"Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 наурызда № 16623 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14886 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру мынадай тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін:

      1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жарғылық капиталына мемлекет қатысатын бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне таратылатын мемлекеттік тапсырманы орындау;

      2) мемлекеттік тапсырысты орындау – мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсетуге тапсырыс (бұдан әрі – Тапсырыс).";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тапсырыс мынадай субъектілер түрлеріне:

      1) мерзімді баспа басылымдарына;

      2) теле-, радиоарналарға, отандық теле-, радиоарналардың эфирінде жасалған өнімнің көрсетілуін қамтамасыз ететін теле және/немесе радиобағдарламаларды өндірушілерге;

      3) интернет-ресурстарға беріледі.";

      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру құқығы берілетін мерзімді баспа басылымдарын, интернет-ресурстарды және теле-, радиоарналарды, отандық теле-, радиоарналардың эфирінде өндірілген өнімнің көрсетілуін қамтамасыз ететін теле және/немесе радиобағдарламаларды өндірушілерді айқындау мақсатында Ұйымдастырушы уәкілетті органның интернет-ресурсында Тапсырысты өткізу туралы ақпараттық хабарламаны, тақырыптық бағыттар мен көлемді қоса, оның өту күніне дейін кемінде күнтізбелік он алты күннен бұрын орналастырады.

      21. Тапсырысқа қатысу үшін үміткер ақпараттық хабарлама орналастырылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тапсырыстың шарттарына сәйкестікті растайтын өтінімді ұсынады.

      Осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес өтінімге мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі қоса беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:

      "23-1. Толық емес құжаттар пакетін ұсыну оларды комиссиямен қарауға жібермеуге негіздеме болып табылады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Комиссия кезекті отырыста осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға телеарналарды, радиоарналарды, отандық теле-, радиоарналардың эфирінде өндірілген өнімнің көрсетілуін қамтамасыз ететін теле және/немесе радиобағдарламаларды өндірушілерді, мерзімді баспа басылымдарын, интернет-ресурстарды айқындауға арналған балдық бағалау бойынша Тапсырысқа қатысушаларды бағалайды.";

      мынадай мазмұндағы 24-1, 24-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "24-1. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындау үшін телеарналар мен теле және/немесе радиобағдарламаларды өндірушілерді, радиоарналарды, мерзімді баспа басылымдарын, интернет-ресурстарды айқындауға арналған балдық бағалаудың негізінде Тапсырыс қатысушыларының шығармашылық ұсыныстары Тапсырысқа қатысуға рұқсат берудің негізгі өлшемшарты болып табылады.

      Қатысушының тақырыптық бағыттар бойынша қызметтерді көрсету ұсыныстары шығармашылық ұсыныстар болып табылады. Шығармашылық ұсыныстардың ресімделуі мен мазмұны қатысушымен дербес анықталады.

      Шығармашылық ұсыныстардың болмауы немесе олардың мәлімделген тақырыптық бағыттарға сәйкес келмеуі Тапсырысқа қатысуға рұқсат бермеуге негіздеме болып табылады.

      24-2. Мерзімді баспа басылымдары мен интернет-ресурстар арасында мемлекеттік тапсырысты орналастыруға үміткерлердің шығармашылық ұсыныстары бұл шығарылым тәсілін (арнайы айдарлар мен жобаларды жасау, аналитикалық материалдар, жаңалықтық хабарламалар, сұхбат, шолу мақаласы) және өнімді интернет желісінде тиісті жылжытуды сипаттайтын тақырыптық бағыттарға сәйкес көрсетілетін қызметті орындау жобасын қамтитын құжаттар пакеті.

      Теле-, радиоарналар мен теле және/немесе радиобағдарламаларды өндірушілер арасындағы мемлекеттік тапсырысты орналастыруға үміткерлердің шығармашылық ұсыныстары бұл тақырыптық бағытқа сәйкес дыбыс-бейне өнімі жобасының тұжырымдамасын, соның ішінде оның бірегейлігін, әлеуетті аудиториясын сипаттайтын тұжырымдаманы, жобаның синопсисін, сондай-ақ жобаның демонстративті пилотты бейнесін (үміткердің қарауы бойынша) қамтитын құжаттар пакеті.";

      25, 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Тапсырысқа қатысуға тек бір өтінім жіберілген жағдайда, онда оны берген қатысушы балдық бағалауды қолданусыз Тапсырыстың жеңімпазы деп танылады.

      26. Балдық бағалаудың қорытындысы бойынша мерзімді баспа басылымдары, теле-, радиоарналар, отандық теле-, радиоарналардың эфирінде өндірілген өнімнің көрсетілуін қамтамасыз ететін теле және/немесе радиобағдарламаларды өндірушілер мен интернет-ресурстар арасында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін Тапсырыстың тақырыптық бағыттары және көлемдері бөлінеді.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Комиссияның хаттамасына сәйкес Тапсырыс берілген Тапсырыс қатысушысы Тапсырыс қорытындыларының хаттамалары жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен шарт жасасады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

      2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті заңңамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен күннен күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Респуликасының

      Қаржы министрі

      Б.Сұлтанов

      2018 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрінің
2018 жылғы 28 ақпандағы № 56
бұйрығына
1-қосымша
Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан

________ бойынша Тапсырысқа қатысуға өтінім

      1. Толық атауы (заңды тұлғалар үшін) / тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (жеке тұлғалар үшін):__________________________________;

      2. Тұрғылықты жері (заңды тұлғалар үшін)/ заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін):______________________________________________________;

      3. Телефон (факс) нөмірі:_________________________________________;

      4. БАҚ атауы (мерзімді баспа басылымдары, теле-, радиоарналар, интернет-ресурстар үшін):_____________________________________________;

      5. БАҚ-қа есепке қою туралы куәліктің нөмірі (мерзімді баспа басылымдары, теле-, радиоарналар, интернет-ресурстар үшін):______________.

      ____________________________ ___________

      тегі, аты-жөні                   қолы

      мөр орны (бар болған жағдайда)

      20__ жыл "__" ____________

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрінің
2018 жылғы 28 ақпандағы
№ 56 бұйрығына
2-қосымша
Республикалық деңгейде
мемлекеттік ақпарат саясатын
жүргізу жөніндегі мемлекеттік
тапсырысты орналастыру
қағидаларына
1-1-қосымша

Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі

      1. Телеарналар үшін өтінімге мыналар:

      1) "Қазақстан Республикасының Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператының" эфирлік хабар тарату арқылы Қазақстан Республикасының аумағында телеарнаның хабар таратуын растайтын хат;

      2) "Қазақстан Республикасының Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператының" цифрлық эфирлік хабар тарату арқылы Қазақстан Республикасының аумағында телеарнаның хабар таратуын растайтын хат;

      3) бөлімдер бойынша таныстырылым түріндегі және қағаз тосығыштағы портфолио;

      4) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылатын, штаттық және штаттан тыс қызметкерлермен шарттық міндеттемелердің бар-жоғын куәландыратын құжаттар көшірмелері;

      5) өз өндірісіндегі контентті таратудың апта сайынғы көлемі (пайыздық қатынаста және өз өнімінің тізбесімен) туралы растайтын хат (соңғы 2 тоқсан бойынша)

      6) өзіндік аудиовизуалды өнімдердің жанр бойынша рейтингісіне телеөлшеулер жүргізетін тәуелсіз компаниядан растайтын хат;

      7) тақырыптық бағыт бойынша шығармашылық ұсыныс қоса беріледі.

      2. Радиоарналар үшін өтінімге мыналар:

      1) "Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператының" эфирлік хабар тарату арқылы Қазақстан Республикасының аумағында радиоарнаның хабар таратуын ұйымдастыру туралы растайтын хат;

      2) басшының қолтаңбасымен және мөрімен расталатын сайттың бар-жоғы туралы сайттың скриншоты қоса берілген анықтама;

      3) басшының қолтаңбасымен және мөрімен расталатын әлеуметтік желілердің скриншоттары және сілтемелері қоса берілген әлеуметтік желілерде аккаунттарының бар-жоғы туралы анықтама;

      4) бөлімдер бойынша таныстырылым түріндегі және қағаз тасығыштағы портфолио;

      5) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен және мөрмен куәландырылатын, штаттағы және штаттан тыс қызметкерлермен шарттық міндеттемелердің бар-жоғын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      6) тақырыптық бағыт бойынша шығармашылық ұсыныс қоса беріледі.

      3. Мерзімді баспа басылымдары өтінімге мыналар:

      1) мерзімді баспа басылымын есепке қою туралы куәлік;

      2) баспаханадан біржолғы тиражының саны туралы анықтама;

      3) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылатын, интернет-ресурстың бар-жоғын растайтын скрин-көшірмесімен қоса берілген құжат;

      4) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен және мөрімен расталған, мерзімді баспа басылымдарының әлеуметтік желілеріндегі аккаунттың бар-жоғы туралы скриншот;

      5) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылатын, штаттық және штаттан тыс қызметкерлермен шарттық міндеттемелердің бар-жоғын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;

      6) тақырыптық бағыт бойынша шығармашылық ұсыныс қоса беріледі.

      *Ескертпе:

      - мерзімді баспа басылымы қайта есепке алынған жағдайда, алғашқы есепке қойылған күні ескеріледі;

      - баспа басылымының бір апта, ай ішінде әртүрлі тираж саны болған жағдайда, оның ең азы есепке алынады.

      4. Интернет-ресурстар өтінімге мыналар:

      1) өтініш берушінің бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылатын, арнайы веб-ресурстан алынған соңғы бір ай ішіндегі қолданушылардың санын растайтын құжат;

      2) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылатын, арнайы веб-ресурстан алынған интернет-ресурстың мобильдік нұсқасын (болған жағдайда) растайтын құжат;

      3) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылатын, арнайы веб-ресурстан алынған интернет-ресурстың бейімделген мобильдік нұсқасының (бар болған жағдайда) бар-жоғын растайтын құжат;

      4) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылатын, штаттық және штаттан тыс қызметкерлермен шарттық міндеттемелердің бар-жоғын куәландыратын құжаттар көшірмелері;

      5) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылатын, интернет-ресурста онлайн-конференциялар жүргізу мүмкіндігін растайтын құжат;

      6) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылатын, интернет-ресурстың әлеуметтік желілерінде аккаунттың бар-жоғы туралы скриншот;

      7) тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар қоса беріледі.

