"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 538-бабының 3-тармағына және 539-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтаудағы тауарлармен бірге өзге де тауарларды сақтау және оның тауарларды тасымалдаушыдан қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 282 бұйрығымен бекітілген |
Уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында
(үй-жайларының бөлiктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының
бөліктерінде) уақытша сақтаудағы тауарлармен бірге өзге де тауарларды сақтау және
оның тауарларды тасымалдаушыдан қабылдау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтаудағы тауарлармен бірге өзге де тауарларды сақтау және оның тауарларды тасымалдаушыдан қабылдау қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 538-бабы 3-тармағына және 539-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтаудағы тауарлармен бірге өзге де тауарларды сақтау, сондай-ақ тауарларды тасымалдаушыдан уәкілетті экономикалық оператордың қабылдау тәртібін айқындайды:
егер межелі кеден органы уәкілетті экономикалық операторға сәйкестендіру құралдарын жоюға рұқсат берген жағдайда;
егер сәйкестендіру құралдары қолданылмаған және межелі кеден органы бұдан әрі тауарлармен іс-қимыл жасауға рұқсат берген жағдайда.
2-тарау. Уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында
(үй-жайларының бөлiктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының
бөліктерінде) уақытша сақтаудағы тауарлармен бірге өзге де тауарларды сақтау тәртібі
2. Уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайларының (үй-жайларының бөлiктерінде) және (немесе) ашық алаңдарының (ашық алаңдарының бөліктерінде) аумағында өзге де тауарларды сақтауға жол беріледі. Кедендік бақылау рәсіміндегі тауарларды осылай сақтаған кезде жеке және арнайы көрнекі белгісі болуы қажет.
3. Уақытша сақтау рәсіміндегі тауарлар болатын үй-жай, кедендік бақылау аймағының мәртебесін алады. Үй-жайдың немесе алаңның шектері арнайы белгілермен белгіленуі тиіс. Үй-жайды жабдықтау кезінде уәкілетті экономикалық оператор тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету, бөгде адамдардың тауарларға қол жетімділігін алып тастау, кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.
3-тарау. Уәкілетті экономикалық оператордың тасымалдаушыдан
тауарларды қабылдау тәртібі
4. Уәкілетті экономикалық оператор тасымалдаушыдан тауарларды, егер межелі кеден органы уәкілетті экономикалық операторға сәйкестендіру құралдарын жоюға рұқсат берген жағдайда, егер олар қолданылса, уәкілетті экономикалық оператор тасымалдаушының қатысуымен мына іс-қимылдарды жүргізеді:
сәйкестендіру құралдарын алып тастайды;
тауарларды қарап тексереді және тауарлар орындарының саны, ассортименттері, орамдары бойынша алынған шот-фактураларға, тауаркөліктік жүк құжаттарға немесе басқа ілеспе құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда акт жасалады, оған екі тарапта өздерінің қолдарын қояды;
тауарларды қабылдау актісін еркін нысанда жасайды.
5. Уәкілетті экономикалық оператор тасымалдаушыдан тауарларды, егер сәйкестендіру құралдары қолданылмаған жағдайда және межелі кеден органы тауарлармен одан әрі әрекеттер жүргізуге рұқсат берсе, уәкілетті экономикалық оператор тасымалдаушыдан тауарларды қабылдайды және егер тауар барлық параметрлерге және оған екі тарап қол қоятын тауарға ілеспе құжаттардағы сипаттамаларға сәйкес келсе, тауарларды қабылдау актісін еркін нысанда жасайды.
Тауар, тауарға ілеспе құжаттардағы сипаттамаларға сәйкес келмеген жағдайда да оған екі тарап қол қоятын акт сәйкес келмеуді сипаттаумен жасалады.
6. Егер межелі кеден органы уәкілетті экономикалық операторды көлік құралдарының жүк жайларына салынған сәйкестендіру құралдарын алып тастауға тыйым салу туралы және кедендік бақылау аймағында орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарына кедендік тексеріп қарауды немесе кедендік қарап тексеруді жүргізу қажеттілігі туралы хабардар еткен жағдайда, кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау Кеден одағының комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 438 шешімімен бекітілген Кеден органдарының транзиттік декларацияны берумен, тіркеумен және кедендік транзит кедендік рәсімінде аяқтаумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібінің 17, 18, 19, 20, 21, 22 және 23-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Межелі кеден органы осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларда, кедендік транзит кедендік рәсімінің аяқталуын ресімдеумен байланысты кедендік операцияларды жасау үшін, кедендік бақылау аймағында орналастырылған тауарлар өзге кедендік бақылау аймағына немесе уақытша сақтау қоймаларына ауыстырылуға жатпайды.