Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.03.2019 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесінің қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрінің | |
міндетін атқарушы | Р. Дәленов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 27 ақпандағы 2018 жылғы № 81 бұйрығымен бекітілді |
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Мониторингілеу қағидалары) "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
2. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қаржы агенттігі) мына қағидалар:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары);
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) шеңберінде Бағдарлама бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттер бойынша кепілдік беру және мемлекеттік гранттар беру бөлігінде Бағдарламаның іске асырылу мониторингін жүзеге асырады.
3. Осы Мониторингілеу қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
2) банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
3) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатты пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде кәсіпкерге банк беретін ақша сомасы.
4) банктік қарыз шарты – банк/даму банкі мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша кәсіпкерге кредит беріледі;
5) грант – Бағдарламаның талаптарына сәйкес бизнес-идеяны іске асыру үшін гранттар беру туралы шартқа сәйкес грант алушыға өтеусіз және қайтарымсыз негізде бөлінетін мемлекеттік қаражат;
6) грант алушы – өңірлік үйлестіру кеңесінің шешіміне сәйкес бойынша бизнес-иддеяны іске асыру үшін грант берілетін 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер, сондай-ақ әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар.
7) грант беру туралы шарт – кәсіпкерлік жөніндегі укілетті орган бекітетін нысан бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, Қаржы агенттігі мен грант алушы арасында жасалатын үш жақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша грант алушыға мақсатты грант беріледі;
8) жоба - бизнестің түрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы. Бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредиттер/лизингтік мәмілелер алуға болады;
9) жобаның мониторингі – Бағдарлама шарттарына сәйкес Жобаның іс жүзінде іске асырылуын тексеру, оның ішінде жобаның іске асырылу орнына бару арқылы Қаржы агенттігінің банк/даму банкі/лизингтік компания/грант алушы өкілдерімен бірлесіп өткізілетін кәсіпкердің/грант алушының қызметін мониторингілеу.
10) кепілдік – Қаржы агенттігінің кәсіпкердің кепілдік шартынан туындайтын банктік қарыз шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін кепілдік сомасы шегінде төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындау үшін банк алдында жауап беру міндеттемесі;
11) кепілдік беру – Бағдарламада, Кепілдік беру қағидаларында және кепілдік шартында айқындалған шарттармен кәсіпкердің кредиті бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау нысаны;
12) кепілдік шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Қаржы агенттігі, банк және кәсіпкер арасында жасалатын кепілдік беру туралы үш жақты жазбаша келісім;
13) кәсіпкер – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер;
14) кредиттің/гранттың мақсатты пайдаланылуы – кәсіпкердің/грант алушының банктік қарыз шартында/грант беру туралы шартта белгіленген мақсаттарға банктік қарыз шарты/грант беру туралы шарт бойынша және Бағдарламаның шарттарына сәйкес келетін Қаржы агенттігінің/өңірлік үйлестіруші кеңес шешімімен алынған кредитті/грантты пайдалануы. Мақсатты пайдалану жиынтығында кәсіпкердің/грант алушының активке/жұмыстарға/қызметтерге ақы төлегендігін, алғандығын және толық көлемде пайдаланғандығын және/немесе Бағдарламаның шарттарына сәйкес басқа мақсаттарға қол жеткізгендігін біркелкі растайтын тиісті құжаттармен расталады.
15) қаржылық лизинг шарты – шарттары бойынша Бағдарламаға қатысушы лизингтік компания (бұдан әрі – лизингтік компания)/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг беретін лизингтік компания/банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім;
16) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимылдар жиынтығы;
17) мониторингтік есеп – Қаржы агенттігі белгілеген нысан бойынша Қаржы агенттігі дайындаған банк/даму банкі/лизингтік компания/кәсіпкер/грант беруші/грант алушы қол қойған мониторинг туралы есеп;
18) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, жалпы санының бизнес-қоғамдастық өкілдерінің кемінде 50 %-ы қатысатын консультативтік-кеңесші орган;
19) субсидиялар – Қаржы агенттігінің субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде өтеусіз және қайтарымсыз негізде банкке/даму банкіне /лизингтік компанияға төлейтін мерзімді төлемдері;
20) субсидиялау – кәсіпкердің банкке/даму банкіне /лизингтік компанияға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарын болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;
21) субсидиялау шарты – шарттары бойынша Қаржы агенттігі кәсіпкердің банк/даму банкі /лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайтын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Қаржы агенттігі, банк/даму банкі /лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім.
2-тарау. Қаржы агенттігінің мониторинг қызметін көрсету тәртібі
4. Жобаның мониторингі тиісті қаржы жылына арналған мониторинг жоспарына сәйкес жүзеге асырылады, сондай-ақ өңірлік үйлестіруші кеңестің, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің, соттың, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың және уәкілетті ұйымдардың сұратуы бойынша, Бағдарлама шеңберінде кепілдік алған кәсіпкерлердің негізгі борышы бойынша мерзімінен кешіктірілген берешегі болған және өзге де жағдайларда Қаржы агенттігінің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті (бұдан әрі – уәкілетті орган) орган мониторинг қызметін көрсету үшін жыл сайын Қаржы агенттігімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сатып алулар туралы шарт жасасады.
6. Уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік қызметтерді сатып алу туралы шарт шеңберіндегі Қаржы агенттігі көрсеткен қызметтердің ақысын төлейді.
7. Қаржы агенттігі жобалар бойынша келесі күнтізбелік жылға мониторинг жоспарын келесі күнтізбелік жылдағы жаңа мониторинг кезеңінің басталуына 20 жұмыс күнінен кешіктірмей әзірлеуін және бекітуін жүзеге асырады.
Мониторинг жүргізу тәртібі және мерзімдері мониторингілеуге жататын жобалардың санына, агентік келісімдердің шеңберінде тапсырыс берушінің талабына және Қаржы агенттігі өзге де мониторинг жүргізетін келісімдердің шеңберінде түзетіледі.
8. ӨҮК/Қаржы агенттігі шешімінің негізінде сусбидиялау/кепілдендіру тоқтатылған немесе мониторинг жүргізу мерзімінде кредиттері өтелген, сондай-ақ ӨҮК шешіміне сәйкес мониторинг жүргізу мерзімінде қаражаты қайтарылған гранттық қаржыландыру жобалары бойынша жоба мониторингі жүргізілмейді.
9. Жобаны мониторингілеу айналым қаражатын толықтыру мақсатына бағытталған кәсіпкерлердің кредиттері жөніндегі жобаның іске асырылу жеріне шығусыз жүргізіледі.
10. Жобаны мониторингілеу банк/даму банкі/лизингтік компания және кәсіпкер/грант алушы ұсынатын деректердің негізінде жүзеге асырылады. Қаржы агенттігі осы дереккөздер ұсынатын анық емес ақпаратқа жауапты болмайды.
3-тарау. Қаржы агенттігінің мониторинг жүргізу кезіндегі функциялары
11. Қаржы агенттігі субсидияланатын жобаларға мониторинг жүргізу барысында мыналарды жүзеге асырады:
1) банк/даму банкі ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде субсидиялау шартын жасасқан кәсіпкердің жаңа кредитті мақсатты пайдалануын мониторингілеу;
2) банк/даму банкі/лизингтік компания ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингілеу;
3) жобаның іске асырылуын (оның ішінде, қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанының пайдаланылуына) мониторингілеу;
4) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарлама шарттарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкестігін мониторингілеу;
5) Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің және Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің табыстың өсуіне, жұмыс орындарының жылдық орташа санын ұлғайтуға және бюджетке төленетін салықтар көлемін 10%-ға өсуіне қол жеткізу бойынша міндеттемелердің орындалуын мониторингілеу;
12. Қаржы агенттігі кепілдендірілетін жобаларға жүргізілетін мониторинг барысында мыналарды жүзеге асырады:
1) банк және/немесе кәсіпкер ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде кепілдік беру шартын жасасқан кәсіпкердің кредитті мақсатты пайдаланылуын мониторингілеу;
2) банк және/немесе өзге де сенімді дереккөздер ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингілеу;
3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарлама шарттарына сәйкестігін мониторингілеу;
4) Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің және Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің табыстың өсуіне, жұмыс орындарының жылдық орташа санын ұлғайтуға және бюджетке төленетін салықтар көлемін 10%-ға өсуіне қол жеткізу бойынша міндеттемелердің орындалуын мониторингілеу;
13. Қаржы агенттігі гранттық қаржыландыру жобаларын мониторингілеу барысында мыналарды жүзеге асырады:
1) гранттың мақсатты пайдаланылуын мониторингілеу;
2) кәсіпкерлердің бизнес-жобаларын орындауы бойынша қызметтерін грант алған күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде мониторингілеу;
3) грант алушының жаңа жұмыс орындарын құру шарттарын орындауына мониторинг жасау;
4) кәсіпкерлердің грант беру туралы шарттың талаптарын орындауын мониторингілеу.
14. Қаржы агенттігі мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін кредиттің/гранттың мақсатты пайдаланылуын және жобаның Бағдарлама шарттарына сәйкестігін растайтын қажетті құжаттарды, сондай-ақ мониторинг нысанына жататын ақпаратты, оның ішінде салықтық құпияны құрайтын ақпаратты осы Қағидалардың 1- субсидияланған жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі, 2-кепілдік берілген жобаларға мониторинг жүргізуге қажетті құжаттар тізбесі және 3-гранттық қаржыландыру жобаларына мониторинг жүргізуге қажетті құжаттардың тізбесі қосымшаларына сәйкес кәсіпкерден/грант алушыдан және банктен/даму банкінен/лизингтік компаниядан сұратады. Бұл ретте кәсіпкер Қаржы агенттігіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Бағдарламаның 408-тармағында көрсетілген мәліметтерді Қаржы агенттігіне ұсынуға келісім беру туралы өтінішін ұсынады.
