"Мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасын, сондай-ақ оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 1215 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 қарашада № 19560 болып тіркелді

      2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 451-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасын, сондай-ақ оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16380 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 ақпанда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасы, сондай-ақ оның жұмыс істеу Қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары-
Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 4 қарашадағы
№ 1215 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 100 бұйрығымен
Бекітілген

Мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасы, сондай-ақ оның жұмыс істеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасы, сондай-ақ оның қызмет ету қағидалары (бұдан әрі – Стратегия) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 451-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Стратегияның мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін іске асырудың және одан әрі жетілдірудің, басқарудың бірыңғай тәсілдерін белгілеу болып табылады.

      3. Стратегия санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, карантиндік, фитосанитариялық, радиациялық бақылау (қадағалау) саласындағы тәуекелдерді қоспағанда, тәуекелдерді басқару жүйесінің (бұдан әрі – ТБЖ) жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      4. Осы Стратегияның мақсаттары үшін мынадай ұғым пайдаланылады:

      1) тәуекел бейінін өзектендіру — тәуекел бейінінде қамтылған мәліметтерге өзгерістер енгізу не тәуекел бейінін жою.

2-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың стратегиясы

      5. Мемлекеттік кірістер органдарында ТБЖ қолданудың стратегиясы мынадай негізгі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:

      1) кедендік бақылаудың тиімділігін қамтамасыз ету;

      2) деңгейі жоғары тәуекел салаларына назарды шоғырландыру және мемлекеттік кірістер органдарының ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

      3) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қолдану қажеттілігі анықталмаған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуді жеделдету және оңайлату үшін жағдай жасау.

      6. ТБЖ қолданудың стратегиясы мынадай негізгі қағидаттарды ескере отырып жүзеге асырылады:

      1) кеден заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

      2) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін тұлғалардың, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;

      3) кедендік бақылаудың барлық сатыларында ТБЖ бірыңғай қолдануды сақтау;

      4) ТБЖ құқық бұзушылықтың алдын алуға және (немесе) құқық бұзушылықты анықтау және тәуекелді барынша азайту мақсатында кедендік бақылау объектілерін таңдауға бағытталуын қамтамасыз ету;

      5) қолда бар ақпарат негізінде ТБЖ қалыптастыру;

      6) құпия болып табылмайтын ақпараттың айқындығын және ашықтығын қамтамасыз ету;

      7) ТБЖ жүйелілігін, құрылымдылығын қамтамасыз ету және тәуекел бейіндерін уақытылы өзектендіруді жүргізу;

      8) субъектке бағытталған тәсілді қолдану мақсатында Кодекстің 452-бабы 2-тармағына сәйкес тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды саралап қолдану.

3-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тактикасы, сондай-ақ оның жұмыс істеу тәртібі

      7. ТБЖ қолдану тактикасы кедендік бақылаудың барлық сатыларында тәуекелдерді басқару процесін іске асыруды қарастырады және Стратегияның 5-тармағында көзделген мақсаттарды ескере отырып, мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдері басқару бойынша қызметін жоспарлауға және ұйымдастыруға, сондай-ақ кедендік операциялар мен кедендік бақылау сатыларына байланысты тәуекелдерге ықпал етуді ұйымдастыру үшін мемлекеттік кірістер органдарының ресуртарын оңтайлы бөлуге негізделеді.

      8. Мемлекеттік кірістер органдары ТБЖ тауарларды, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, кедендік бақылауға жататын құжаттар мен адамдарды, сондай-ақ оларға қолданылатын тәуекелдерді барынша азайту шараларын және кедендік бақылауды жүргізу дәрежесін айқындау үшін қолданады.

      9. Кедендік бақылау кезінде ТБЖ қолдану екі бағытта: тауарлар шығарылғанға дейін және тауарлар шығарылғаннан кейін жүзеге асырылады.

      10. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде ТБЖ жұмыс істеу тәртібі Кодекстің 452-бабы 1-тармағында көрсетілген тәуекелдерді басқару процесіне негізделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады