Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2018 жылғы 16 наурызда № 16620 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 16.05.2022 № 99 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 18.05.2023 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 16.05.2022 № 99 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Персоналды басқару қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мемлекеттік қызмет істері және
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы
      іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Шпекбаев

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
cыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2018 жылғы 13 наурыздағы
№ 60 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 16.05.2022 № 99 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 35-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді ұйымдастыру және қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді ұйымдастыру және қолдану мемлекеттік қызметшілердің тиімділігі, нәтижелілігі, объективтілігі, ашықтығы және кәсібилігі қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

      3. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.

      4. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылады:

      1) біржолғы ақшалай сыйақы;

      2) алғыс жариялау;

      3) бағалы сыйлықпен марапаттау;

      4) грамотамен марапаттау;

      5) құрметті атақ беру;

      6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 18.05.2023 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Бір және сол ерекшелігі үшін мемлекеттік қызметшіге, осы қағидалардың 4 тармағында көрсетілген көтермелеудің бір ғана нысаны қолданылуы мүмкін, және мемлекеттік лауазымға тағайндауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамның бұйрығында нақты еңбегінкөрсетумен бір рет қана қолданылуы мүмкін.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 18.05.2023 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Көтермелеулерді ұйымдастыру тәртібі

      6. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамның (органның) шешімі бойынша құрылымдық бөлімше басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның ұсынуы және Агенттік пен оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымы негізінде жүзеге асырылады.

      7. Агенттік басшылығының бастамасы бойынша Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолданудың ерекше маңызды тапсырмаларын орындағаны үшін Агенттік Төрағасы орынбасарларының ұсынысы негізінде осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін.

      Бұл ретте, Комиссия Агенттік Төрағасы орынбасарының ұсынымын осы Қағидаларда белгіленген шектеулердің және көтермелеуге кедергі келтіретін өзге де негіздердің болуы тұрғысынан қарайды.

      8. Ұсыныста қызметкерлердің нақты еңбегі мен жетістіктері көрсетіледі.

      9. Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің және оның аумақтық органдарының басшылары көтермелеу материалдарының Персоналды басқару қызметіне (бұдан әрі – Қызмет), Комиссияға тиісінше ұсынылуын қамтамасыз етеді.

      10. Қызметтің сұрау салуы бойынша Агенттіктің құрылымдық бөлімшесінің басшысы кейіннен Агенттіктің Комиссиясына жіберу үшін көтермелеу туралы ұсыныс енгізеді.

      Грамотамен, алғыспен көтермелеу мереке және мерейтой күндеріне орайластырылған жағдайларда ұсыну тиісті күнге дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей жіберіледі.

      11. Қызмет Агенттік Комиссиясының қарауына материалдарды ұйымдастыруды және дайындауды жүзеге асыратын Агенттік комиссиясының жұмыс органы болып табылады.

      Агенттіктің аумақтық органдарында жұмыс органының функциясын мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адаммен айқындалған адам орындайды.

      12. Агенттіктің Комиссиясы мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамның бұйрығы негізінде құрылады.

      13. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде бес адам болуы тиіс.

      Агенттіктің аумақтық органдарының Комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш адам болуы тиіс.

      14. Комиссияның қатыспаған мүшелерін ауыстыруға жол берілмейді.

      15. Агенттік Комиссиясының Төрағасын Комиссия құрамынан, мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам тағайындайды.

      16. Агенттік Комиссиясының Төрағасы мен мүшелері Агенттіктің мемлекеттік қызметшілеріне арналған ұсыныстарды келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және:

      1) мемлекеттік қызметшіні көтермелеу туралы;

      2) себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметшіні көтермелеуден бас тарту туралы ұсынымдардың бірін береді.

      17. Комиссия мүшелерінің ұсынымдарында алшақтық болған жағдайда ашық дауыс беру жүргізіледі және Комиссияның дауыс берген мүшелерінің көпшілігінің, оның ішінде төрағаның негізінде көтермелеу туралы не көтермелеуден бас тарту туралы ұсыным шығарылады.

      Шешіммен келіспеген жағдайда комиссия мүшесі отырыс хаттамасына қоса берілетін ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқылы.

      18. Комиссияның отырысына оның мүшелерінің кемінде төрттен үші қатысқан жағдайда, оның отырысы заңды болып табылады.

      19. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.