Кәсіпкердің/грант алушының жобасының Бағдарлама шарттарына сәйкестігін және қаражатты мақсатты пайдалануын қосымша растау талап етілген жағдайларда, Қаржы агенттігі жобаны мониторингілеу үшін қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.
4-тарау. Мониторинг жүргізу мерзімдері мен тетігі 1-параграф. Субсидияланатын жобалардың мониторингі
15. Қаржы агенттігі ай сайын кредит/тоқсан сайын лизинг есепті айдан кейін келетін айдың жиырма бесінші күніне дейін осы Мониторинг қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есепті Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға жібереді.
16. Субсидиялау тоқтатылған, кәсіпкердің кредиті бойынша негізгі борышты ішінара немесе мерзімінен бұрын толық өтеген, кәсіпкердің міндеттемелерін қайта құрылымдау рәсімі жүргізілетін жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания осы тармақтағы жағдайлар орын алған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қаржы агенттігіне өзара есеп айырысуларды салыстыруын тексеру актісін ұсынады.
17. Бұл ретте банк/даму банкі/лизингтік компания салыстырып тексеру актісінде субсидиялардың нақты есептен шығарылған сомалары мен күндерін, ал Қаржы агенттігі субсидиялардың аударылған күндері мен сомаларын көрсетеді.
18. Өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісіне қол қойылғаннан кейін Қаржы агенттігі мен банк/даму банкі/лизингтік компания оны орындау бойынша іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
19. Жобаны мониторингілеу шеңберінде Қаржы агенттігі мониторингтің басталу күніне дейін кемінде жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей банк/даму банкі/лизингтік компанияға мониторингілеуге жататын жобалар тізімін, мониторинг жүргізу мерзімін және осы Мониторинг қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес субсидияланған жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесін қоса, Бағдарлама шеңберінде мониторинг жүргізілетіндігі туралы хабарлама жібереді.
Мониторингілеуге жататын жобалар тізімі ӨҮК шешімі негізінде мониторинг жүргізу күніне кредиттері өтелген не оларды субсидиялау тоқтатылған кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанда, тиісті жартыжылдықтағы жалпы қол қойылған субсидиялау келісімшарттарының пулынан қалыптастырылады.
Жобаның мониторингін жүргізу үшін қажет құжаттарды ұсыну мерзімі басталу күні ескеріле отырып Қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетіледі.
20. Банк/даму банкі/лизингтік компания мониторинг басталған күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей Қаржы агенттігінің мониторинг жүргізу туралы хабарламасында көрсетілген кәсіпкерлерді жазбаша түрде хабардар етеді.
21. Банк/даму банкі/лизингтік компания жоба мониторингі басталған күнге дейінгі кезеңде осы Мониторинг қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес Қаржы агенттігіне субсидияланған жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынады.
22. Қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетілген мониторинг жүргізу мерзімі ішінде Қаржы агенттігі жоба мониторингін, оның ішінде осы Мониторинг қағидаларының 9 және 11-тармақтарын ескере отырып жобаның іске асырылатын жеріне шығумен жүзеге асырады және мониторинг туралы есепті құрастырады.
23. Кәсіпкердің жобалары бойынша субсидиялауды, оның ішінде жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта жалғастыру тәртібі Субсидиялау қағидаларының 8-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
2-параграф. Кепілдендірілетін жобаларды мониторингілеу
24. Банк/даму банкі/лизингтік компания кәсіпкердің жобасына мониторинг жүргізеді, ол кәсіпкер жобасының (жобаларының) іске асырылу барысына ай сайынғы ағымдағы мониторинг жүргізуді қамтиды. Осы Мониторинг қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес Бағдарламаның бірінші/екінші бағыты шеңберінде ЖКС жобаларының іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі туралы есепті банк/даму банкі Қаржы агенттігіне есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей жазбаша түрде ұсынады және Қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электрондық поштасына қосымша жібереді.
25. Кәсіпкердің жобасының (жобаларының) іске асырылу барысының мониторингі туралы есепті банк/даму банкі Қаржы агенттігіне есепті кезеңнен кейінгі айдың отызыншы күнінен кешіктірмей жазбаша түрде ұсынады және Қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электрондық поштасына қосымша жібереді.
26. Қаржы агенттігі ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінші күніне дейін уәкілетті органға осы Мониторинг қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес кепілдендіру туралы есепті ұсынады.
27. Жобаны мониторингілеу шеңберінде Қаржы агенттігі мониторингтің басталу күніне дейін кемінде жиырма жұмыс күні бұрын банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға Бағдарлама шеңберінде мониторинг жүргізу туралы хабарламаны мониторингілеуге жататын жобалар тізімін, мониторинг жүргізу мерзімін және осы Мониторинг қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес кепілдік берілген жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесін қоса жібереді.
