"Теректі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 11-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 сәуірде № 4767 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 20-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 30.03.2018 № 20-3 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 31 желтоқсанда № 14637 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған "Теректі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Теректі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Теректі аудандық мәслихат аппаратының басшысы В.И. Мустивкоға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Утешев
      Аудандық
мәслихат хатшысы
Ә. Нұрғалиев

  Теректі аудандық мәслихатының
2017 жылғы 31 наурыздағы
№11-3 шешімімен бекітілген

"Теректі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Теректі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 31 желтоқсанда № 14637 болып тіркелді) сәйкес әзірленді және "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.

      2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

      3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.

      Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі "Б" корпусының қызметшілерінің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.

      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

      "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы болып лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес аталған қызметші бағынатын тұлға табылады.

      5. Жылдық бағалау:

      1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

      2) осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.

      6. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен "Теректі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің лауазымдық нұсқаулығы бойынша кадрлық жұмыстарды жүргізетін бас маман (бұдан әрі – бас маман) оның жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия құрылады.

      7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

      Бағалау жөніндегі комиссияның мүшесі не төрағасы болмаған жағдайда, оларды алмастыру Бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы өкіміне өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады

      9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы болып бас маман табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. Жұмыстың жеке жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп бағаланатын жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.

      11. "Б" корпусының қызметшісі лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.

      12. "Б" корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.

      13. Жұмыстың жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана бас маманға беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Бас маман Бағалау жөніндегі комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.

      Бас маман бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.

      16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.

      17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және (немесе) ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

      18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі болып табылатын қызмет түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп өз бетімен белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электрондық құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшымен бекітілген шәкілге сәйкес "+1"-ден "+5" баллға дейін иеленеді.

      19. Айыппұл баллдары атқарушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.

      20. Атқарушылық тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.

      Атқарушылық тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде құжат айналымы қызметі және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      21. Еңбек тәртібін бұзуға:

      1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;

      2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.

      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде бас маман және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      22. Әр атқарушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.

      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.

      24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек және атқарушылық тәртібін бұзғаны туралы бас маман, құжат айналымы қызметтері берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.

      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағына "Б" корпусы қызметшісімен қол қойылады.

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда бас маман және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

      26. Қызметшінің тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:

     


     

– тоқсандық баға;

      a – көтермелеу баллдары;

      в – айыппұл баллдары.

      27. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады: 80 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз", 80-нен 105 баллға дейін (қоса алғанда)– "қанағаттанарлық", 106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) – "тиімді", 130 баллдан астам – "өте жақсы".

5. Жылдық бағалау

      28. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған жұмыстың жеке жоспарын орындау бағалау парағын жолдайды.

      29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.

      30. Жұмыстың жеке жоспарының орындалуын бағалау мынадай шәкіл бойынша қойылады:

      жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткіштердің орындалмағаны үшін – 2 балл;

      мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;

      мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;

      мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл қойылады.

      31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда бас маман және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысымен танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

      32. Бас маман "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

     


     

– жылдық баға;

     

– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).

      Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл,

      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл,

      "тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,

      "өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;

     

–жұмыстың жеке жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).

      33. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады: 3 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз", 3 баллдан бастап 3,9 баллға дейін – "қанағаттанарлық", 4 баллдан бастап 4,9 балға дейін – "тиімді", 5 балл – "өте жақсы".

6. Бағалау жөніндегі комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      34. Бас маман Бағалау жөніндегі комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Бағалау жөніндегі комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      Бас маман Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;

      3) осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

      35. Бағалау жөніндегі комиссия тоқсандық және жылдық бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Бағалау жөніндегі комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен бағаны түзетеді.

      36. Бас маман бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда бас маман танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

      37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Бағалау жөніндегі комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы бас маманда сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      38. Бағалау жөніндегі комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      39. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және заңнамамен белгіленген бағалау жүргізу тәртібінің бұзушылықтары анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Бағалау жөніндегі комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсынба жасайды.

