"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 98 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 ақпанда № 16388 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 190-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтары күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Тенгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электрондық және қағаз түріндегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 98 бұйрығымен бекітілген

"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 190-бабының 4-тармағына, сондай-ақ "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар "Заңының 2-бабының 2-тармағына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлерге (бұдан әрі - дара кәсіпкер) қолданылады.

      3. Қағидалар салық есепке алуды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін, бастапқы есеп құжаттарының нысандарын, бастапқы есеп құжаттарын жасауға және сақтауға қойылатын талаптарды көздейді.

2-тарау. Салық есебін ұйымдастыру

      4. Дара кәсіпкер салық есебін ұйымдастыруды, оның ішінде бастапқы есеп құжаттарын жасауды, сақтауды, сондай-ақ түгендеу жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Салық есебінің қанағаттанарлық емес жай-күйі немесе бастапқы есеп құжаттары жоғалған жағдайда, дара кәсіпкерлер оларды қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.

      5. Операциялар мен оқиғалар бастапқы есеп құжаттарының түпнұсқаларын қоса бере отырып, салық есебінде көрсетіледі.

      6. Дара кәсіпкер операцияларды және кассадағы ақшаны есепке алуды қамтамасыз етеді. Операцияларды және кассадағы ақшаны есепке алуды дара кәсіпкердің өзі және (немесе) дара кәсіпкер уәкілеттік берген тұлға-кассир жүзеге асырады.

      7. Бастапқы есеп құжаттарына қол қоюға құқығы бар қызметкерлерді айқындау жазбаша нысанда құжатпен бекітіледі. Бұл ретте қызметкердің лауазымына, ақша сомасының мөлшеріне, іс-қимыл саласы мен операция мәніне байланысты қол қою құқығының иерархиясы белгіленеді.

      Жоғарыда көрсетілген құжат болмаған кезде бастапқы есеп құжаттарына қол қою құқығына және оларда операцияларды көрсетудің дұрыстығына жауапкершілік дара кәсіпкерге жүктеледі.

3-тарау. Салық есебін жүргізу

1-параграф. Есепке алу құжаттамасы

      9. Дара кәсіпкер Салық кодексінің 23 және 24-тарауларына сәйкес, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес салық есебін жүргізуді жүзеге асырады.

      10. Салық кодексінің 190-бабының 2-тармағына сәйкес дара кәсіпкердің есепке алу құжаттамасы:

      бастапқы есепке алу құжаттарын;

      салықтық нысандарды;

      салықтық есепке алу саясатын;

      салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салықтық міндеттемені есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттарды қамтиды.

      11. Есепке алу құжаттамасында түзету жазбалары жүргізілген кезде операцияның мазмұны және түзету себептері ашылады. Түзету жазбалары дара кәсіпкердің қолы қойылған, ерікті нысанда жазылған анықтамамен ресімделеді.

2-параграф. Бастапқы есеп құжаттарының нысандары және оларды жасауға қойылатын талаптар

      12. Салық кодексінің 201-бабының 2) тармақшасына сәйкес салық есебін жүргізу мақсатында дара кәсіпкер бастапқы есеп құжаттарын жасайды.

      Дара кәсіпкерлердің бастапқы есеп құжаттарын жасауы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10954 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп жүргізу қағидалары) 22 - 36 тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

      13. Бастапқы есеп құжаттары операция немесе оқиға болған күні не олар аяқталғаннан кейін жасалады.

      14. Бастапқы есеп құжаттары Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы Ережесімен белгіленген талаптарға сәйкес жасалады.

      Бұл ретте, бастапқы есеп құжаттары бухгалтерлік есеп шоттары көрсетілмей мемлекеттік және (немесе) орыс тілінде жасалады.

      15. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысандары және оларға қойылатын талаптар бекітілмеген бастапқы есеп құжаттарын дара кәсіпкер Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес дербес әзірлейді.

3-параграф. Салық нысандары

      16. Салықтық нысандар салық есептілігін, салықтық өтінішті және салық тіркелімдерін қамтиды.

      17. Салықтық нысандарды жасау тәртібі мен сақтау мерзімі Салық кодексінің 204 және 205-баптарында қарастырылған.