Мониторингілеуге жататын жобалар тізімі Қаржы агенттігі/ӨҮК шешімі негізінде мониторинг жүргізу күніне кредиттері өтелген немесе олар бойынша кепілдендіру тоқтатылған кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанда, тиісті жарты жылдыққа қол қойылған кепілдендіру шарттарының жалпы пулынан қалыптастырылады.
Мониторинг жүргізу үшін қажет құжаттарды ұсыну мерзімі Қаржы агенттігінің хабарламасында жобаның мониторингі басталу күні ескеріле отырып көрсетіледі.
28. Банк/даму банкі/лизингтік компания мониторинг басталған күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей Қаржы агенттігінің мониторинг жүргізу туралы хабарламасында көрсетілген кәсіпкерлерді жазбаша түрде хабардар етеді.
29. Банк/даму банкі/лизингтік компания жоба мониторингі басталған күнге дейінгі кезеңде осы Мониторинг қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес Қаржы агенттігіне кепілдік берілген жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынады.
30. Қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетілген мониторинг жүргізу мерзімі ішінде Қаржы агенттігі мониторингті, оның ішінде осы мониторинг қағидаларының 9 және 12-тармақтарын ескере отырып жобаның жүзеге асырылу жеріне шығумен жүзеге асырады және мониторинг туралы есепті құрастырады.
31. Кәсіпкерлердің жобалары бойынша кепілдікті жою тәртібі Кепілдік беру қағидаларының 7-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
3-параграф. Гранттық қаржыландыру жобаларының мониторингі
32. Гранттық қаржыландыру жобаларының мониторингі шеңберінде Қаржы агенттігі:
1) Қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша және мерзімдерде грант алушылардың тізілімін жүргізеді;
2) грант алушы алған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі грант алушылардың бизнес-жобаларды іске асыруы туралы есеп ұсынады.
33. Гранттық қаржыландыру жобалары бойынша Қаржы агенттігі мониторинг жүргізу күніне дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде грант алушыны және грант берушіні Бағдарлама шеңберінде бақылаудың кезеңі және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес гранттық қаржыландыру жобаларына мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі көрсетіле отырып хабарлама жібереді.
Мониторингілеуге жататын жобалардың тізімі тиісті кезеңдегі грант беру туралы жасалған шарттардың ортақ пулынан қалыптасады.
Мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсыну мерзімі жоба мониторингінің басталу күнін ескере отырып, Қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетіледі.
34. Грант алушы мониторингтің басталу күніне дейінгі мерзімде осы Мониторинг қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес гранттық қаржыландыру жобаларына мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттардың тізбесін Қаржы агенттігіне ұсынады.
35. Қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетілген мониторинг жүргізу мерзімі ішінде Қаржы агенттігі жобаның мониторингін, оның ішінде осы Мониторинг қағидаларының 9 және 13-тармағын ескере отырып жобаның іске асырылатын жеріне шығумен жүзеге асырады және мониторинг туралы есепті құрастырады.
36. Егер мониторинг жүргізу мерзімі ішінде грант алушы мониторингке арналған құжаттардың қажетті топтамасын ұсынбаса, не оның орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаса, онда Қаржы агенттігі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне және кейіннен Мемлекеттік қызметтерді сатып алу туралы шарт шеңберінде уәкілетті органға жіберілетін осы Мониторинг қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес жобаға мониторинг жүргізу үшін мәліметті Грант алушының ұсынбауына/ұсынудан бас тартуына байланысты мониторинг жүргізудің мүмкін еместігі туралы акт жасайды.
37. Қаржы агенттігі грант алушының грант қаражатын мақсатсыз пайдалануын, бизнес-жобаның орындалмауын және/немесе Кәсіпкердің жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шарттарды орындамауын, және/немесе грант беру туралы шарттың талаптарын орындамауын анықтаған жағдайда, Қаржы агенттігі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін және ӨҮК-ні осы фактілер туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
38. Қаржы агенттігі ұсынған жобаның мониторингі туралы есептің/жобаға мониторинг жүргізудің мүмкін еместігі туралы акт негізінде ӨҮК он жұмыс күні ішінде ескертулерді жою үшін қосымша мерзім (бір рет) беру туралы не грант алушымен шартты бұзу туралы шешім қабылдайды, одан кейін үш жұмыс күні ішінде өзінің шешімі туралы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне және Қаржы агенттігіне хабарлайды.
39. ӨҮК шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен мақсатты тағайындалуы бойынша пайдаланылмаған грант қаражатын қайтару жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.