      40. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне жолдайды.

      41. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

8. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      42. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      43. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.

      44. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісі Бағалау жөніндегі комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.

      45. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

      46. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.

      47. "Б" корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  "Теректі аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
1-қосымша

      Нысан

      "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

      __________________________________жыл

      (жеке жоспар құрастырылатын кезең)

      Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ________________

      Қызметшінің лауазымы: _____________________________________________

      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:_________________________

      __________________________________________________________________


№ 

Мақсаттық көрсеткіштер*

Күтілетін нәтижелер

1

Мақсаттық көрсеткіш 1


2

Мақсаттық көрсеткіш 2


3

Мақсаттық көрсеткіш 3


4


      Ескертпе:

      * Мақсаттық көрсеткіштер мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.

      Мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуға тиіс.

      Қызметші                              Тікелей басшы

      ___________________________            ___________________________

      (тегі, аты-жөні)                        (тегі, аты-жөні)

      күні _______________________             күні _______________________

      қолы ____________________             қолы ____________________

  "Теректі аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
2-қосымша

      Нысан

      Бағалау парағы

      _____________________тоқсан_____жыл

      (бағаланатын кезең)

      Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):_____________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: __________________________________________________________________

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

Тікелей басшының бағалауы

Ескерту

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
 

Атқарушылық тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Атқарушылық тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

1








2








3









Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

Бағалау нәтижесі:


      Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

      Қызметші                              Тікелей басшы

      ___________________________            ___________________________

      (тегі, аты-жөні)                        (тегі, аты-жөні)

      күні _______________________             күні _______________________

      қолы ____________________             қолы ____________________

  "Теректі аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
3-қосымша

      Нысан

      Бағалау парағы

      _________________ жыл

      (бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)____________________________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ____________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ____________________________________________________________________

      Жеке жоспарды орындау бағасы

Мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

Маңызы

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

Басшының бағалау нәтижелері

Ескерту

1

1 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 ке дейін




2

2 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 ке дейін




3

3 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 ке дейін




4





      Қызметші                              Тікелей басшы

      ___________________________            ___________________________

      (тегі, аты-жөні)                        (тегі, аты-жөні)

      күні _______________________             күні _______________________

      қолы ____________________             қолы ____________________

  "Теректі аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б"
корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
4-қосымша

      Нысан

      Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      ____________________________________________________________________

      (бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең тоқсан және (немесе) жыл)

      Бағалау нәтижелері

Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Бағалау жөніндегі комиссияның ұсыныстары

1.




2.




...




      Бағалау жөніндегі комиссия қорытындысы:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексерген:

      Бағалау жөніндегі комиссия хатшысы: _______________________ Күні: ____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда, қолы)

      Бағалау жөніндегі комиссия төрағасы: _______________________ Күні: ____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      Бағалау жөніндегі комиссия мүшесі: _________________________ Күні: ____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Государственного учреждения "Аппарат Теректинского районного маслихата"

Решение Теректинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 31 марта 2017 года № 11-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 10 апреля 2017 года № 4767. Утратило силу решением Теректинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 30 марта 2018 года № 20-3

      Сноска. Утратило силу решением Теректинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 30.03.2018 № 20-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2016 года №110 "О некоторых вопросах оценки деятельности административных государственных служащих" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 декабря 2016 года № 14637) Теректинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемую методику оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Государственного учреждения "Аппарат Теректинского районного маслихата".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Теректинского районного маслихата" обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата Теректинского районного маслихата В.И.Мустивко.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии М. Утешев
      Секретарь
районного маслихата
А. Нургалиев

  Утверждена решением
Теректинского районного
маслихата от 31 марта 2017 года
№ 11-3

Методика оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Государственного учреждения "Аппарат Теректинского районного маслихата"

1. Общие положения

      1. Настоящая методика оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Государственного учреждения "Аппарат Теректинского районного маслихата" (далее – Методика) разработана в соответствии с пунктом 5 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2016 года № 110 "О некоторых вопросах оценки деятельности административных государственных служащих" (Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 декабря 2016 года № 14637) и определяет алгоритм оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" (далее – служащие корпуса "Б").