      5. Теле және/немесе радиоөнімдерді өндірушілер өтінімге мыналар:

      1) АБӨ өндіру тәжірибесінің бар-жоғы туралы электрондық және қағаз тасығыштағы портфолио;

      2) өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастырған адамның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған, Интернетте шыққан аудиовизуалды өнімдердің танымалдылығын (жалпы қаралған саны) қамтитын құжат;

      3) бірінші басшының қолымен және мөрімен куәландырылған, аудиобейне өнімдерінің тапсырыс беруші серіктестердің саны туралы мәліметтерді қамтитын, сондай-ақ басшының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған, тапсырыс-беруші серіктестердің растайтын хаттары қоса берілетін құжат;

      4) теле-, радиоарналардың эфирінде аудиовизуалды өнімдердің орналастырылуын растайтын эфирлік анықтамалар;

      5) тақырыптық бағыттың шеңберінде жасалатын аудиовизуалды өнімдерді 40%-дан кем емес таратылым көлеміндегі аналогтық және/немесе цифрлық хабар тарату желілері бойынша көрсетілетін теле-, радиоарнаның эфирінде орналастыруға қатысты теле-, радиоарнамен алдын ала шарт;

      6) теле және/немесе радиобағдарламар өндірушінің жанрлар бойынша өзінің аудиовизуалды өнімдерінің рейтингісінде телеөлшеуді жүзеге асыратын тәуелсіз компаниядан растайтын хат;

      7) тақырыптық бағыт бойынша шығармашылық ұсыныстар қоса беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрінің
2018 жылғы 28 ақпандағы
№ 56 бұйрығына
3-қосымша
Республикалық деңгейде
мемлекеттік ақпарат саясатын
жүргізу жөніндегі мемлекеттік
тапсырысты орналастыру
қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындау үшін телеарналар мен теле және/немесе радиобағдарламаларды өндірушілерді айқындауға арналған балдық бағалау

  1-кесте

Өлшемшарт

  Бағалау

1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер

1*

Эфирлік (аналогтық пен цифрлық) хабар тарату арқылы Қазақстан Республикасының аумағында телеарналардың хабар таратылуын ұйымдастыру

20%-дан көп емес хабар тарату - 1

21%-дан 40%-ға дейін хабар тарату - 2

41%-дан 60%-ға дейін хабар тарату - 3

61%-дан 80%-ға дейін хабар тарату - 4

81%-дан кем емес хабар тарату - 5

2*

Техникалық, шығармашылық және/немесе журналисттік блоктағы қызметкерлер құрамының болуы (қоса алғанда)

10 адамнан көп емес - 1

11-нан 20 адамға дейін - 2

21-ден 30 адамға дейін - 3

31-ден 40 адамға дейін - 4

41 адамнан кем емес - 5

3*

Өз өндірісіндегі контентті таратудың апта сайынғы көлемі

20%-дан көп емес - 1

21%-дан 30%-ға дейін - 2

31%-дан 40%-ға дейін - 3

41%-дан 50%-ға - 4

51%-дан кем емес - 5

4**

Теле-, радиоарналардың эфиріне шыққан аудиовизуалды өнімдердің саны

10-нан 19-ға дейін - 1

20-дан 29-ға дейін - 2

30-дан 39-ға дейін - 3

40–тан 49-ға дейін - 4

50-ден кем емес – 5

5**

Аудиовизуалды өнімдердің тапсырыс беруші серіктестердің саны

1-ден 10-ға дейін - 1

11-ден 20-ға дейін - 2

21-ден 30-ға дейін - 3

31-ден 40-қа дейін - 4

41-ден кем емес – 5

6**

Өндірілген аудиовизуалды өнімдердің Интернеттегі танымалдылығы (қоса алғанда)

9 999 артық емес - 1

10 000 – нан 19 999 – ға дейін - 2

20 000 – нан 29 999 – ға дейін - 2

30 000 – нан 39 999 – ға дейін - 2

40 000 кем емес - 5

7

Аудиовизуалды өнімдер өндірісі тәжірибесінің болуы

Телесериалдарды өндіру тәжірибесі

1-ден 3-ке дейін – 1
4-тен кем емес – 2

Деректі фильмдерді өндіру тәжірибесі

1-ден 3-ке дейін – 1
4-тен кем емес – 2

Бағдарламаларды өндіру тәжірибесі

1-ден 3-ке дейін – 1
4-тен кем емес – 2

Бейнероликтерді өндіру тәжірибесі

1-ден 3-ке дейін – 1
4-тен кем емес – 2

8

Телеарна/ теле және/немесе радиобағдарламаларды өндірушінің аудиовизуалды шығармаларының рейтингісі
(жанр бойынша)

Көркем жанр

≤0,8 – 1
0,9 - 1,7 – 2
≥1,8 – 3

Ойын-сауық жанры

≤0,8 – 1
0,9 - 1,5 – 2
≥1,6 - 3

Жаңалық жанры

≤0,3 - 1
0,4 - 1,3 – 2
≥1,4 - 3

Әлеуметтік-саяси жанр

≤0,1 – 1
0,2 - 0,6 – 2
≥ 0,7 - 3

Гуманитарлық жанр

≤0,5 – 1
≥ 0,6 - 2

9

Аудиовизуалды өнімдерді өндіру бойынша шығармашылық ұсыныстарын қалай бағалайсыз?

