Мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасын, сондай-ақ оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 100 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 ақпанда № 16380 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 451-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасы, сондай-ақ оның жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 244 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10945 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 100 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасы, сондай-ақ оның жұмыс істеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.11.2019 № 1215 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасы, сондай-ақ оның қызмет ету қағидалары (бұдан әрі – Стратегия) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 451-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Стратегияның мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін іске асырудың және одан әрі жетілдірудің, басқарудың бірыңғай тәсілдерін белгілеу болып табылады.

      3. Стратегия санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, карантиндік, фитосанитариялық, радиациялық бақылау (қадағалау) саласындағы тәуекелдерді қоспағанда, тәуекелдерді басқару жүйесінің (бұдан әрі – ТБЖ) жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      4. Осы Стратегияның мақсаттары үшін мынадай ұғым пайдаланылады:

      1) тәуекел бейінін өзектендіру — тәуекел бейінінде қамтылған мәліметтерге өзгерістер енгізу не тәуекел бейінін жою.

2-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың стратегиясы

      5. Мемлекеттік кірістер органдарында ТБЖ қолданудың стратегиясы мынадай негізгі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:

      1) кедендік бақылаудың тиімділігін қамтамасыз ету;

      2) деңгейі жоғары тәуекел салаларына назарды шоғырландыру және мемлекеттік кірістер органдарының ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

      3) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қолдану қажеттілігі анықталмаған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуді жеделдету және оңайлату үшін жағдай жасау.

      6. ТБЖ қолданудың стратегиясы мынадай негізгі қағидаттарды ескере отырып жүзеге асырылады:

      1) кеден заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

      2) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін тұлғалардың, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;

      3) кедендік бақылаудың барлық сатыларында ТБЖ бірыңғай қолдануды сақтау;

      4) ТБЖ құқық бұзушылықтың алдын алуға және (немесе) құқық бұзушылықты анықтау және тәуекелді барынша азайту мақсатында кедендік бақылау объектілерін таңдауға бағытталуын қамтамасыз ету;

      5) қолда бар ақпарат негізінде ТБЖ қалыптастыру;

      6) құпия болып табылмайтын ақпараттың айқындығын және ашықтығын қамтамасыз ету;

      7) ТБЖ жүйелілігін, құрылымдылығын қамтамасыз ету және тәуекел бейіндерін уақытылы өзектендіруді жүргізу;

      8) субъектке бағытталған тәсілді қолдану мақсатында Кодекстің 452-бабы 2-тармағына сәйкес тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды саралап қолдану.

3-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тактикасы, сондай-ақ оның жұмыс істеу тәртібі

      7. ТБЖ қолдану тактикасы кедендік бақылаудың барлық сатыларында тәуекелдерді басқару процесін іске асыруды қарастырады және Стратегияның 5-тармағында көзделген мақсаттарды ескере отырып, мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдері басқару бойынша қызметін жоспарлауға және ұйымдастыруға, сондай-ақ кедендік операциялар мен кедендік бақылау сатыларына байланысты тәуекелдерге ықпал етуді ұйымдастыру үшін мемлекеттік кірістер органдарының ресуртарын оңтайлы бөлуге негізделеді.

      8. Мемлекеттік кірістер органдары ТБЖ тауарларды, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, кедендік бақылауға жататын құжаттар мен адамдарды, сондай-ақ оларға қолданылатын тәуекелдерді барынша азайту шараларын және кедендік бақылауды жүргізу дәрежесін айқындау үшін қолданады.

      9. Кедендік бақылау кезінде ТБЖ қолдану екі бағытта: тауарлар шығарылғанға дейін және тауарлар шығарылғаннан кейін жүзеге асырылады.

      10. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде ТБЖ жұмыс істеу тәртібі Кодекстің 452-бабы 1-тармағында көрсетілген тәуекелдерді басқару процесіне негізделеді.


