Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 наурызда № 16472 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың:

      1) "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 59 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9897 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 59 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 23 тамыздағы № 310 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15703 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 22 ақпан

О признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 22 февраля 2018 года № 68. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 марта 2018 года № 16472.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Признать утратившими силу:

      1) приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 октября 2014 года № 59 "Об утверждении Правил определения лимитов расходов администраторов бюджетных программ, лимитов на новые инициативы" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9897, опубликованный 9 декабря 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет");

      2) приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 августа 2017 года № 310 "О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 октября 2014 года № 59 "Об утверждении Правил определения лимитов расходов администраторов бюджетных программ, лимитов на новые инициативы" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15703, опубликованный 26 сентября 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      2. Департаменту бюджетной политики Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан после его официального опубликования.

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр
национальной экономики
Республики Казахстан
Т. Сулейменов

      "СОГЛАСОВАН"
Министр финансов
Республики Казахстан
__________ Б. Султанов
22 февраля 2018 года