      18. Салықтық есептілік салық төлеушінің (салық агентінің) Салық кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес ұсынылатын құжаты болып табылады, онда салық төлеуші (салық агенті), салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, активтер мен міндеттемелер туралы, сондай-ақ салықтық міндеттемелер мен әлеуметтік төлемдерді есептеу туралы мәліметтер қамтылады.

      Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын Салық кодексінің 206-бабы 2-тармағына сәйкес уәкiлеттi орган бекітеді.

      19. Салық есептілігінің түрлері, оларды жасау, керi қайтарып алу, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі, салық есептілігінің жеке нысандарын жасау ерекшеліктері, сондай-ақ салық төлеушінің салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту және салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта жаңарту) тәртібі Салық кодексінің 206, 207, 208, 209, 210, 211, 212, 213 және 214-баптарына сәйкес белгіленеді.

      20. Салықтық өтініш Салық кодексінде белгіленген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) өз құқықтарын іске асыру және міндеттерін орындау мақсатында салық органына ұсынатын құжаты болып табылады.

      21. Дара кәсіпкер салықтық өтінішті Салық кодексінің 206-бабы 1-тармағына сәйкес уәкілетті органымен бекітілген нысанда толтырады.

      22. Салықтық өтінішті табыс ету тәртібі Салық кодексінің 208-бабымен қарастырылған.

      23. Салық тіркелімі салық төлеушінің (салық агентінің) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді қамтитын құжаты болып табылады.

      Салық тіркелімдері Салық кодексінің 190-бабының 5-тармағында көрсетілген салықтық есепке алу мақсаттарын қамтамасыз ету үшін ақпаратты жинақтау мен жүйелеуге арналған.

      24. Салық тіркелімдеріндегі жазулар бастапқы есеп құжаттары негізінде жүргізіледі.

      25. Дара кәсіпкердің салық тіркелімдері:

      1) Салық кодексінің 190-бабының ережелерін ескере отырып, салықтық есепке алу саясатында олар белгілеген нысандар бойынша дара кәсіпкер өзі жасайтын салық тіркелімдерін;

      2) Салық кодексінің 215-бабы 5-тармағына сәйкес дара кәсіпкер жасайтын салық тіркелімдерін қамтиды.

4-параграф. Салықтық есепке алу саясаты

      26. Салықтық есепке алу саясаты дара кәсіпкер қабылдаған, Салық кодексінің талаптарын сақтай отырып, салық есебін жүргізу тәртібін белгілейтін құжат болып табылады.

      27. Дара кәсіпкер Салық кодексінің 190-бабы 7-тармағына сәйкес уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық есепке алу саясатын бекітеді.

      28. Салықтық есепке алу саясатын дара кәсіпкер Салық кодексінің 191-бабында қарастырылған талаптарға сәйкес жасайды.

4-тарау. Салықтық есепке алудың ерекшеліктері

      29. Дара кәсіпкер салық есебін және салық міндеттемелерін анықтау мен орындау тәртібін жүргізу мақсатында Салық кодексінің 201-бабында қарастырылған салық есебінің негізгі ұғымдары қолданылады.

      30. Дара кәсіпкер шетелдік валютада жасалған операцияларды операция жасалған күнгі валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып теңгеде қайта есептейді. Бағам айырмашылығы салық салу мақсатында ескерілмейді.

      31. Дара кәсіпкердің тауар-материалдық қорларды есепке алуы Салық кодексінің 203-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. Дара кәсіпкерлердің мүлік салығын салу объектілері бойынша салық салу объектісі мен салық базасы, тиісінше, Салық кодексінің 519-бабы 2-тармағы мен 520-бабы 6-тармағында қарастырылған.

      33. Салық есебінде дара кәсіпкердің табыстарын тану ерекшеліктері Салық кодексінің 682-бабында қарастырылған.

5-тарау. Түгендеу жүргізу тәртібі

      34. Салық есебі деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында дара кәсіпкер белгілеген тәртіпте активтер мен міндеттемелерге түгендеу жүргізіледі.