жаман - 0

қанағаттанарлықсыз - 1

қанағаттанарлық - 2

жақсы - 3

өте жақсы - 4

      Ескертпе:

      * - тек телеарналарды бағалау үшін қолданымды;

      ** - өндірілген өнімнің отандық теле-, радиоарналардың эфирінде көрсетілуін қамтамасыз ететін теле және/немесе радиобағдарламалардың өндірушілерін бағалау үшін ғана қолданымды;

      7-тармақта "телесериалдарды өндіру тәжірибесі", "деректі фильмдерді өндіру тәжірибесі", "бағдарламаларды өндіру тәжірибесі", "бейнероликтерді өндіру тәжірибесі" бөлімдерінің балдары қосылады;

      8-тармақта "Көркем жанры", "Ойын-сауық жанры", "Жаңалық жанры", "Әлеуметтік-саяси жанр", "Гуманитарлық жанр" бөлімдерінің балдары қосылады.

Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындау үшін радиоарналарды айқындауға арналған балдық бағалау

  2-кесте

Өлшемшарт

Бағалау

1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер

1

Эфирлік хабар тарату арқылы Қазақстан Республикасының аумағында радиоарналардың хабар таратылуын ұйымдастыру

10%-дан көп емес радио хабарларын тарату - 1

10%-дан 15%-ға дейін радио хабарларын тарату - 2

15%-дан 30%-ға дейін хабар тарату - 3

31%-дан 40%-ға дейін хабар тарату - 4

41%-дан кем емес хабар тарату - 5

2

Радиоарна сайтының болуы

Навигациясыз жай сайттың болуы - 1

Сайт бойынша қолайлы интерфейстің және навигацияның болуы - 2

Қолайлы интерфейстің және шығарылған материалдардың электрондық мұрағатының болуы– 3

Қолайлы интерфейстің және шығарылған материалдардың электрондық мұрағатының және арнаның онлайн-трансляциясының болуы – 4

Жоғарыда көрсетілген элементтердің болуы - 5

3

Әлеуметтік желілерде кем дегенде 2 аккаунттың болуы

1000 жазылушыдан көп емес болуы - 1

1001-ден 3000-ға дейін жазылушыдан көп емес - 2

3001-ден 8000 жазылушыға дейін - 3

8001-нан 10000 жазылушыға дейін – 4

10000 жазылушыдан кем емес - 5

4

Аудио өнімдерді өндіру тәжірибесінің болуы

Радиобағдарламаларды өндіру тәжірибесі

1-ден 3-ке дейін – 1
4-тен 9-ға дейін – 2
10-нан кем емес – 3

Аудиоджинглдарды өндіру тәжірибесі

1-ден 3-ке дейін – 1
4-тен 9-ға дейін – 2
10-нан кем емес – 3

5

Техникалық, шығармашылық және журналисттік блоктағы қызметкерлер құрамының болуы (қоса алғанда)

10 адамнан көп емес - 1

11-ден 15 адамға дейін – 2

16-ден 20 адамға дейін – 3

21-ден 30 адамға дейін – 4

30 адамнан кем емес – 5

6

Аудиовизуалды өнімдерді өндіру бойынша шығармашылық ұсыныстарын қалай бағалайсыз

жаман - 0

қанағаттанарлықсыз - 1

қанағаттанарлық - 2

жақсы - 3

өте жақсы - 4

      Ескертпе:

      4-тармақта "Радиобағдарламаларды өндіру тәжірибесі", "Аудиоджинглдарды өндіру тәжірибесі" бөлімдерінің балдары қосылады.

Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға мерзімді баспа басылымдарын айқындауға арналған балдық бағалау

  3-кесте

Қлшемшарт

  Бағалау

1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер

1*

Газет тиражы

3000 данаға дейін - 1

3000 данадан 10000 данаға дейін - 2

10000 данадан 20000 данаға дейін - 3

20000 данадан 30000 данаға дейін – 4

30000 данадан бастап - 5

2*

Газет интернет-ресурсының болуы

Сайттың болуы - 1

1 әлеуметтік желіге байланған, 300-ден кем емес жазылушылары бар - 2

2 әлеуметтік желіге байланған, 400-ден кем емес жазылушылары бар - 3

3 әлеуметтік желіге байланған, 500-ден кем емес жазылушылары бар – 4

4 әлеуметтік желіге байланған, 600-ден кем емес жазылушылары бар - 5

3*

Газеттің шығу мерзімділігі

аптасына 1 рет - 1

аптасына 2 рет - 2

аптасына 3 рет - 3

аптасына 4 рет - 4

аптасына 5 немесе одан да көп рет - 5

4**

Журналдарға арналған тираж

500 данаға дейін - 1

500-ден 1000 данаға дейін - 2

1000-нан 5000 данаға дейін - 3

5000-нан 10000 данаға дейін – 4

10000 данадан бастап - 5

5**

Журнал интернет-ресурсының болуы

Сайттың болуы - 1

1 әлеуметтік желіге байланған- 2

2 әлеуметтік желіге байланған- 3

3 әлеуметтік желіге байланған– 4

4-тен көп әлеуметтік желіге байланған - 5

6**

Журналдың шығу мерзімділігі

Тоқсанына 1 рет - 1

2 айда 1 рет - 2

Айына 1 рет - 3

Айына 2 рет - 4

Айына 3 рет - 5

7

Мерзімді баспа басылымды есепке алу немесе қайта есепке алу мерзімі

1 жылға дейін - 1

1 жылдан 3 жылға дейін - 2

3 жылдан 5 жылға дейін - 3

5 жылдан 7 жылға дейін - 4

7 жылдан бастап - 5

8

Журналистік қызметкерлер құрамының болуы (техникалық, шығармашылық және журналисттік)