Об утверждении стратегии и тактики применения органами государственных доходов системы управления рисками, а также Правил ее функционирования

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 100. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 февраля 2018 года № 16380.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 451 Кодекса Республики Казахстан от 26 декабря 2017 года "О таможенном регулировании в Республике Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые стратегию и тактику применения органами государственных доходов системы управления рисками, а также Правила ее функционирования.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 244 "Об утверждении Правил применения системы управления рисками в органах государственных доходов Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10945, опубликованный 19 мая 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Тенгебаев А.М.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
Б. Султанов

  Утверждены приказом
Министра финансов
Республики Казахстан
от 1 февраля 2018 года № 100

Стратегия и тактика применения органами государственных доходов системы управления рисками, а также Правила ее функционирования

      Сноска. Стратегия и тактика в редакции приказа Первого заместителя Премьер-Министра РК – Министра финансов РК от 04.11.2019 № 1215 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Стратегия и тактика применения органами государственных доходов системы управления рисками, а также Правила ее функционирования (далее – Стратегия) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 451 Кодекса Республики Казахстан от 26 декабря 2017 года "О таможенном регулировании в Республике Казахстан" (далее – Кодекс).

      2. Целью Стратегии является установление единых подходов к управлению, реализации и дальнейшему совершенствованию системы управления рисками в органах государственных доходов Республики Казахстан.

      3. Стратегия определяет порядок функционирования системы управления рисками (далее – СУР), за исключением рисков в области санитарно-эпидемиологического, ветеринарного, карантинного, фитосанитарного, радиационного контроля (надзора).

      4. Для целей настоящей Стратегии используется следующее понятие:

      1) актуализация профиля риска – внесение изменений в сведения, содержащиеся в профиле риска, либо отмена профиля риска.

Глава 2. Стратегия применения системы управления рисками

      5. Стратегия применения СУР в органах государственных доходов направлена на достижение основных целей:

      1) обеспечение эффективности таможенного контроля;

      2) сосредоточение внимания на областях риска с высоким уровнем и обеспечение эффективного использования ресурсов органов государственных доходов;

      3) создание условий для ускорения и упрощения перемещения через таможенную границу Евразийского экономического союза товаров, по которым не выявлена необходимость применения мер по минимизации рисков.

      6. Стратегия применения СУР осуществляется с учетом следующих основных принципов:

      1) обеспечение соблюдения требований таможенного законодательства;

      2) обеспечение прав, свобод и законных интересов лиц, перемещающих товары через таможенную границу Евразийского экономического союза, а также лиц, осуществляющих деятельность в сфере таможенного дела;

      3) соблюдение единого применения СУР на всех этапах таможенного контроля;

      4) обеспечение направления СУР на профилактику правонарушений и (или) выбор объектов таможенного контроля с целью выявления правонарушений и минимизации рисков;

      5) формирование СУР на основе имеющейся информации;

      6) обеспечение прозрачности и открытости информации не являющейся конфиденциальной;

      7) обеспечение систематичности, структурированности СУР и проведение своевременной актуализации профилей рисков;

      8) дифференцированного применения мер по минимизации рисков в соответствии с пунктом 2 статьи 452 Кодекса в целях использования субъектно-ориентированного подхода.

Глава 3. Тактика применения органами государственных доходов системы управления рисками, а также порядок ее функционирования

      7. Тактика применения СУР предусматривает реализацию процесса управления рисками на всех этапах таможенного контроля и основывается на планировании и организации деятельности органов государственных доходов по управлению рисками с учетом целей, предусмотренных пунктом 5 Стратегии, а также оптимальном распределении ресурсов органов государственных доходов для организации воздействия на риски в зависимости от таможенных операций и этапов таможенного контроля.

      8. Органы государственных доходов применяют СУР для определения товаров, транспортных средств международной перевозки, документов и лиц, подлежащих таможенному контролю, а также мер по минимизации риска, применяемых к ним, и степени проведения таможенного контроля.

      9. Применение СУР при таможенном контроле осуществляется в двух направлениях: до выпуска товаров и после выпуска товаров.

      10. Порядок функционирования СУР при проведении таможенного контроля основывается на процессе управления рисками, предусмотренным пунктом 1 статьи 452 Кодекса.