      35. Орналасқан орнына қарамастан, сондай – ақ дара кәсіпкерге тиесілі емес, бірақ жауапты сақтаудағы, шартқа сәйкес жалға алынған, қайта өңдеу үшін алынған, комиссияға қабылданған барлық мүлік, сондай-ақ қандай да бір себептермен есепке алынбаған мүлік және міндеттемелердің барлық түрлері түгендеуге жатады.

      36. Дара кәсіпкер мүліктің орналасқан орны бойынша міндетті түгендеу жүргізеді:

      1) мүлікті талан-таражға салу немесе теріс пайдалану, сондай-ақ бүліну фактілері анықталған кезде;

      2) дүлей апат, өрт, авария жағдайларын немесе экстремалдық жағдайлардан туындаған басқа да төтенше жағдайларда;

      3) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасауға көшкен кезде жүргізіледі.

      37. Есептеу, өлшеу және салмақтау нәтижелері түгендеу тізімдемесіне түгендеу жүргізу сәтінде жасалатын және белгілі бір күні мүліктің іс жүзінде болуын растайтын құжатқа енгізіледі, оған дара кәсіпкер қол қояды.

      38. Дара кәсіпкерге меншік құқығында тиесілі емес, бірақ олардағы мүлікке, сондай-ақ жарамсыз болып қалған мүлікке жеке түгендеу тізімдемелері жасалады.

      39. Түгендеу кезінде анықталған мүліктің нақты болуының салық есебінің деректерінен алшақтығы артықтары, Салық кодексінің 681-бабы 2-тармағы 7) тармақшасына сәйкес салық есебінде табыс деп танылады.

6-тарау. Есеп құжаттамасын сақтау

      40. Есеп құжаттамасын сақтауды дара кәсіпкер Салық кодексінің 193-бабына сәйкес жүзеге асырады.

      41. Құжаттар жоғалған (ұрлау, бүліну, жойып жіберу) немесе бүлінген (өрт, су басу, дүлей апат) жағдайда, дара кәсіпкер олардың жоғалу немесе бүліну себептерін тексеру және кінәлі адамдарды анықта

      Комиссияның жұмыс нәтижелері бойынша акті ресімделеді, оны дара кәсіпкер бекітеді. Актіде: оқиға орны мен себептері, сыртқы зақымдану сипаты егжей-тегжейлі сипатталады, жоғалған (зақымдалған) құжаттардың тізбесі келтіріледі, бастапқы құжаттардың сақталуына жауапты адамдар көрсетіледі. Бұл тұлғалардан комиссия болған жағдай туралы жазбаша түсіндірме алады. Актіге құжаттардың жоғалғанын (ұрланғанын, бүлінгенін, жойылғанын) немесе бүлінгенін (өрт, су басу, дүлей апат) растайтын уәкілетті мемлекеттік органның құжаттары қоса беріледі.

      Құжаттар жоғалған жағдайда, дара кәсіпкер оларды қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.

7-тарау. Өтпелі ережелер

      42. Заңының 2-бабының 2-тармағына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу (бастапқы құжаттарды жасау мен сақтаудан басқа) және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген дара кәсіпкер үшін белгіленген талаптардың біреуіне сәйкессіздік болған кезде дара кәсіпкер осындай сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүргізуді жүзеге асыруға міндетті.

      Заңының 2-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүргізу туралы дербес шешім қабылдаған дара кәсіпкер осындай есепті жүргізуге шешім қабылдаған айдан кейінгі айдан бастап мұндай есепті жүргізуге құқылы.

      43. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген дара кәсіпкерге салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне көшкен кезде тіркелген активтердің түсуі Салық кодексінің 269-бабына сәйкес есепке алынады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 98 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салық есебін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 15 наурыздағы № 137 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8423 болып тіркелді).

      2. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салық есебін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2013 жылғы 15 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 502 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12244 болып тіркелді, 2015 жылғы 19 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 139 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрықтарының Тізбесінің 9 тармағының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13622 болып тіркелді, 2016 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Об утверждении Правил организации и ведения налогового учета индивидуальными предпринимателями, на которых в соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 февраля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" не возложена обязанность по ведению бухгалтерского учета и составлению финансовой отчетности

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 98. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 февраля 2018 года № 16388.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 190 Налогового Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила организации и ведения налогового учета индивидуальными предпринимателями, на которых в соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 февраля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" не возложена обязанность по ведению бухгалтерского учета и составлению финансовой отчетности.