      2. Оценка деятельности служащих корпуса "Б" (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.

      3. Оценка проводится по результатам деятельности служащего корпуса "Б" на занимаемой должности:

      1) по итогам квартала (квартальная оценка) – не позднее десятого числа месяца, следующего за отчетным кварталом (за исключением четвертого квартала, оценка которого проводится не позднее десятого декабря);

      2) по итогам года (годовая оценка) – не позднее двадцать пятого декабря оцениваемого года.

      Оценка служащего корпуса "Б" не проводится в случаях, если срок пребывания на занимаемой должности в оцениваемом периоде составляет менее трех месяцев, а также в период испытательного срока.

      Служащие корпуса "Б", находящиеся в социальных отпусках либо периоде временной нетрудоспособности, проходят оценку в течение 5 рабочих дней после выхода на работу.

      4. Квартальная оценка проводится непосредственным руководителем и основывается на оценке исполнения служащим корпуса "Б" должностных обязанностей.

      Непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" является лицо, которому данный служащий подчинен согласно своей должностной инструкции.

      5. Годовая оценка складывается из:

      1) средней оценки служащего корпуса "Б" за отчетные кварталы;

      2) оценки выполнения служащим корпуса "Б" индивидуального плана работы по форме, согласно приложению 1 к настоящей Методике.

      6. Для проведения оценки должностным лицом, имеющим право назначения на государственную должность и освобождения от государственной должности служащего корпуса "Б", создается Комиссия по оценке, рабочим органом которой является главный специалист, в должностные обязанности которого входит ведение кадровой работы государственного учреждения "Аппарат Теректинского районного маслихата" (далее - главный специалист).

      7. Заседание Комиссии по оценке считается правомочным, если на нем присутствовали не менее двух третей ее состава.

      Замена отсутствующего члена или председателя Комиссии по оценке осуществляется по решению уполномоченного лица путем внесения изменения в распоряжение о создании комиссии по оценке.

      8. Решение Комиссии по оценке принимается открытым голосованием.

      9. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии по оценке. При равенстве голосов голос председателя Комиссии по оценке является решающим.

      Секретарем Комиссии по оценке является главный специалист. Секретарь Комиссии по оценке не принимает участие в голосовании.

2. Составление индивидуального плана работы

      10. Индивидуальный план работы составляется служащим корпуса "Б" совместно с его непосредственным руководителем не позднее десятого января оцениваемого года, по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике.

      11. При назначении служащего корпуса "Б" на должность после срока, указанного в пункте 10 настоящей Методики индивидуальный план работы служащего корпуса "Б" на занимаемой должности составляется в течение десяти рабочих дней со дня его назначения на должность.

      12. Количество целевых показателей в индивидуальном плане работы служащего корпуса "Б" составляет не более четырех, которые должны быть конкретными, измеримыми, достижимыми, с определенным сроком исполнения.

      13. Индивидуальный план работы составляется в двух экземплярах. Один экземпляр передается главному специалисту. Второй экземпляр находится у руководителя структурного подразделения служащего корпуса "Б".

3. Подготовка к проведению оценки

      14. Главный специалист формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии по оценке.

      Главный специалист за десять календарных дней до начала проведения оценки обеспечивает своевременное уведомление служащего корпуса "Б", подлежащего оценке, и лиц, осуществляющих оценку, о проведении оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

4. Квартальная оценка исполнения должностных обязанностей

      15. Оценка исполнения должностных обязанностей складывается из базовых, поощрительных и штрафных баллов.

      16. Базовые баллы устанавливаются на уровне 100 баллов за выполнение служащим своих должностных обязанностей.