өте жақсы - 5

Кем дегенде 3 адам- 2

Кем дегенде 5 адам- 3

Кем дегенде 7 адам- 4

Кем дегенде 10 адам - 5

9

Баспа БАҚ бірегейлігі

Негізінен ақпараттық хабарламаларды жариялау – 1

Қайта басудың жоғары деңгейі - 2

Контент негізінен өз материалдарынан тұрады - 3

Сарапшылардың пікірлерін жүйелі түрде шығару - 4

Эксклюзивті материалдардың көптігі - 5

10

Тақырыптық бағыттарды жария ету жөніндегі шығармашылық ұсыныстар

жаман -0

қанағаттанарлықсыз - 2

қанағаттанарлық - 3

жақсы - 4

өте жақсы - 5

      *Ескертпе:

      * - тек газеттерді бағалау үшін қолданылады;

      ** - тек журналдарды бағалау үшін қолданылады;

Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға интернет-ресурстарды айқындауға арналған балдық бағалау

  4-кесте

Өлшемшарт

  Бағалау

1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер

1

Қараушылар саны

айына 500 000-ға дейін - 1

айына 1 000 000-ға дейін - 2

айына 2 000 000-ға дейін - 3

айына 5 000 000-ға дейін - 4

5 000 000-нан жоғары - 5

2

Мобильдік қосымшаның болуы

10 000-ға дейінгі жүктеу- 1

50 000-ға дейінгі жүктеу - 2

100 000-ға дейінгі жүктеу - 3

500 000-ға дейінгі жүктеу – 4

500 000-нан жоғары жүктеу - 5

3

Сайттың бейімделген мобильдік нұсқасының болуы

жоқ - 1

бар - 2

4

Интернет порталдың жұмыс процесін ұйымдастыру деңгейі
өзінің журналистері,
техникалық мамандары, аудармашылары

Штатта журналисттер жоқ - 1

Штатта 1 журналист - 2

Штатта 2 журналист бар - 3

Қызметкерлер лауазымдарды қатар атқарады - 4

Журналистерден басқа фотокорреспонденттер, аудармашылар, редакторлар және т.б. жұмыс істейді- 5

5

Онлайн-конференцияларды өткізудің техникалық мүмкіндіктері

жоқ - 1

бар - 2

6

Әлеуметтік желілерде аккаунттардың болуы және жазылушылардың саны (бір әлеуметтік желіде)

Жазылушылар саны 20000-нан аз -1

Жазылушылар саны 30000-нан аз - 2

Жазылушылар саны 40000-нан аз - 3

Жазылушылар саны 50000-нан аз - 4

Жазылушылар саны 60000 және одан көп - 5

7

Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыру жөніндегі ұсыныстар

жаман – 1

қанағаттанарлықсыз - 2

қанағаттанарлық - 3

жақсы - 4

өте жақсы - 5

8

Интернет порталдың бірегейлігі:
өз мақалаларының саны,
айдарлардың болуы және саны,
бірегей жоба/айдар/қызмет,
қандай да бір ақпаратты шығаруға эксклюзивті құқықтар

Жаңалықтар агрегаторы – 1

Қайта басудың жоғары деңгейі - 2

Контент өз материалдарынан тұрады - 3

Өз айдарлары мен бөлімдері бар - 4

Көп эксклюзивті материалдар - 5

9

Интернет порталдың беделін қалай бағалайсыз?

жаман -0

қанағаттанарлықсыз - 2

қанағаттанарлық - 3

жақсы - 4

өте жақсы - 5


О внесении изменений и дополнений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 28 февраля 2017 года № 75 "Об утверждении Правил размещения государственного заказа по проведению государственной информационной политики на республиканском уровне"

Приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 28 февраля 2018 года № 56. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 марта 2018 года № 16623

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 28 февраля 2017 года № 75 "Об утверждении Правил размещения государственного заказа по проведению государственной информационной политики на республиканском уровне" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14886, опубликован 28 марта 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах размещения государственного заказа по проведению государственной информационной политики на республиканском уровне, утвержденных указанным приказом:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Размещение государственного заказа по проведению государственной информационной политики на республиканском уровне может осуществляться следующими способами:

      1) выполнение государственного задания в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан, которое распространяется на собственников средств массовой информации с участием государства в уставном капитале;

      2) выполнение государственного заказа – заказ на оказание услуг за счет средств республиканского бюджета для проведения государственной информационной политики (далее – Заказ).";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Заказ предоставляется следующим видам субъектов:

      1) периодическим печатным изданиям;

      2) теле-, радиоканалам, производителям теле и/или радиопрограмм, обеспечивающих трансляцию произведенной продукции в эфире отечественных теле-, радиоканалов;

      3) интернет-ресурсам.";

      пункты 20 и 21 изложить в следующей редакции:

      "20. В целях определения периодических печатных изданий, интернет ресурсов и теле-, радиоканалов, производителей теле и/или радиопрограмм, обеспечивающих трансляцию произведенной продукции в эфире отечественных теле-, радиоканалов, которым будет предоставлено право осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики, Организатор размещает на интернет-ресурсе уполномоченного органа информационное сообщение о проведении Заказа с приложением тематических направлений и объемов не менее чем за шестнадцать календарных дней до дня его проведения.

