"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 218-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына және 676-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес резиденттікті растайтын құжаттың нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістері және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманың нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 38 бұйрығына 1-қосымша нысан |
(Бланк)
Резиденттікті растайтын құжат
Certificate of residence
Қазақстан Республикасының құзырлы органы _____________________ 20__________ жылғы "___" _________ бастап ____________________ жеке сәйкестендіру нөмірін/бизнес сәйкестендіру нөмірін (ЖСН/БСН) берумен Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатындығын растайды.
Competent authority of the Republic of Kazakhstan certifies that ______________ is resident of the Republic of Kazakhstan since "___"___________20___ with assignment of the identification number _____________________________________________________________.
Осы резиденттікті растайтын құжат Қазақстан Республикасының ________________________ – мен жасалған табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдану үшін / өзге мақсаттар ____________________________________________________________________ үшін берілді.
(қандай мақсаттар үшін көрсетілсін)
The certificate of residence is issued for the application of the Convention between the Republic of Kazakhstan and ____________________ for the avoidance of double taxation and the prevention of fiscal evasion with respect to taxes on income and capital/ for other purposes _______________________________________________________________________________.
(specify)
Осы резидеттікті растайтын құжат ____________ жылға берілді.
The certificate of residence is issued for _________.
М.О. Seal | Лауазымы _____________________ Position _____________________ Т.А.Ә. (ол болған кезде) ______ ______________________________ Name, Surname, Middle name if it is available __________________ _____________________________ Қолы ________________________ Signature ____________________ Беру күні _______ жылғы "___"____________ Date "___" ______________ _______ |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 38 бұйрығына 2-қосымша нысан |
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.04.2021 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
(Бланк)
_____ жылға, _____ тоқсанға, _____айына Қазақстан Республикасындағы көздерден
алынған кірістері және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомасы туралы
анықтамасы
Certificate on amounts of income received from sources in the Republic of Kazakhstan and
amounts of withheld (paid) taxes for _____, year,_____ quarter,_____ month
Бейрезидент-заңды тұлғаның, не бейрезидент-жеке тұлғаның толық атауы/ Full name of
the non-resident legal entity or non-resident natural person:
__________________________________________________________________________
Салық төлеушінің санаты/Category of the taxpayer:
Тұрақты мекемесіз қызмет атқаратын бейрезидент-заңды тұлға/non-resident legal entity
without permanent establishment
Тұрақты мекеме арқылы қызмет атқаратын бейрезидент-заңды тұлға/ non-resident legal
entity with permanent establishment
Бейрезидент-жеке тұлға/non-resident natural person ______________________________
Резидеттік елі/Country of residence: ___________________________________________
Резиденттік еліндегі тіркеу нөмірі/Tax registration number in the country of residence:
__________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің
аумақтық органының толық атауы) пайдаға (табысқа) төленген салықты растайды/өзге
салық салу объектісінің қорытынды сомасы:__________________
(Full name of the territorial authority of State Revenue Committee of the Ministry of Finance
of the Republic of Kazakhstan)certifies that the tax on profits (income)/other subject of
taxation has been paid in the total amount of:_______________________
Валюта коды/Currency code
Табыс түрі Type of income | Табыс сомасы Amount of income | Салық атауы/Name of tax | Салық мөлшерлемесі Tax rate | Ұстап қалған салық сомасы Amount of tax withheld | Төленген салық сомасы Amount of tax paid |
Қорытынды сомасы Total amount |
Мемлекеттік кірістер органының
басшысы (басшының орынбасары) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/
Head (deputy head) of state revenue authority (Name, Surname, Middle name if it is available
_________________________________________________________________/
Мөр/Seal