"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 466-бабы 2-тармағына және 467-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.12.2022 № 1336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кедендік сараптаманы өзге уәкілетті сараптама ұйыммен (сарапшымен) жүргізу үшін тағайындау қағидасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) кедендік сараптаманы жүргізуге тарту қағидасы бекітілсін.
2. Мыналар:
1) "Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыларды (мамандарды) кедендік сараптама жүргізуге тартудың қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 391 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6431 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 4 қыркүйекте № (23204) жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 139 бұйрығымен бекітілген, оларға өзгерістер енгізілетін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтары тізбесінің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13622 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде 2016 жылы 7 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 77 бұйрығына 1-қосымша |
Кедендік сараптаманы өзге уәкілетті сараптама ұйымы (сарапшы) жүргізу үшін тағайындау қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.12.2022 № 1336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кедендік сараптаманы өзге уәкілетті сараптама ұйымы (сарапшы) жүргізу үшін тағайындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 466-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік сараптаманы өзге уәкілетті сараптама ұйымы (сарапшы) жүргізу үшін тағайындау тәртібін айқындайды.
2-тарау. Кедендік сараптаманы өзге уәкілетті сараптама ұйымы (сарапшы) жүргізу үшін тағайындау тәртібі
2. Кедендік сараптама тауарларға, кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарға, сондай-ақ осындай тауарлар мен құжаттарды сәйкестендіру құралдарына қатысты тағайындалады.
3. Кедендік сараптаманы мемлекеттік кірістер органы тағайындайды.
Кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімді мемлекеттік кірістер органы уәкілетті кеден органынан өзге уәкілетті сараптама ұйымдарын (сарапшыларды) тартудың мүмкін еместігі туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
4. Кедендік сараптаманы жүргізу үшін өзге уәкілетті сараптама ұйымдарын (сарапшыларды) таңдау Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 77 бұйрығына 2-қосымша |
Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) кедендік сараптама жүргізуге тарту қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.12.2022 № 1336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) кедендік сараптаманы жүргізуге тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 467-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) (бұдан әрі – сарапшы (маман)) кедендік сараптама жүргізуге тарту тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік кірістер органдары кедендік операцияларды жасаған және (немесе) кедендік бақылау жүргізген кезде туындайтын, арнайы және (немесе) ғылыми білімді талап ететін мәселелерді түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер органы кедендік сараптаманы тағайындайды.
2-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) кедендік сараптаманы жүргізуге тарту тәртібі
3. Уәкілетті мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу" Заңына сәйкес арнайы және (немесе) ғылыми білімді пайдалана отырып жүргізетін, зерттеулер және (немесе) сынақтар бойынша қызметтерді көрсетуіне сарапшылардың (мамандардың) ұсынуына мемлекеттік сатып алуды жүргізеді.
4. Жүргізілген мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша уәкілетті мемлекеттік кірістер органы мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы деп танылған сарапшымен (маманмен) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) сәйкес шарт жасасады.
5. Сарапшы (маман) жүргізілген кедендік сараптама нәтижелері бойынша Кодекстің 469-бабында белгіленген талаптарға сәйкес қорытынды жасайды және кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органына құрастырған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді.
6. Кедендік сараптаманы жүргізуге арналған шығыстары Кодекстің 466-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
Сарапшының (маманның) кедендік сараптаманы жүргізу нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде кедендік сараптаманы жүргізуге байланысты туындаған шығыстар кедендік сараптама жүргізілетін тауарларға және (немесе) құжаттарға қатысты тұлғаның қаражаты есебінен өтеледі.