      21. Для участия в Заказе претендент представляет заявку в соответствии с условиями Заказа по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам в течение пятнадцати календарных дней со дня размещения информационного сообщения.

      К заявке прилагается перечень документов на участие в конкурсе по размещению государственного заказа по проведению государственной информационной политики согласно приложению 1-1 к настоящим Правилам.";

      дополнить пунктом 23-1 следующего содержания:

      "23-1. Представление неполного пакета документов является основанием для не допуска в их рассмотрении комиссией.";

      пункт 24 изложить в следующей редакции:

      "24. Комиссия на очном заседании оценивает участников Заказа по балльной оценке для определения телеканалов, радиоканалов, производителей теле и/или радиопрограмм, обеспечивающих трансляцию произведенной продукции в эфире отечественных теле-, радиоканалов, периодических печатных изданий, интернет-ресурсов на оказание государственного заказа по проведению государственной информационной политики согласно приложению 2 к настоящим Правилам.";

      дополнить пунктами 24-1 и 24-2 следующего содержания:

      "24-1. Определяющим критерием для допуска к участию в Заказе является творческое предложение участников Заказа в соответствии с балльной оценкой для определения телеканалов и производителей теле и/или радиопрограмм, радиоканалов, периодических печатных изданий, интернет-ресурсов на оказание государственного заказа по проведению государственной информационной политики согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      Творческим предложением является предложение участника по оказанию услуг по тематическим направлениям. Оформление и содержание творческого предложения определяется участником самостоятельно.

      Отсутствие творческого предложения либо его несоответствие заявленным тематическим направлениям являются основанием для недопуска к участию в Заказе.

      24-2. Творческие предложения претендентов на размещения государственного заказа среди периодических печатных изданий и интернет-ресурсов это пакет документов, включающих в себя проект исполнения услуг согласно тематическим направлениям, описывающий способы публикаций (создание специальных рубрик и проектов, аналитические материалы, новостные сообщения, интервью, обзорные статьи) и соответствующего продвижения продукций в сети интернет.

      Творческие предложения претендентов на размещения государственного заказа среди теле-, радиоканалов и производителей теле и/или радиопрограмм это пакет документов, включающих в себя концепцию, синопсис проекта, а также демонстративное пилотное видео проекта (по усмотрению претендента), характеризующих концепцию проекта аудиовизуальной продукции, в том числе ее уникальность, потенциальную аудиторию в соответствии с тематическим направлением.";

      пункты 25 и 26 изложить в следующей редакции:

      "25. В случае если к участию в Заказе допущена только одна заявка, то участник, подавший ее, признается победителем Заказа без применения балльной оценки.

      26. По результатам балльной оценки среди периодических печатных изданий, теле-, радиоканалов, производителей теле и/или радиопрограмм, обеспечивающих трансляцию произведенной продукции в эфире отечественных теле-, радиоканалов, интернет-ресурсов распределяются тематические направления и объемы Заказа для проведения государственной информационной политики.";

      пункты 29 изложить в следующей редакции:

      29. Участник Заказа, которому в соответствии с протоколом Комиссии предоставлен Заказ, заключает договор с уполномоченным органом в течение десяти рабочих дней со дня опубликования протокола итогов Заказа.";

      приложение 1 изложить в редакции согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      дополнить приложением 1-1 согласно приложению 2 к настоящему приказу;

      приложение 2 изложить в редакции согласно приложению 3 к настоящему приказу.

      2. Комитету информации Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр
информации и коммуникаций
Республики Казахстан
Д.Абаев

      "СОГЛАСОВАН"
      Министр финансов
      Республики Казахстан
      _________ Б.Султанов
      "___" _________ 2018 года

  Приложение 1
к приказу Министра
информации и коммуникаций
Республики Казахстан
от 28 февраля 2018 года № 56
  Приложение 1
к Правилам размещения
государственного заказа по
проведению государственной
информационной политики на
республиканском уровне
  форма

Заявка
на участие в Заказе по___________________

      1. Полное наименование (для юридических лиц)\фамилия, имя, отчество (при его наличии) (для физических лиц): ______________________;
      2. Место нахождения (для юридических лиц)\юридический адрес (для физических лиц): __________________________________________________;
      3. Номер телефона (факса): ____________________________________;
      4. Наименование СМИ (для периодических печатных изданий, теле-, радиоканалов, интернет-ресурсов): _____________________________________.
      5. Номер свидетельства о постановке на учет СМИ: (для периодических печатных изданий, теле-, радиоканалов, интернет-ресурсов):________________.
      ____________________             _________________
      фамилия, инициалы                         подпись

        место для печати (при ее наличии)
      "___" ___________ 20__ года
  Приложение 2
к приказу Министра
информации и коммуникаций
Республики Казахстан
от 28 февраля 2018 года № 56
  Приложение 1-1
к Правилам размещения
государственного заказа по
проведению государственной
информационной политики на
республиканском уровне