      2. Признать утратившими силу некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан по перечню согласно приложению к настоящему приказу.

      3. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Тенгебаеву А.М.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
Б. Султанов

  Утверждены
приказом
Министра финансов
Республики Казахстан
от 1 февраля 2018 года № 98

Правила
организации и ведения налогового учета индивидуальными предпринимателями, на которых в соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 февраля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" не возложена обязанность по ведению бухгалтерского учета и составлению финансовой отчетности

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации и ведения налогового учета индивидуальными предпринимателями, на которых в соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 февраля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" не возложена обязанность по ведению бухгалтерского учета и составлению финансовой отчетности (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 190 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (далее – Налоговый кодекс), а также в соответствии с пунктом 2 статьи 2 Закона Республики Казахстан от 28 февраля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" (далее - Закон).

      2. Действие настоящих Правил распространяется на индивидуальных предпринимателей, которые в соответствии с пунктом 2 статьи 2 Закона не осуществляют ведение бухгалтерского учета и составление финансовой отчетности (далее – индивидуальный предприниматель).

      3. Правила предусматривают порядок организации и ведения налогового учета, формы первичных учетных документов, требования к составлению и хранению первичных учетных документов.

Глава 2. Порядок организации налогового учета

      4. Индивидуальный предприниматель обеспечивает организацию налогового учета, в том числе составление, хранение первичных учетных документов, а также проведение инвентаризации.

      5. Операции и события отражаются в налоговом учете с подкреплением оригиналов первичных учетных документов.

      6. Индивидуальный предприниматель обеспечивает учет операций и денег в кассе. Учет операций и денег в кассе осуществляется индивидуальным предпринимателем самостоятельно и (или) уполномоченным индивидуальным предпринимателем лицом-кассиром.

      7. Определение работников, имеющих право подписи первичных учетных документов, утверждается документально в письменной форме. При этом иерархия права подписи в зависимости от занимаемой работником должности, размеров денежных сумм, сферы действия и сущности операции устанавливается индивидуальным предпринимателем.

      При отсутствии вышеуказанного документа ответственность за право подписи первичных учетных документов и правильность отражения операций в них возлагается на индивидуального предпринимателя.

Глава 3. Ведение налогового учета

Параграф 1. Учетная документация

      9. Индивидуальный предприниматель осуществляет ведение налогового учета в соответствии с главами 23 и 24 Налогового кодекса, а также согласно настоящим Правилам.

      10. В соответствии с пунктом 2 статьи 190 Налогового кодекса учетная документация индивидуального предпринимателя включает в себя:

      первичные учетные документы;

      налоговые формы;

      налоговую учетную политику;

      иные документы, являющиеся основанием для определения объектов налогообложения и (или) объектов, связанных с налогообложением, а также для исчисления налогового обязательства.

      11. При проведении в учетной документации исправительных записей раскрываются содержание операции и причины исправления. Исправительные записи оформляются справкой в произвольной форме, подписанной индивидуальным предпринимателем.

Параграф 2. Формы первичных учетных документов и требования к их составлению

      12. В целях ведения налогового учета согласно подпункту 2) статьи 201 Налогового кодекса индивидуальным предпринимателем составляются первичные учетные документы.

      Составление первичных учетных документов индивидуальным предпринимателем производится в соответствии с пунктами 22-36 Правил ведения бухгалтерского учета, утвержденных приказом Министра финансов Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 241, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10954 (далее – Правила ведения бухгалтерского учета).

      13. Первичные учетные документы составляются в день совершения операции или события, либо непосредственно после их окончания.

      14. Первичные учетные документы составляются в соответствии с требованиями, установленными Правилами ведения бухгалтерского учета.

      При этом, первичные учетные документы составляются на государственном и (или) русском языках без указания счетов бухгалтерского учета.

      15. Первичные учетные документы, формы и требования к которым не утверждены в соответствии с законодательством Республики Казахстан, разрабатываются индивидуальным предпринимателем самостоятельно в соответствии с пунктом 3 статьи 7 Закона.

Параграф 3. Налоговые формы

      16. Налоговые формы включают в себя налоговую отчетность, налоговое заявление и налоговые регистры.