      17. Поощрительные баллы выставляются за показатели деятельности, превышающие средние объемы текущей работы, а также виды деятельности, являющиеся сложными в содержательном и (или) организационном плане.

      18. Показатели деятельности, превышающие средние объемы текущей работы и сложные виды деятельности определяются государственными органами самостоятельно исходя из своей отраслевой специфики и распределяются по пятиуровневой шкале в порядке возрастания объема и сложности осуществляемой работы. При этом в число поощряемых показателей и видов деятельности могут входить как фиксируемые, так и нефиксируемые в Единой системе электронного документооборота и Интранет-портале государственных органов документы и мероприятия.

      За каждый поощряемый показатель или вид деятельности служащему корпуса "Б" непосредственным руководителем присваиваются в соответствии с утвержденной шкалой от "+1" до "+5" баллов.

      19. Штрафные баллы выставляются за нарушения исполнительской и трудовой дисциплины.

      20. К нарушениям исполнительской дисциплины относятся нарушения сроков исполнения поручений вышестоящих органов, руководства государственного органа, непосредственного руководителя и обращений физических и юридических лиц. Источниками информации о фактах исполнительской дисциплины служат документально подтвержденные сведения от службы документооборота и непосредственного руководителя служащего корпуса "Б".

      21. К нарушениям трудовой дисциплины относятся:

      1) опоздания на работу без уважительной причины;

      2) нарушения служащими служебной этики.

      Источниками информации о фактах нарушения трудовой дисциплины служат документально подтвержденные сведения от главного специалиста и непосредственного руководителя служащего корпуса "Б".

      22. За каждое нарушение исполнительской и трудовой дисциплины служащему корпуса "Б" выставляются штрафные баллы в размере " – 2" балла за каждый факт нарушения.

      23. Для проведения оценки исполнения должностных обязанностей служащий корпуса "Б" представляет для согласования заполненный оценочный лист непосредственному руководителю по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.

      24. Непосредственный руководитель с учетом представленных главным специалистом, службой документооборота сведений о фактах нарушения служащим корпуса "Б" трудовой и исполнительской дисциплины, рассматривает оценочный лист на предмет достоверности представленных в нем сведений, вносит в него корректировки (в случае наличия) и согласовывает его.

      25. После согласования непосредственным руководителем оценочный лист подписывается служащим корпуса "Б".

      Отказ служащего корпуса "Б" от подписания оценочного листа не является препятствием для направления документов на заседание Комиссии по оценке. В этом случае главным специалистом и непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

      26. Итоговая квартальная оценка служащего корпуса "Б" вычисляется непосредственным руководителем по следующей формуле:

     


      где

– квартальная оценка;

      а – поощрительные баллы;

      в – штрафные баллы.

      27. Итоговая квартальная оценка выставляется по следующей шкале: менее 80 баллов – "неудовлетворительно", от 80 до 105 (включительно) баллов – "удовлетворительно", от 106 до 130 (включительно) баллов – "эффективно", свыше 130 баллов – "превосходно".

5. Годовая оценка

      28. Для проведения годовой оценки служащий корпуса "Б" направляет для согласования заполненный оценочный лист выполнения индивидуального плана работы непосредственному руководителю по форме согласно приложению 3 к настоящей Методике.

      29. Непосредственный руководитель рассматривает оценочный лист на предмет достоверности представленных в нем сведений, вносит в него корректировки (в случае наличия) и согласовывает его.

      30. Оценка выполнения индивидуального плана работы выставляется по следующей шкале:

      за невыполнение целевого показателя, предусмотренного индивидуальным планом работы, присваивается 2 балла;

      за частичное выполнение целевого показателя – 3 балла;

      за выполнение целевого показателя (достижение ожидаемого результата) – 4 балла;

      за превышение ожидаемого результата целевого показателя – 5 баллов.

      31. После согласования непосредственным руководителем оценочный лист заверяется служащим корпуса "Б".