Перечень документов на участие в конкурсе по размещению государственного заказа по проведению государственной информационной политики

      1. Для телеканалов к заявке прилагаются:

      1) подтверждающее письмо "Национального оператора Республики Казахстан в области телерадиовещания" об организации вещания телеканала на территории Республики Казахстан посредством эфирного вещания;

      2) подтверждающее письмо "Национального оператора Республики Казахстан в области телерадиовещания" об организации вещания телеканала на территории Республики Казахстан посредством цифрового эфирного вещания;

      3) портфолио в виде презентации и в бумажном носителе по разделам;

      4) копии документов, удостоверяющих наличие договорных обязательств со штатными и внештатными сотрудниками, которые удостоверяются подписью первого руководителя заявителя или лицом, его замещающим и печатью;

      5) подтверждающее письмо (с процентным соотношением и перечнем собственной продукции) об еженедельном объеме вещания контента собственного производства; (за последние 2 квартала);

      6) подтверждающее письмо от независимой компании, проводящей телеизмерения по рейтингу собственных аудиовизуальных продукции телеканала по жанрам;

      7) творческое предложение по тематическому направлению.

      2. Для радиоканалов к заявке прилагаются:

      1) подтверждающее письмо "Национального оператора Республики Казахстан в области телерадиовещания" об организации вещания радиоканала на территории Республики Казахстан посредством эфирного вещания;

      2) справка о наличии сайта с приложением скриншотов сайта подтверждается подписью руководителя и печатью телеканала;

      3) справка о наличии аккаунтов в социальных сетях с приложением скриншотов социальных сетей и ссылки подтверждается подписью руководителя и печатью телеканала;

      4) портфолио в виде презентации и в бумажном (цветном) носителе по разделам;

      5) копии документов, удостоверяющих наличие договорных обязательств со штатными и внештатными сотрудниками, которые удостоверяются подписью первого руководителя заявителя или лицом, его замещающим и печатью;

      6) творческие предложения по тематическому направлению.

      3. Для периодических печатных изданий к заявке прилагаются:

      1) свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания;

      2) справка с типографии о количестве разового тиража;

      3) документ подтверждающий о наличии интернет-ресурса, который удостоверяется подписью первого руководителя заявителя или лицом, его замещающим и печатью, с приложением скрин-копии.

      4) скриншот о наличии аккаунта в социальных сетях периодического печатного издания, с подписью первого руководителя заявителя или лицом, его замещающим и печатью;

      5) копии документов, удостоверяющих наличие договорных обязательств со штатными и внештатными сотрудниками, которые удостоверяются подписью первого руководителя заявителя или лицом, его замещающим и печатью;

      6) творческие предложения по тематическому направлению.

      *Примечание:

      в случае переучета периодического печатного издания в рассчет берется дата первоначальной постановки на учет;

      в случае наличия различного количества тиража печатного издания в течения одной недели, месяца, в рассчет берется наименьший из них.

      4. Для интернет-ресурсов к заявке прилагаются:

      1) подтверждающий документ о количестве уникальных пользователей за последний месяц со специального веб-ресурса, который удостоверяется подписью первого руководителя заявителя или лицом, его замещающим и печатью;

      2) документ подтверждающий наличие мобильного приложения интернет-ресурса (при ее наличии) со специального веб-ресурса, который удостоверяется подписью первого руководителя заявителя или лицом, его замещающим и печатью;

      3) документ подтверждающий наличие адаптированной мобильной версии интернет-ресурса (при ее наличии) со специального веб-ресурса, который удостоверяется подписью первого руководителя заявителя или лицом, его замещающим и печатью;

      4) копии документов, удостоверяющих наличие договорных обязательств со штатными и внештатными сотрудниками, которые удостоверяются подписью первого руководителя заявителя или лицом, его замещающим и печатью;

      5) документ подтверждающий возможность проведения онлайн-конференций на интернет-ресурсе, который удостоверяется подписью первого руководителя заявителя или лицом, его замещающим и печатью;

      6) скриншот о наличии аккаунта в социальных сетях интернет-ресурса, с подписью первого руководителя заявителя или лицом, его замещающим и печатью;

      7) творческие предложения по тематическому направлению.

      5. Для производителей теле и/или радиопрограмм к заявке прилагаются:

      1) портфолио о наличии опыта производства АВП в электроном и бумажном носителе по разделам;

      2) документ, включающий в себя сведения о популярности произведенных аудиовизуальных продукции в Интернете (общее количество просмотров), удостоверенный подписью первого руководителя заявителя или лицом, его замещающим и печатью;

      3) документ, включающий в себя сведения о количестве партнеров-заказчиков аудиовизуальной продукции, удостоверенный подписью первого руководителя и печатью, а также с приложением подтверждающих писем от партнеров-заказчиков с подписью руководителя и печатью;

      4) эфирные справки, подтверждающее размещение аудиовизуальных продукции в эфире теле-, радиоканалов;

      5) предварительный договор с теле-, радиоканалом на предмет размещения аудиовизуальной продукции, производимого в рамках тематического направления, в эфире теле-, радиоканала, транслируемых по сетям аналогового и/или цифрового вещания с объемом не менее 40% вещания.

