Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі тауарларды шығаруға жазып берілген құжаттар тізілімін ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 20 ақпанда № 16398 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1044 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1044 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 424-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі шығаруға жазып берілген құжаттар тізілімін ұсыну қағидаларын мен мерзімдерін;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің шығаруға жазып берілген құжаттардың тізілім нысаны бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесімен шығаруға жазып берген құжаттардың тізілімін беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 198 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10863 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 2 ақпандағы
№ 116 бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесімен шығаруға жазып берілген құжаттар тізілімін ұсыну қағидасы және мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесімен шығаруға жазып берілген құжаттардың тізілімін ұсыну қағидасы және мерзімдері (бұдан әрі – Қағида) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 424-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығаруға жазып берілген құжаттардың тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) ұсыну тәртібін және мерзіміндерін айқындайды.

      2. Тізілім мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) құрылымдық бөлімше Тізілімді табыс ету бойынша алғашқы рет міндеттемесі туындаған есептілік кезеңге және осындай кезеңнен кейінгі есептілік кезеңіне табыс етілетін кезекті тізілім;

      2) осы өзгерту және (немесе) толықтыру жататын есептілік кезеңге бұрын табыс етілген тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде құрылымдық бөлімше табыс ететін қосымша тізілім.

2-тарау. Тізілімді табыс ету тәртібі және мерзімдері

      3. Тізілімді, мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығарылғаннан кейін құрылымдық бөлімше жасайды.

      4. Тізілімді, құрылымдық бөлімшенің тіркеу есебінде тұрған орны бойынша мемлекеттік кірістер органына мемлекеттік немесе орыс тілінде 2 данада қағаз тасығыштарда құрылымдық бөлімше табыс етеді. Тізілімнің бір данасы, мемлекеттік кірістер органының белгісімен құрылымдық бөлімшеге қайтарылады.

      5. Тізілімді табыс ету үшін есепті кезең тоқсан болып табылады.

      6. Тізілім, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-і (он бес) күні мерзімінен кешіктірмей табыс етіледі.

      7. Тізілім, есепті кезең ішінде мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған тауарлар бойынша құрылымдық бөлімше жазатын құжаттар туралы мәліметтерді көрсету үшін арналған.

      8. Тізілім қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен толтырылады.

      9. Тізілімді толтыру кезінде түзетуге, тазартуға және өшіруге жол берілмейді.

      10. Тізілім құрылымдық бөлімшенің мөрімен куәландырылады және оны жасауға жауапты тұлға, сондай-ақ басшы не құрылымдық бөлімшенің уәкілеттік берілген лауазымды тұлғасы қол қояды.

3-тарау. Тізілім нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      11. Тізілім мынадай түрде толтырылады:

      нысанда Тізілім жасалған тоқсан және жыл көрсетіледі, бұл ретте тоқсан, тоқсанның реттік нөміріне сәйкес араб цифрымен көрсетіледі;

      нысанның "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" деген бөлігінде салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі), тізілімнің түрі (кезекті немесе қосымша, белгі тиісті ұяшықта жүргізіледі);

      нысанның "Өткізілген тауарлар бойынша қосылған кұн салығы сомасы" бөлігінде көрсетіледі:

      А бағанында – қатардың реттік нөмірі;

      В бағанында – сатып алушы – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі);

      С бағанында – мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттың нөмірі;

      D бағанында – мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттың жазылған күні;

      Е бағанында – мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетілген тауарлардың қосылған құн салығын есепке алмағандағы жалпы құны;

      F бағанында – мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетілген қосылған құн салығының сомасы.

      F бағанының жиынтық шамасы, Тізілімнің тек бірінші бетінде ғана көрсетіледі және барлық беттердің осы бағандарында көрсетілген барлық шамаларды жинақтау жолымен айқындалады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 2 ақпандағы
№ 116 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан






      Ескерту: Тізілімді толтыру бойынша түсіндірме, осы бұйрықпен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі шығаруға жазып берген құжаттардың тізілімін ұсыну қағидаларында және мерзімдерінде келтірілген.