      Отказ от подписания оценочного листа служащего корпуса "Б" не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии по оценке. В этом случае главным специалистом и непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

      32. Итоговая годовая оценка служащего корпуса "Б" вычисляется главным специалистом не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по оценке по следующей формуле:

     

,

      где:

     

– годовая оценка;

     

– средняя оценка за отчетные кварталы (среднеарифметическое значение). При этом полученное среднеарифметическое значение квартальных оценок с учетом шкалы, указанной в пункте 27 настоящей Методики, приводится к пятибалльной системе оценок, а именно:

      значению "неудовлетворительно" (менее 80 баллов) присваиваются 2 балла,

      значению "удовлетворительно" (от 80 до 105 баллов) – 3 балла,

      значению "эффективно" (от 106 до 130 (включительно) баллов) – 4 балла,

      значению "превосходно" (свыше 130 баллов) – 5 баллов;

     

– оценка выполнения индивидуального плана работы (среднеарифметическое значение).

      33. Итоговая годовая оценка выставляется по следующей шкале: менее 3 баллов – "неудовлетворительно", от 3 баллов до 3,9 баллов – "удовлетворительно", от 4 баллов до 4,9 баллов – "эффективно", 5 баллов – "превосходно".

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией по оценке

      34. Главный специалист обеспечивает проведение заседания Комиссии по оценке по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии по оценке.

      Главный специалист предоставляет на заседание Комиссии по оценке следующие документы:

      1) заполненные оценочные листы;

      2) должностная инструкция служащего корпуса "Б";

      3) проект протокола заседания Комиссии по оценке по форме согласно приложению 4 к настоящей Методике.

      35. Комиссия по оценке рассматривает результаты квартальных и годовой оценки и принимает одно из следующих решений:

      1) утвердить результаты оценки;

      2) пересмотреть результаты оценки.

      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия по оценке корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе.

      36. Главный специалист ознакамливает служащего корпуса "Б" с результатами оценки в течение двух рабочих дней со дня ее завершения.

      Ознакомление служащего корпуса "Б" с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.

      Отказ служащего корпуса "Б" от ознакомления не является препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае главным специалистом в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

      37. Документы, указанные в пункте 34 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии по оценке хранятся у главного специалиста.

7. Обжалование результатов оценки

      38. Обжалование решения Комиссии по оценке служащим корпуса "Б" в уполномоченном органе по делам государственной службы или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.

      39. Уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего корпуса "Б" осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений установленного законодательством порядка проведения оценки рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии по оценке.

      40. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент.

      41. Служащий корпуса "Б" вправе обжаловать результаты оценки в суде.

8. Принятие решений по результатам оценки

      42. Результаты оценки являются основаниями для принятия решений по выплате бонусов и обучению.

      43. Бонусы выплачиваются служащим корпуса "Б" с результатами оценки "превосходно" и "эффективно".

      44. Обучение (повышение квалификации) служащего корпуса "Б" проводится по направлению, по которому деятельность служащего корпуса "Б" по итогам годовой оценки признана неудовлетворительной.

      Служащий корпуса "Б" направляется на курсы повышения квалификации в течение трех месяцев после утверждения Комиссией по оценке результатов годовой оценки его деятельности.

      45. Служащий корпуса "Б", получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.

      46. Результаты оценки служащего корпуса "Б" по итогам двух лет подряд со значением "неудовлетворительно" являются основанием для принятия решения о понижении его в должности. При отсутствии любой вакантной нижестоящей должности служащий корпуса "Б" увольняется в порядке, установленном законодательством.

      47. Результаты оценки деятельности служащих корпуса "Б" вносятся в их послужные списки.

  Приложение 1
к методике оценки деятельности
административных
государственных служащих
корпуса "Б" Государственного
учреждения "Аппарат
Теректинского районного
маслихата"

      Форма

      Индивидуальный план работы

      административного государственного служащего корпуса "Б"

      _________________________________________________год

      (период, на который составляется индивидуальный план)

      Фамилия, имя, отчество (при его наличии) служащего _________________

      Должность служащего: ________________________________________________

      Наименование структурного подразделения служащего: __________________


Целевые показатели *

Ожидаемый результат

1

Целевой показатель 1


2

Целевой показатель 2


3

Целевой показатель 3


4


      Примечание:

      * Целевые показатели определяются с учетом их направленности на достижение стратегической цели (целей) государственного органа, а в случае ее (их) отсутствия, исходя из функциональных обязанностей служащего.

