2018 – 2019 годы

Схема (карта)
расположения пастбищ на территории административно – территориальной единицы в разрезе категорий земель, собственников земельных участков и землепользователей на основании правоустанавливающих документов


  Приложение 2
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию
по Каратобинскому району
на 2018 - 2019 годы

Приемлемые схемы пастбищеоборотов



  Приложение 3
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию
по Каратобинскому району
на 2018 – 2019 годы

Карта
с обозначением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, в том числе сезонных, объектов пастбищной инфраструктуры


  Приложение 4
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию
по Каратобинскому району
на 2018 – 2019 годы

Схема
доступа пастбищепользователей к водоисточникам (озерам, рекам, прудам, копаням, оросительным или обводнительным каналам, трубчатым или шахтным колодцам), составленную согласно норме потребления воды



  Приложение 5
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию
по Каратобинскому району
на 2018 – 2019 годы

Схема
перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных физических и (или) юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища, и перемещения его на предоставляемые пастбища


  Приложение 6
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию
по Каратобинскому району
на 2018 – 2019 годы

Схема
размещения поголовья сельскохозяйственных животных на отгонных пастбищах физических и (или) юридических лиц, не обеспеченных пастбищами, расположенными в селе, сельском округе


  Приложение 7
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию
по Каратобинскому району
на 2018 – 2019 годы

Календарный график
по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных

Наименование сельского округа

Период отгона животных на отдаленные пастбища

Период отгона животных с отдаленных пастбищ

Примечание

1

Аккозинский
 

Первая половина апреля

Первая декада ноября


2

Егиндыкольский

Первая половина апреля

Первая декада ноября


3

Жусандойский

Первая половина апреля

Первая декада ноября


4

Каракольский

Первая половина апреля

Первая декада ноября


5

Каратобинский

Первая половина апреля

Первая декада ноября


6

Коскульский

Первая половина апреля

Первая декада ноября


7

Саралжынский

Первая половина апреля

Первая декада ноября


8

Сулыкольский

Первая половина апреля

Первая декада ноября


      Длительность пастбищного периода связана с почвенно-климатической зоной, видами сельскохозяйственных животных, а также урожайностью пастбищ в умеренно сухих на ковыльно – типчаково – полынных степях – составляет 180-200 дней.

      В данном случае продолжительность выпаса для крупного рогатого скота, мелкого рогатого скота, лошадей и верблюдов связана с максимальной глубиной снежного покрова с плотностью снега и другими факторами.

      Примечание: расшифровка аббревиатуры:
С – показатель Цельсия;
га – гектар;
мм - миллиметр;
см - сантиметр;
с/о - сельский округ.