3-тарау. Көтермелеуді қолдану

      20. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілеріне біржолғы ақшалай сыйақы төлеу мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамның бұйрығы негізінде жүргізіледі.

      21. Алғыс Агенттік Төрағасының бұйрығымен мемлекеттік қызметшілерге ұсыным негізінде ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, Комиссияның ұсынымы бойынша тапсырмаларды тиісінше және адал орындағаны үшін жарияланады.

      22. Агенттіктің мемлекеттік қызметшілері ұсыныстың негізінде лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, Комиссияның ұсынымы бойынша аса маңызды міндеттерді шешуге қосқан жеке үлесі үшін Агенттік Төрағасының бұйрығымен грамотамен марапатталады.

      23. Агенттіктің грамотасы, Агенттік Төрағасының алғысы мемлекеттік тілде жасалады және оған Агенттік Төрағасы қол қояды.

      24. Агенттіктің грамота, Агенттік Төрағасының алғысы жоғалған жағдайда олардың көшірмелері берілмейді.

      25. Агенттіктің комиссиясы Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық органдары басшыларының ұсынуы бойынша ведомстволық және мемлекеттік наградалармен марапаттауға кандидаттардың тізімін қалыптастырады.

      26. Мына мемлекеттік қызметшілер көтермелеуге жатпайды:

      1) тәртіптік жазалары алынбаған;

      2) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;

      3) Агенттікте және оның аумақтық органдарында бір айдан аз жұмыс істеген адамдар.

      27. Агенттіктің басшылығы Агенттіктің және оның аумақтық органдарын ұстауға көзделген республикалық бюджет қаражатын үнемдеу есебінен Агенттік Төрағасының шешімі бойынша біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.

      28. Агенттіктің аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу туралы ұсынымдар мемлекеттік қызметшілердің нақты сіңірген еңбегін сипаттай отырып, грамотамен және алғыспен Агенттіктің аумақтық органдары басшыларының қолы қойылып, Қызметке жіберіледі.


Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 13 марта 2018 года № 60. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 марта 2018 года № 16620.

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 16.05.2022 № 99 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 18.05.2023 № 115 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила применения поощрений государственных служащих Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 16.05.2022 № 99 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Службе управления персоналом Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Руководителя аппарата Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Ахметжанова С.К.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по делам государственной службы
и противодействию коррупции
А. Шпекбаев

  Утверждены
приказом Председателя
Агентства Республики
Казахстан по делам
государственной службы и
противодействию коррупции
от 13 марта 2018 года № 60

Правила применения поощрений государственных служащих Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы

      Сноска. Правила - в редакции приказа Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 16.05.2022 № 99 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила применения поощрений государственных служащих Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы (далее – Правила) разработаны в соответствии со статьей 35 Закона "О государственной службе Республики Казахстан" и определяют порядок организации и применения поощрений государственных служащих центрального аппарата Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы (далее – Агентство) и его территориальных органов.

      2. Организация и применение поощрений государственных служащих Агентства и его территориальных органов осуществляется на основе принципов эффективности, результативности, объективности, прозрачности и профессионализма государственных служащих.

      3. Государственные служащие Агентства и его территориальных органов поощряются за образцовое выполнение должностных обязанностей, безупречную государственную службу, выполнение заданий особой важности и сложности и другие достижения в работе, а также по результатам оценки их деятельности.

      4. К государственным служащим Агентства и его территориальных органов применяются следующие поощрения:

      1) единовременное денежное вознаграждение;

      2) объявление благодарности;

      3) награждение ценным подарком;

      4) награждение грамотой;

      5) присвоение почетного звания;

      6) иные формы поощрения, в том числе награждение ведомственными наградами.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 18.05.2023 № 115 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. За одно и то же отличие государственному служащему может быть применена только одна из форм поощрений, указанных в пункте 4 настоящих Правил, и только один раз с указанием конкретных заслуг в приказе должностного лица, имеющего право назначения на государственную должность и освобождения от государственной должности.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции приказа Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 18.05.2023 № 115 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок организации поощрений

      6. Поощрение государственных служащих Агентства и его территориальных органов осуществляется по решению должностного лица (органа), имеющего право назначения на государственную должность и освобождения от государственной должности, на основании представления руководителя структурного подразделения или лица, исполняющего его обязанности, и рекомендации Комиссии по поощрению государственных служащих Агентства и его территориальных органов (далее – Комиссия).