      17. Порядок составления и сроки хранения налоговых форм предусмотрены статьями 204 и 205 Налогового кодекса.

      18. Налоговой отчетностью является документ налогоплательщика (налогового агента), представляемый в соответствии с порядком, установленным Налоговым Кодексом, который содержит сведения о налогоплательщике (налоговом агенте), объектах налогообложения и (или) объектах, связанных с налогообложением, об активах и обязательствах, а также об исчислении налоговых обязательств и социальных платежей.

      Формы налоговой отчетности и правила их составления в соответствии с пунктом 2 статьи 206 Налогового кодекса утверждаются уполномоченным органом.

      19. Виды налоговой отчетности, порядок их составления, отзыва, внесения изменений и дополнений в них, особенности составления отдельных форм налоговой отчетности, а также порядок продления сроков представления налоговой отчетности и приостановления (продления, возобновления) представления налоговой отчетности налогоплательщиком устанавливаются в соответствии со статьями 206, 207, 208, 209, 210, 211, 212, 213 и 214 Налогового кодекса.

      20. Налоговым заявлением является документ налогоплательщика (налогового агента), представляемый в налоговый орган с целью реализации его прав и исполнения обязанностей в случаях, установленных Налоговым кодексом.

      21. Индивидуальный предприниматель заполняет налоговое заявление в соответствии с пунктом 1 статьи 206 Налогового кодекса по форме, утвержденной уполномоченным органом.

      22. Порядок представления налогового заявления предусмотрен статьей 208 Налогового кодекса.

      23. Налоговым регистром является документ налогоплательщика (налогового агента), содержащий сведения об объектах налогообложения и (или) объектах, связанных с налогообложением.

      Налоговые регистры предназначены для обобщения и систематизации информации для обеспечения целей налогового учета, указанных в пункте 5 статьи 190 Налогового кодекса.

      24. Записи в налоговых регистрах производятся на основании первичных учетных документов.

      25. Налоговые регистры индивидуального предпринимателя включают в себя:

      1) налоговые регистры, составляемые индивидуальным предпринимателем самостоятельно по формам, установленным им, в налоговой учетной политике с учетом положений статьи 190 Налогового кодекса;

      2) налоговые регистры, составляемые индивидуальным предпринимателем в соответствии с пунктом 5 статьи 215 Налогового кодекса.

Параграф 4. Налоговая учетная политика

      26. Налоговой учетной политикой является принятый индивидуальным предпринимателем документ, устанавливающий порядок ведения налогового учета с соблюдением требований Налогового кодекса.

      27. Индивидуальный предприниматель в соответствии с пунктом 7 статьи 190 Налогового кодекса утверждает налоговую учетную политику по форме, установленной уполномоченным органом.

      28. Налоговая учетная политика индивидуальным предпринимателем составляется в соответствии с требованиями, предусмотренными статьей 191 Налогового кодекса.

Глава 4. Особенности налогового учета

      29. В целях ведения налогового учета и порядка определения и исполнения налоговых обязательств индивидуальным предпринимателем применяются основные понятия налогового учета, предусмотренные статьей 201 Налогового кодекса.

      30. Индивидуальным предпринимателем операции, совершенные в иностранной валюте, пересчитываются в тенге с применением рыночного курса обмена валюты на дату совершения операции. Курсовая разница в целях налогообложения не учитывается.

      31. Учет товарно-материальных запасов индивидуальным предпринимателем осуществляется в соответствии с пунктом 2 статьи 203 Налогового кодекса.

      32. Объект налогообложения и налоговая база по объектам налогообложения налогом на имущество индивидуального предпринимателя предусмотрены пунктом 2 статьи 519 и пунктом 6 статьи 520 Налогового кодекса соответственно.

      33. Особенности признания в налоговом учете доходов индивидуальным предпринимателем предусмотрены статьей 682 Налогового кодекса.

Глава 5. Порядок проведения инвентаризации

      34. В целях обеспечения достоверности данных налогового учета проводится инвентаризация активов и обязательств в порядке, определяемом индивидуальным предпринимателем.

      35. Инвентаризации подлежит все имущество независимо от его местонахождения, а также не принадлежащее индивидуальному предпринимателю, но находящееся на ответственном хранении, арендованное согласно договору, полученное для переработки, принятое на комиссию, а также имущество, не учтенное по каким-либо причинам, и все виды обязательств.