      Количество целевых показателей составляет не более четырех, из них не менее половины измеримых.

      Служащий                                    Непосредственный руководитель

      ____________________________                  ______________________________

      (фамилия, инициалы)                        (фамилия, инициалы)

      дата _________________________             дата ____________________________

      подпись ______________________             подпись _________________________

  Приложение 2
к методике оценки деятельности
административных
государственных служащих
корпуса "Б" Государственного
учреждения "Аппарат
Теректинского районного
маслихата"

      Форма

      Оценочный лист

      ____________________квартал ____ года

      (оцениваемый период)

      Фамилия, имя, отчество (при его наличии) оцениваемого служащего: _____________________________________________

      Должность оцениваемого служащего: ___________________________________

      Наименование структурного подразделения оцениваемого служащего: _______________________________________________________________

      Оценка исполнения должностных обязанностей:

Самооценка служащего

Оценка непосредственного руководителя

Примечание

Сведения о поощряемых показателях и видах деятельности

Сведения о фактах нарушения исполнительской дисциплины

Сведения о фактах нарушения трудовой дисциплины

Сведения о поощряемых показателях и видах деятельности

Сведения о фактах нарушения исполнительской дисциплины

Сведения о фактах нарушения трудовой дисциплины


1








2








3









Результат самооценки:

Результат оценки:


      Служащий                                    Непосредственный руководитель

      ____________________________                  ______________________________

      (фамилия, инициалы)                              (фамилия, инициалы)

      дата _________________________             дата ____________________________

      подпись ______________________             подпись _________________________

  Приложение 3
к методике оценки деятельности
административных
государственных служащих
корпуса "Б" Государственного
учреждения "Аппарат
Теректинского районного
маслихата"

      Форма

      Оценочный лист

      _____________________ год

      (оцениваемый год)

      Фамилия, имя, отчество (при его наличии) оцениваемого служащего: _____________________________________________

      Должность оцениваемого служащего: ___________________________________

      Наименование структурного подразделения оцениваемого служащего: ___________________________________________________________________

      Оценка выполнения индивидуального плана работы:

Результат целевого показателя

Значение

Результаты самооценки служащего

Результаты оценки руководителя

Примечание

1

Результат целевого показателя 1

от 2 до 5




2

Результат целевого показателя 2

от 2 до 5




3

Результат целевого показателя 3

от 2 до 5




4





      Служащий                                    Непосредственный руководитель

      ____________________________                  ______________________________

      (фамилия, инициалы)                        (фамилия, инициалы)

      дата _________________________             дата ____________________________

      подпись ______________________             подпись _________________________

  Приложение 4
к методике оценки деятельности
административных
государственных служащих
корпуса "Б" Государственного
учреждения "Аппарат
Теректинского районного
маслихата"

      Форма

      Протокол заседания Комиссии по оценке

      ____________________________________________________________________

      (наименование государственного органа)

      ____________________________________________________________________

      (вид оценки: квартальная/годовая и оцениваемый период (квартал и (или) год)

      Результаты оценки

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) служащих

Сведения о результатах оценки

Рекомендации Комиссии по оценке

1.




2.




...




      Заключение Комиссии по оценке: _____________________________________________________________________

      Проверено:

      Секретарь Комиссии по оценке: ________________________ Дата: ___________

      (фамилия, инициалы, подпись)

      Председатель Комиссии по оценке: _____________________ Дата: ___________

      (фамилия, инициалы, подпись)

      Член Комиссии по оценке: ____________________________ Дата: ___________

      (фамилия, инициалы, подпись)