40. Грант қаражатының бір бөлігін мақсатсыз пайдалану анықталған жағдайда, грант алушының грант қаражатын ӨҮК-тің тиісті шешімі бойынша грант қаражатын мақсатсыз пайдаланылған сомасын ғана қайтаруына жол беріледі.
5-тарау. Мониторингілеу нәтижелерін ресімдеу
41. Мониторинг қорытындысы бойынша Қаржы агенттігі мониторинг туралы есепті қалыптастырады, оған банк/даму банкі/лизингтік компания/грант беруші, кәсіпкер/грант алушы және Қаржы агенттігі оны алған күннен бастап бес жүмыс күнінен аспайтын мерзімде бұрыштама қояды. Бірнеше кредит (транш)/грант беруге негіз болған жоба бойынша, мониторинг туралы бір есеп жасалады.
42. Банк/даму банкі/лизингтік компания/кәсіпкер/грант алушы мониторингтік есепке қол қоюдан бас тартқан жағдайда (Қаржы агенттігінің тұжырымдарымен келіспеу), сондай-ақ мониторинг жүргізу үшін қажетті мәліметтерді ұсынбаған жағдайда, Қаржы агенттігі осы Мониторинг қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес құжатқа қол қоюдан бас тарту туралы акт жасайды.
43. Қаржы агенттігі кәсіпкерлердің салыну, құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу, жобаны іске асыру сатысындағы жобалары бойынша және мынадай объективті себептер болған жағдайда:
1) мониторинг жүргізу күніне кредит игерілмеген немесе ішінара игерілген (желі толығымен игерілмеген, қаражат тауар/жұмыс/көрсетілетін қызмет үшін кейіннен ақысын төлеу үшін есеп айырысу шотында);
2) кредит шеңберінде сатып алынған тауарлар жеткізілмеген/жұмыстар орындалмаған/қызметтер көрсетілмеген және жабдықты монтаждау жүзеге асырылмаған (қажет болған жағдайда);
3) құрылыс/реконструкциялық/жөндеу жұмыстары, оның ішінде кредит қаражатына жүргізілген құрылыс/реконструкциялық/жөндеу жұмыстары аяқталмаған;
4) объектіні, оның ішінде кредит қаражатына салынған объектіні қабылдау актісі/пайдалануға беру актісі алынбаған;
5) қарыз алушының/кредиттің/жобаның Бағдарлама шарттарына сәйкестігін және кредитті мақсатты пайдалануын растайтын құжаттар толық көлемде ұсынылмаған (шот-фактуралар, жүк құжаттар және басқалары) (қарыз алушы мониторинг жүргізу кезінде оларды ұсынбауына негіздемелер бар болған жағдайда);
6) жұмыс орындарын құру расталмаған (ӨҮК шешіміне сәйкес) жағдайда ескертулерді жою үшін қосымша мерзім береді.
44. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт шеңберіндегі мониторингтің нәтижелерін Қаржы агенттігі мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген талаптарға сәйкес уәкілетті органның назарына жеткізеді.
Субсидияланған жобаларға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1. Бизнес-жоспар, техникалық-экономикалық қорытынды, аталған құжаттар болмаған жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компанияның кредиттік менеджерінің экономикалық қорытындысы не жобаның мәнін ашып көрсететін басқа да құжаттар.
2. Кәсіпкердің мониторинг жүргізу кезіндегі жағдай бойынша берешектердің баптары бойынша толық жазумен (негізгі борыш, сыйақы, өсімпұлдар, айыппұлдар), мерзімінен кешіктірілген бөлік бөліп көрсетілген несиелік берешегі туралы анықтама немесе банк/даму банкі/лизингтік компания мен кәсіпкердің арасындағы салыстырып тексеру актісі. Анықтамада кәсіпкердің есепшотына тыйым салудың бар-жоқ екендігі көрсетілуі керек;
3. Уәкілетті органның қаржы нарығын бақылау жөніндегі талаптарына сәйкес қарыздың мақсатты пайдаланылғандығын (инвестициялық мақсаттарға, сол сияқты айналым қаражатын толықтыруға) растау үшін ұсынылатын құжаттар, сондай-ақ көрнекі түрде растайтын:
1) төлеу фактісін растайтын: төлем тапсырмалары, шетелдік валютаға ауыстыруға өтініштер, фискалдық чектер, банктік шоттан үзінді көшірмелер (тексерілетін транш/қарыз берілген күннен бастап іс жүзінде игерілген күнге дейінгі), кассалық кіріс ордеріне түбіртектер және басқа да құжаттар;
2) тауарлардың алынғандығын, жұмыстардың орындалғандығын, қызметтердің көрсетілгендігін және банктік қарыз алу шартында көзделген басқа да мақсаттарға қол жеткізілгендігін растайтын құжаттар: шарттар/келісімшарттар, шот-фактура, жүкқұжаттар, кедендік жүк декларациялары, қабылдау-тапсыру актілері;
3) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген жағдайда (бұдан әрі – ҚМЖ): ҚМЖ жүргізіліп жатқан жер учаскесін меншіктену/жалға алу құқығын растайтын құжат, түпкілікті қарыз алушыны ҚМЖ жүргізудің басталатындығы туралы хабардар ету, уәкілетті органда тіркей отырып пайдалануға беру/қабылдап алу актілері.
