БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет өткеру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазыкбаев |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі
1. "Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14456 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ереже:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң), мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның актілерін және осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.";
4-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"4. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті – мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік және келісімшарттық қызметті өткеруді қамтамасыз ету.
Функциялар:
1) мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;
2) мемлекеттік органның кадрларының кәсіби дамыу, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына сәйкес тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолымен қамтамасыз ету;
3) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету, қызметтік тексерістерді жүргізу, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту жүргізу, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде);
5) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру;
6) келісімшарттық қызметшілерді іріктеуді және олармен келісімшарт жасасу, өзгерістер енгізу және бұзу процесстерін ұйымдастыру.".
2. "Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді белгілеудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14448 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді белгілеудің тәртібінде:
2-тармақ 1) тармақша мынадай редакцияда баяндалсын:
"1) сынақтан өтуші – мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданатын немесе қызметті бағалаудың, сынақ мерзімінің, аттестаттау қорытындысының нәтижелері бойынша не жағымсыз себептермен мемлекеттік лауазымнан босатылғаннан кейін мемлекеттік қызметке қайтадан кірген адам;";
4-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"Сынақ мерзімінің нәтижесi қанағаттанарлықсыз болғанда сынақ мерзімі мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) не ол уәкілеттік берген лауазымды адамның шешімі бойынша кейіннен қайта ұзартылмайтын үш айға ұзартылады.".
3. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16620 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларында:
4-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"4. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылады:
1) біржолғы ақшалай сыйақы;
2) алғыс жариялау;
3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
4) грамотамен марапаттау;
5) құрметті атақ беру;
6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.".
5-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"5. Бір және сол ерекшелігі үшін мемлекеттік қызметшіге, осы қағидалардың 4 тармағында көрсетілген көтермелеудің бір ғана нысаны қолданылуы мүмкін, және мемлекеттік лауазымға тағайндауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамның бұйрығында нақты еңбегінкөрсетумен бір рет қана қолданылуы мүмкін.".