      7. По инициативе руководства Агентства за выполнение поручений особой важности применение поощрения государственных служащих Агентства и его территориальных органов может осуществляться на основании представления заместителей Председателя Агентства в порядке, установленном настоящими Правилами.

      При этом Комиссия рассматривает представление заместителя Председателя Агентства на предмет наличия ограничений, установленных в настоящих Правилах, и иных оснований, препятствующих поощрению.

      8. В представлении указываются конкретные заслуги и достижения сотрудников.

      9. Руководители структурных подразделений Агентства и его территориальных органов обеспечивают надлежащее предоставление материалов поощрения Службе управления персоналом (далее – Служба), Комиссии.

      10. По запросу Службы руководитель структурного подразделения Агентства вносит представление о поощрении для последующего направления в Комиссию Агентства.

      В случаях, когда поощрение грамотой, благодарностью приурочено к праздничным и юбилейным датам, представление направляется не позднее 10 календарных дней до соответствующей даты.

      11. Служба является рабочим органом Комиссии Агентства, осуществляющим организацию и подготовку материалов к рассмотрению Комиссией Агентства.

      В территориальных органах Агентства функцию рабочего органа выполняет лицо, определенное должностным лицом, имеющим право назначения на государственную должность и освобождения от государственной должности.

      12. Комиссия Агентства формируется на основании приказа должностного лица, имеющего право назначения на государственную должность и освобождения от государственной должности.

      13. Общее количество членов Комиссии должно составлять нечетное число и быть не менее пяти человек.

      Общее количество членов Комиссии территориальных органов Агентства должно составлять нечетное число и быть не менее трех человек.

      14. Замещение отсутствующих членов комиссии не допускается.

      15. Председатель Комиссии Агентства назначается должностным лицом, имеющим право назначения на государственную должность и освобождения от государственной должности, из состава Комиссии.

      16. Председатель и члены Комиссии Агентства в течение десяти рабочих дней со дня получения рассматривают представления на государственных служащих Агентства и дают одну из следующих рекомендаций:

      1) о поощрении государственного служащего;

      2) об отклонении в поощрении государственного служащего с указанием причин.

      17. В случае расхождения рекомендаций членов Комиссии проводится открытое голосование и выносится рекомендация о поощрении либо об отклонении в поощрении на основе большинства проголосовавших членов Комиссии, в том числе председателя.

      В случае несогласия с решением член комиссии вправе выразить особое мнение в письменном виде, которое прилагается к протоколу заседания.

      18. Заседание Комиссии считается правомочным, если на заседании присутствует не менее трех четвертей ее членов.

      19. Решение Комиссии оформляется протоколом.

Глава 3. Применение поощрения

      20. Выплата единовременного денежного вознаграждения государственным служащим Агентства и его территориальных органов производится на основании приказа должностного лица, имеющего право назначения на государственную должность и освобождения от государственной должности.

      21. Благодарность объявляется приказом Председателя Агентства государственным служащим за выполнение заданий особой важности и сложности, надлежащее и добросовестное выполнение поручений по рекомендации Комиссии на основании представления.

      22. Государственные служащие Агентства награждаются грамотой приказом Председателя Агентства за образцовое выполнение должностных обязанностей, достижение высоких результатов в служебной деятельности, личный вклад в решение особо важных задач по рекомендации Комиссии на основании представления.

      23. Грамота Агентства, благодарность Председателя Агентства составляются на государственном языке и подписываются Председателем Агентства.

      24. В случае утери грамоты Агентства, благодарности Председателя Агентства их дубликаты не выдаются.

      25. Комиссия Агентства по представлению руководителей структурных подразделений Агентства и его территориальных органов формирует список кандидатов на награждение ведомственными и государственными наградами.

      26. Не подлежат поощрению государственные служащие:

      1) имеющие неснятые дисциплинарные взыскания;

      2) в период прохождения испытательного срока;

      3) проработавшие в Агентстве и его территориальных органах менее одного месяца.

      27. Руководство Агентства поощряется единовременным денежным вознаграждением по решению Председателя Агентства за счет экономии средств республиканского бюджета, предусмотренных на содержание Агентства и его территориальных органов.

      28. Представления о поощрении государственных служащих территориальных органов Агентства грамотой и благодарностью с описанием конкретных заслуг государственных служащих направляются в Службу за подписью руководителей территориальных органов Агентства.