БҰЙЫРАМЫН:
1. "Резиденттікті растайтын құжаттың және Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістері және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 38 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16322 болып тіркелді, 2018 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер мен ұсталған (төленген) салықтар туралы есеп нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 297 Бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы "19" ақпандағы № 38 бұйрығына 2-қосымша |
|
нысан |
(Бланк)
_____ жылға, _____ тоқсанға, _____айына Қазақстан Республикасындағы көздерден
алынған кірістері және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомасы туралы
анықтамасы
Certificate on amounts of income received from sources in the Republic of Kazakhstan and
amounts of withheld (paid) taxes for _____, year,_____ quarter,_____ month
Бейрезидент-заңды тұлғаның, не бейрезидент-жеке тұлғаның толық атауы/ Full name of
the non-resident legal entity or non-resident natural person:
__________________________________________________________________________
Салық төлеушінің санаты/Category of the taxpayer:
Тұрақты мекемесіз қызмет атқаратын бейрезидент-заңды тұлға/non-resident legal entity
without permanent establishment
Тұрақты мекеме арқылы қызмет атқаратын бейрезидент-заңды тұлға/ non-resident legal
entity with permanent establishment
Бейрезидент-жеке тұлға/non-resident natural person ______________________________
Резидеттік елі/Country of residence: ___________________________________________
Резиденттік еліндегі тіркеу нөмірі/Tax registration number in the country of residence:
__________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің
аумақтық органының толық атауы) пайдаға (табысқа) төленген салықты растайды/өзге
салық салу объектісінің қорытынды сомасы:__________________
(Full name of the territorial authority of State Revenue Committee of the Ministry of Finance
of the Republic of Kazakhstan)certifies that the tax on profits (income)/other subject of
taxation has been paid in the total amount of:_______________________
Валюта коды/Currency code
Табыс түрі Type of income | Табыс сомасы Amount of income | Салық атауы/Name of tax | Салық мөлшерлемесі Tax rate | Ұстап қалған салық сомасы Amount of tax withheld | Төленген салық сомасы Amount of tax paid |
Қорытынды сомасы Total amount |
Мемлекеттік кірістер органының
басшысы (басшының орынбасары) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/
Head (deputy head) of state revenue authority (Name, Surname, Middle name if it is available
_________________________________________________________________/
Мөр/Seal