4. Сомасы 180 миллион теңгеден астам жобалар бойынша өзінің қатысуын растау (ақша қаражаты, жылжымалы/жылжымайтын мүлік), оның ішінде үшінші тұлғалардың жобаны іске асырудың жалпы құнының 10%-нан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге ұсынылатын мүлкімен растау.
5. Кредитпен/қаржылық лизинг шартын жасасумен байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алу жағдайында кәсіпкерге аталған комиссиялардың қайтарылатындығын растайтын құжат.
Кепілдік берілген жобаларға мониторинг жүргізуге қажетті құжаттар тізбесі
1. Бизнес-жоспар, техникалық-экономикалық қорытынды, аталған құжаттар болмаған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компанияның кредиттік менеджерінің экономикалық қорытындысы не жобаның мәнін ашып көрсететін басқа да құжаттар.
2. Кәсіпкердің мониторинг жүргізу кезіндегі жағдай бойынша берешектердің баптары бойынша толық жазумен (негізгі борыш, сыйақы, өсімпұлдар, айыппұлдар), мерзімінен кешіктірілген бөлік бөліп көрсетілген несиелік берешегі туралы анықтама немесе банк/даму банкі/лизингтік компания мен кәсіпкердің арасындағы салыстырып тексеру актісі. Анықтамада кәсіпкердің есепшотына тыйым салудың бар-жоқ екендігі көрсетілуі керек;
3. Барлық қосымша келісімдерімен қоса алғанда кепілдіктер шарттары;
4. Соңғы есепті кезеңдегі мониторингтік есептер;
5. Банктің/даму банкінің және/немесе кәсіпкердің кепілдіктің шынайылығының ерекше талаптарын және өзге де кепілдендіру талаптарын орындағанын растайтын құжаттар;
6. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және кепілдік мүліктің техникалық сипаттамалары туралы анықтама.
7. Кредит келісімінің шеңберінде берілген барлық кредиттер бойынша банк қарызының шарттары мен қосымша келісімдер.
8. Кредит келісімі бойынша кәсіпкерге ақша берілуі туралы растайтын құжат (кәсіпкердің банк шотынан үзінді көшірме (кредит беріген күннен бастап қаражатты игеруге дейін), оператордың төлем тапсырмасы немесе төлем ордері).
9. Қаржы нарығын бақылау жөніндегі уәкілетті органның "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 Қаулысымен орнатылған талаптарға сәйкес, қарызды мақсатты пайдалануды (инвестициялық мақсатқа да айналым қаражатын толықтыруға да) растау құжаттар, сондай-ақ көрнекі түрде растау:
1) төлеу фактісін растайтын құжаттар: төлем тапсырмалық, шетелдік валютаға ауыстыруға өтініштер, фискалдық чектер, банктік шоттан үзінді жазбалар (іс-жүзінде игерілу бойынша тексерілетін транш/қарыз берілген күннен бастап), кассалық кіріс ордеріне түбіртектер және басқа да құжаттар;
2) тауарлардың алынғандығын, жұмыстардың орындалғандығын, қызметтердің көрсетілгендігін және банктік қарыз алу шартында көзделген басқа да мақсаттарға қол жеткізілгендігін растайтын құжаттар: шарттар/келісімшарттар, шот-фактура, жүкқұжаттар, кедендік жүк декларациялары, қабылдау-тапсыру актілері;
3) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген жағдайда (бұдан әрі – ҚМЖ): ҚМЖ жүргізіліп жатқан жер учаскесін меншіктену/жалға алу құқығын растайтын құжат, түпкілікті қарыз алушыны ҚМЖ жүргізудің басталатындығы туралы хабардар ету, уәкілетті органда тіркей отырып пайдалануға беру/қабылдап алу актілері.
10. Сомасы 180 миллион теңгеден астам жобалар бойынша өзінің қатысуын растау (ақша қаражаты, жылжымалы/жылжымайтын мүлік), оның ішінде үшінші тұлғалардың жобаны іске асырудың жалпы құнының 10%-нан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге ұсынылатын мүлкімен растау.
11. Кредитпен/қаржылық лизинг шартын жасасумен байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алу жағдайында кәсіпкерге аталған комиссиялардың қайтарылатындығын растайтын құжат.
Гранттық қаржыландыру жобаларына мониторинг жүргізуге қажетті құжаттардың тізбесі.
1. Бизнес-жоспар, техника-экономикалық тұжырым, немесе жобаның мәнін ашатын басқа да құжаттар.