Об утверждении Правил, сроков и формы представления реестра выписанных документов на выпуск структурным подразделением уполномоченного органа в области государственного материального резерва товаров из государственного материального резерва

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 февраля 2018 года № 116. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 февраля 2018 года № 16398. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2018 года № 1044.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 30.11.2018 № 1044 (вводится в действие с 01.01.2019).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 424 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Правила и сроки представления реестра выписанных документов на выпуск структурным подразделением уполномоченного органа в области государственного материального резерва товаров из государственного материального резерва согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) форму реестра выписанных документов на выпуск структурным подразделением уполномоченного органа в области государственного материального резерва товаров из государственного материального резерва согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра финансов Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 198 "Об утверждении Правил представления реестра выписанных документов на выпуск структурным подразделением уполномоченного органа в области государственного материального резерва товаров из государственного материального резерва и его формы" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10863, опубликованный 1 июня 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Тенгебаев А.М.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      4) в течении десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
Б. Султанов

  Приложение 1
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан
от 2 февраля 2018 года № 116

Правила и сроки представления реестра выписанных документов на выпуск структурным подразделением уполномоченного органа в области государственного материального резерва товаров из государственного материального резерва

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила и сроки представления реестра выписанных документов на выпуск структурным подразделением уполномоченного органа в области государственного материального резерва товаров из государственного материального резерва (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 424 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и определяют порядок и сроки представления реестра выписанных документов на выпуск структурным подразделением уполномоченного органа в области государственного материального резерва (далее – структурное подразделение) товаров из государственного материального резерва (далее – Реестр).

      2. Реестр подразделяется на следующие виды:

      1) очередной – реестр, представляемый структурным подразделением за отчетный период, в котором впервые возникло обязательство по представлению Реестра и за отчетные периоды, следующие за таким периодом;

      2) дополнительный – реестр, представляемый структурным подразделением при внесении изменений и (или) дополнений в ранее представленный реестр за отчетный период, к которому относятся данные изменения и (или) дополнения.

Глава 2. Порядок и сроки представления Реестра

      3. Реестр составляется структурным подразделением после выпуска товаров из государственного материального резерва.

      4. Реестр представляется структурным подразделением на бумажных носителях в двух экземплярах на государственном или русском языках в орган государственных доходов по месту регистрационного учета структурного подразделения. Один экземпляр Реестра возвращается структурному подразделению с отметкой органа государственных доходов.

      5. Отчетным периодом для представления Реестра является квартал.

      6. Реестр представляется в срок не позднее 15 числа второго месяца, следующего за отчетным кварталом.

      7. Реестр предназначен для отражения сведений о документах, выписываемых структурным подразделением по товарам, выпущенным из государственного материального резерва в течение отчетного периода.

      8. Реестр заполняется шариковой или перьевой ручкой, черными или синими чернилами, заглавными печатными символами.

      9. При заполнении Реестра не допускаются исправления, подчистки и помарки.

      10. Реестр заверяется печатью структурного подразделения и подписывается лицом, ответственным за его составление, а также руководителем либо уполномоченным должностным лицом структурного подразделения.

Глава 3. Пояснения по заполнению формы Реестра

      11. Форма заполняется следующим образом:

      в форме указываются квартал и год в котором составлен Реестр, при этом квартал указывается арабскими цифрами, соответствующими порядковому номеру квартала;

      в разделе формы "Общая информация о налогоплательщике" указываются индивидуальный идентификационный номер (бизнес-идентификационный номер) налогоплательщика, вид Реестра (очередной или дополнительной, отметка производится в соответствующей ячейке);

      в разделе формы "Сумма налога на добавленную стоимость по реализованным товарам" указываются:

      в графе А – порядковый номер строки;

      в графе В – индивидуальный идентификационный номер (бизнес-идентификационный номер) налогоплательщика-покупателя;

      в графе С – номер документа на выпуск товаров из государственного материального резерва;

      в графе D – дата выписки документа на выпуск товаров из государственного материального резерва;

      в графе Е – общая стоимость товаров, указанных в документе на выпуск товаров из государственного материального резерва, без учета налога на добавленную стоимость;

      в графе F – сумма налога на добавленную стоимость, указанного в документе на выпуск товаров из государственного материального резерва.

      Итоговая величина графы F указывается только на первой странице Реестра и определяется путем суммирования всех величин, отраженных в данных графах всех страниц.

  Приложение 2
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан
от 2 февраля 2018 года № 116
  форма

     


     


      Примечание: пояснение по заполнению реестра приведено в Правилах и сроках представления реестра выписанных документов на выпуск структурным подразделением уполномоченного органа в области государственного материального резерва товаров из государственного материального резерва, утвержденного настоящим приказом.