      36. Индивидуальным предпринимателем обязательная инвентаризация проводится по местонахождению имущества:

      1) при установлении фактов хищения или злоупотреблений, а также порчи имущества;

      2) в случае стихийных бедствий, пожара, аварий или других чрезвычайных ситуаций, вызванных экстремальными условиями;

      3) при переходе на ведение бухгалтерского учета и составление финансовой отчетности.

      37. Результаты подсчета, обмера и взвешивания заносятся в инвентаризационные описи – документы, составляемые в момент проведения инвентаризации и подтверждающие фактическое наличие имущества на определенную дату, которые подписывается индивидуальным предпринимателем.

      38. На имущество, не принадлежащее индивидуальному предпринимателю на правах собственности, но находящееся у них, а также на имущество, пришедшее в негодность, составляются отдельные инвентаризационные описи.

      39. Излишки, выявленные при инвентаризации фактического наличия имущества с данными налогового учета, признаются доходом в налоговом учете в соответствии с подпунктом 7) пункта 2 статьи 681 Налогового кодекса.

Глава 6. Хранение учетной документации

      40. Хранение учетной документации документов индивидуальным предпринимателем осуществляется в соответствии со статьей 193 Налогового кодекса.

      41. В случае пропажи (кражи, порчи, уничтожения) или гибели (при пожаре, затоплении, стихийном бедствии) документов, индивидуальным предпринимателем назначается комиссия по расследованию причин их пропажи или гибели и выявлению виновных лиц.

      По результатам работы комиссии оформляется акт, который утверждается индивидуальным предпринимателем. В акте подробно описывается: место и причины происшедшего, характер внешних повреждений, приводится перечень утраченных (поврежденных) документов, указываются лица, ответственные за сохранность первичных документов. От указанных лиц комиссия получает письменное пояснение случившегося. К акту прикладываются документы уполномоченного государственного органа, подтверждающие пропажу (кражу, порчу, уничтожение) или гибель документов (при пожаре, затоплении, стихийном бедствии).

      В случае утраты документов, индивидуальный предприниматель обеспечивает их восстановление.

Глава 7. Переходные положения

      42. При несоответствии одному из условий, установленных для индивидуального предпринимателя, на которого не возложена обязанность по ведению бухгалтерского учета (кроме составления и хранения первичных документов) и составлению финансовой отчетности в соответствии с пунктом 2 статьи 2 Закона, индивидуальный предприниматель осуществляет ведение бухгалтерского учета и составление финансовой отчетности с месяца, следующего за месяцем, в котором возникло такое несоответствие.

      Индивидуальный предприниматель, соответствующий условиям, установленным пунктом 2 статьи 2 Закона, и самостоятельно принявший решение о ведении бухгалтерского учета и финансовой отчетности, вправе осуществлять ведение такого учета с месяца, следующего за месяцем, в котором принято такое решение.

      43. При переходе на общеустановленный порядок налогообложения индивидуального предпринимателя поступление фиксированных активов учитывается в соответствии со статьей 269 Налогового кодекса.

  Приложение
к приказу
Министра финансов
Республики Казахстан
от 1 февраля 2018 года № 98

Перечень утративших силу некоторых приказов Министра финансов Республики Казахстан

      1. Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 марта 2013 года № 137 "Об утверждении Правил организации и ведения налогового учета индивидуальными предпринимателями, которые в соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 февраля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" не осуществляют ведение бухгалтерского учета и составление финансовой отчетности" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8423).

      2. Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 октября 2015 года № 502 "О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 марта 2013 года № 137 "Об утверждении Правил организации и ведения налогового учета индивидуальными предпринимателями, которые в соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 февраля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" не осуществляют ведение бухгалтерского учета и составление финансовой отчетности" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12244, опубликованный 19 ноября 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Пункт 9 Перечня приказов Министерства финансов Республики Казахстан, в которые вносятся изменения, утвержденные приказом Министра финансов Республики Казахстан от 18 марта 2016 года № 139 "О внесении изменений в некоторые приказы Министерства финансов Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13622, опубликованный 7 июня 2016 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).