2. Қаржылық нарықты қадағалауға құзіретті өкілетті органның талаптарына сәйкес, несиенің мақсатты түрде жұмсалғандығын (инвестициялық мақсатқа да айналым қаражатын толықтыруға да) растайтын құжаттар мен көрінісінің дәлелі:
1) төлеу фактісін растайтын құжаттар: төлем тапсырмалық, шетелдік валютаға ауыстыруға өтініштер, фискалдық чектер, банктік шоттан үзінді жазбалар (іс-жүзінде игерілу бойынша тексерілетін транш/қарыз берілген күннен бастап), кассалық кіріс ордеріне түбіртектер және басқа да құжаттар;
2) тауарлардың алынғандығын, жұмыстардың орындалғандығын, қызметтердің көрсетілгендігін және банктік қарыз алу шартында көзделген басқа да мақсаттарға қол жеткізілгендігін растайтын құжаттар: шарттар/келісімшарттар, шот-фактура, жүкқұжаттар, кедендік жүк декларациялары, қабылдау-тапсыру актілері;
3) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген жағдайда (бұдан әрі – ҚМЖ): ҚМЖ жүргізіліп жатқан жер учаскесін меншіктену/жалға алу құқығын растайтын құжат, түпкілікті қарыз алушыны ҚМЖ жүргізудің басталатындығы туралы хабардар ету, уәкілетті органда тіркей отырып пайдалануға беру/қабылдап алу актілері.
3. Бизнес-жобаны жүзеге асыру барысында берілген грант сомасының кем деген 10 (он) пайызы көлемінде қосымша қаржыландырғанын растайтын құжат пен көрінісінің дәлелі:
1) төленгенін растайтын: төлем тапсырмасы, шет ел валютасына ауыстыруға деген өтінім, фискалды чектер, банк есепшотынан түбіртек (тексерілетін транш/қарыздың берілу күнінен бастап игерілген күніне дейінгі), кіріс кассасының түбіртектері және басқа да құжаттар;
2) банк шартында көрсетілген тауарды алғанын, жұмыстың орындалғанын, қызметтің көрсетілгенін және басқа да мақсаттардың орындалғанын растайтын: шарттар/келісім-шарттар, есеп-фактура, жүкқұжаттар, жүк пен кеден декларациялары, өткізу-қабылдап алу актілері;
3) ҚМЖ жүргізілген жағдайда: ҚМЖ жүргізіліп жатқан жер учаскесіне меншіктену/жалға алу құқығын растайтын құжат, түпкілікті қарыз алушыны ҚМЖ жүргізуді басталатыны туралы хабардар ету, уәкілетті органда тіркей отырып пайдалануға беру/қабылдап алу актілері және т.б.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 11 тамыздағы № 299 бұйрығымен бекітілген грант шартына №1 қосымшаға сәйкес нысаналы бизнес-бағдарлама (бизнес-жоба) іс-шараларының орындалғанын растайтын құжат;
5. Грант алушының мемлекеттік кірістер комитеті акцептеген, жаңа жұмыс орындарының құрылғандығын растайтын салық декларацияларының көшірмелері;
6. Бизнес-жоспардың іске асырылу барысын растайтын құжаттар, оның ішінде бизнес-жоба шеңберінде өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өткізілгенін растайтын құжаттар.
____________ жылдан _____________ жылға дейінгі кезең үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне / уәкілетті органға субсидиялау туралы есеп*
Банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның атауы | ЖКС жүгінген жер | ЖКС атауы |
БҚШ/ҚЛШ (транш) |
БҚШ/ҚЛШ (транш) |
Кредит/ |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
кестенің жалғасы
Кредит/ | Субсидиялау шартының нөмірі | Субсидиялау шартының күні | Кезеңдегі Қаржы агенттігі аударған субсидиялардың сомасы | Кезеңдегі есептен шығарылған субсидиялардың сомасы |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Лауазымды тұлға _______________________________Тегі, аты, әкесінің аты
(қолы, мөр) (болған жағдайда)
Жауапты жұмыскер ________________________________Тегі, аты, әкесінің аты
(қолы, мөр) (болған жағдайда)
Ескертпе:
*Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау жобалары, сондай-ақ БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша субсидиялау туралы есеп Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға осыған ұқсас нысан бойынша бөлек ұсынылады.
Бағдарламаның бірінші/екінші бағыты шеңберінде ЖКС жобаларының іске асырылу барысына ағымдағы мониторинг жасау туралы "_____________" акционерлік қоғамының __________________ жылдан ______________________ жылға дейінгі кезеңдегі есебі
Р/с | Банктің атауы | ЖКС жүгінген жер (облыс, өңір) | Қарыз алушының атауы | Қарыз алушының ЖСН-і/БСН-і |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы
Заңды мәртебесі (ЖШС, ЖК, ШҚ, ӨК) | Банктік қарыз алу шартының / Кредит желісін ашу туралы келісімнің № | Банктік қарыз алу шартының / Кредит желісін ашу туралы келісімнің күні | Кредит мерзімі | |
6 | 7 | 8 | 9 | |
кестенің жалғасы
Кредит сомасы | Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі | Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезеңі | Сыйақы төлеу бойынша жеңілдік кезеңі | |||||
10 | 11 | 12 | 13 | |||||
Кредит (транш) бойынша беру күні | Қаражаттың іс жүзінде берілген сомасы | Есепті кезеңдегі негізгі борыш берешегінің қалдығы | Кепілдік шартының нөмірі | |||||
14 | 15 | 16 | 17 | |||||
кестенің жалғасы
Кепілдік шартының күні | Қаржы агенттігі кепілдігінің сомасы | Қаржы агенттігінің кепілдік бойынша міндеттемелерін орындау сомасы | НБ бойынша мерзімі кешіктірілген берешектің сомасы | |
18 | 19 | 20 | 21 | |
кестенің жалғасы
НБ бойынша мерзімінен кешіктірілген күндердің саны | Сыйақы төлеу бойынша мерзімінен кешіктірілген күндердің саны | Кредиттеу нысаны (инвестициялық кредит/айналым қаражатын толықтыру) | ЭҚТЖС бойынша код | |
22 | 23 | 24 | 25 | |
кестенің жалғасы
Жоба бойынша бизнес (бастапқы/ жұмыс істеп тұрған) | Банктік қарыз алу шарты / Кредит желісін ашу туралы келісім бойынша қолжетімділік кезеңі | Банктің уәкілетті органы шешімінің күні | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптары бойынша біліктілік санаты | |
26 | 27 | 28 | 29 | |
Лауазымды тұлға _______________________________Тегі, аты, әкесінің аты
(қолы, мөр) (болған жағдайда)
Жауапты жұмыскер ________________________________Тегі, аты, әкесінің аты
(қолы, мөр) (болған жағдайда)
Кепілдік беру туралы есеп (Қаржы агенттігі Бағдарламаның бағыттары бөлінісінде уәкілетті органға ұсынады)
Р/с № | Саланың атауы | Банктік қарыз алу шарты бойынша кредит сомасы | Қаражатты іс жүзінде беру сомасы | Негізгі борыш бойынша берешектің қалдығы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы
Қаржы агенттігі кепілдігінің сомасы | Кепілдік сомасының қалдығы | Қаржы агенттігінің кепілдіктер бойынша орындаған міндеттемелерінің сомасы |
6 | 7 | 8 |
Лауазымды тұлға _______________________________Тегі, аты, әкесінің аты
(қолы, мөр) (болған жағдайда)\
Жауапты жұмыскер ______________________________Тегі, аты, әкесінің аты
(қолы, мөр) (болған жағдайда)
20___ж. "__" _________
Жобаға мониторинг жүргізу үшін мәліметті Грант алушының ұсынбауына/ұсынудан бас тартуына байланысты мониторинг жүргізудің мүмкін еместігі туралы акт
Біз, төменде қол қойғандар (директордың/директордың орынбасарының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), маманның/дардың Т.А.Ә.) ___ж.___.___. (банктің/кәсіпкердің атауы) жобаға мониторинг жүргізу үшін қажетті мәліметтерді ұсынбағаны/ұсынудан бас тартқаны туралы осы Актіні жасадық.
Қаржы агенттігінің өңірлік филиалының
директоры / директорының орынбасары
__________________________________ ____________________
Т.А.Ә. (болған жағдайда) (қолы, мөр)
Қаржы агенттігінің өңірлік филиалының
Маманы
__________________________________ ____________________
Т.А.Ә. (болған жағдайда) (қолы, мөр)
20__ ж. "__" __________
Құжатқа қол қоюдан бас тарту туралы акт
Біз, төменде қол қойғандар (Қаржы агенттігі директорының/директоры орынбасарының, Қаржы агенттігі маманының/мамандарының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – Т. А. Ә.), (банк бөлімшесінің атауы/кәсіпкер) __.__.__ ж. алғанын растайтын (табыс етілгені туралы түбіртек, кеңсенің алғаны туралы белгісі), "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ өңірлік филиалы __.__.__ж. дейін қол қою үшін (банктің атауы/кәсіпкер) (құжаттың атауы (жобалардың құжаттамалық мониторингі туралы есеп/жоба бойынша мониторингтік есеп)) (жіберілу тәсілі (қолға, тапсырыс хат)) жолдағаны туралы Акт жасадық.
_____ж. _____ күнге алғандағы жағдай бойынша бұл құжатқа уәкілетті өкіл (банктің атауы)/кәсіпкер қол қойған жоқ.
Қаржы агенттігінің өңірлік филиалының
директоры / директорының орынбасары
Т. А. Ә. (болған жағдайда) ____________________(қолы, мөр)
Қаржы агенттігінің өңірлік филиалының
маманы Т. А. Ә. (болған жағдайда) ____________________(қолы, мөр)