      6) подтверждающее письмо от независимой компании, проводящей телеизмерения по рейтингу собственных аудиовизуальных продукции производителя теле и/или радиопрограмм по жанрам;

      7) творческое предложение по тематическому направлению.

  Приложение 3
к приказу Министра
информации и коммуникаций
Республики Казахстан
от 28 февраля 2018 года № 56
  Приложение 2
к Правилам размещения
государственного заказа по
проведению государственной
информационной политики на
республиканском уровне

Балльная оценка для определения телеканалов и производителей теле и/или радиопрограмм на оказание государственного заказа по проведению государственной информационной политики

  Таблица 1

Критерий

Оценка

1. Аспекты, характеризующие производственную компанию

1*

Организация вещания телеканала на территории Республики Казахстан посредством эфирного (аналогового и цифрового) вещания

Менее 20% вещания - 1

от 21% до 40% вещания - 2

от 41% до 60% вещания - 3

от 61% до 80% вещания - 4

более 81% вещания - 5

2*

Наличие состава сотрудников технического, творческого и/или журналистского блоков (в совокупности)

до 10-ти человек - 1

от 11 до 20-ти человек - 2

от 21 до 30 человек - 3

от 31 до 40 человек - 4

Более 41 человек - 5

3*

Еженедельный объем вещания контента собственного производства

Не более 20%- 1

от 21% до 30% - 2

от 31% до 40% - 3

от 41% до 50% - 4

Не менее 51% - 5

4**

Количество аудиовизуальной продукции, размещенной в эфире теле-, радиоканалов

От 10 до 19 – 1

От 20 до 29 – 2

От 30 до 39 – 3

От 40 до 49 – 4

Не менее 50 - 5

5**

Количество партнеров-заказчиков аудиовизуальной продукции

От 1 до 10 – 1

От 11 до 20 – 2

От 21 до 30 – 3

От 31 до 40 – 4

От 41 и более - 5

6**

Популярность произведенных аудиовизуальных продукции в Интернете (в совокупности)

Не более 9 999 просмотров - 1

От 10 000до 19 999 - 2

От 20 000 до 29 999 – 3

От 30 000 до 39 999 – 4

не менее 40 000- 5

7

Наличие опыта производства аудиовизуальной продукции

Опыт производства телесериалов

от 1 до 3 – 1
более 4 - 2

Опыт производства документальных фильмов

от 1 до 3 - 1
более 4 - 2

Опыт производства программ

от 1 до 3 – 1
более 4 - 2

Опыт производства видеороликов

от 1 до 10 – 1
более 11 - 2

8

Рейтинги произведенных аудиовизуальных произведении телеканала/ производителя теле и/или радиопрограмм (по жанру)

Художественный жанр

≤ 0,8 – 1
0,9 - 1,7 – 2
≥ 1,8 – 3

Развлекательный жанр

≤ 0,8 – 1
0,9 - 1,5 – 2
≥ 1,6 - 3

Новостной жанр

≤ 0,3 - 1
0,4 - 1,3 – 2
≥ 1,4 - 3

Социально-политический жанр

≤ 0,1 – 1
0,2 - 0,6 – 2
≥ 0,7 - 3

Гуманитарный жанр

≤ 0,5 – 1
≥ 0,6 - 2

9

Как вы оцениваете творческие предложения по производству аудиовизуальной продукции?

плохо - 0

не удовлетворительно - 1

удовлетворительно - 2

хорошо - 3

отлично - 4

      Примечание:
      * - применимы исключительно для оценки телеканалов;
      ** - применимы исключительно для оценки производителей теле и/или радиопрограмм, обеспечивающих трансляцию произведенной продукции в эфире отечественных теле-, радиоканалов;
      В пункте 7 баллы раздела "Опыт производства телесериалов", "Опыт производства документальных фильмов", "Опыт производства программ", "Опыт производства видеороликов" суммируются;
      В пункте 8 баллы раздела "Художественный жанр", "Развлекательный жанр", "Новостной жанр", "Социально-политический жанр", "Гуманитарный жанр" суммируются.

Балльная оценка для определения радиоканалов на оказание государственного заказа по проведению государственной информационной политики

  Таблица 2

Критерий

Оценка

1. Аспекты, характеризующие производственную компанию

1

Организация вещания радиоканала на территории Республики Казахстан посредством эфирного вещаниия

не менее 10% радиовещания - 1

от 10% до 15% радиовещания - 2

от 15% до 30% вещания - 3

от 31% до 40% вещания - 4

не менее 41% вещания - 5

2

Наличие сайта радиоканала

имеется простой сайт без навигации – 1

имеется удобный интерфейс и навигация по сайту - 2

имеются удобный интерфейс и электронный архив вышедших материалов - 3

имеются удобный интерфейс, электронный архив вышедших материалов и онлайн-трансляция канала – 4

имеются все вышеуказанные элементы - 5

3

Наличие не менее 2-х аккаунтов в социальных сетях

менее 1000 подписчиков - 1

от 1001 до 3000 подписчиков - 2

от 3001 до 8000 подписчиков - 3

от 8001 до 10000 подписчиков – 4

более 10001 подписчиков - 5

4

Наличие опыта производства аудио продукции

Опыт производства радиопрограмм

От 1 до 3 – 1
От 4 до 9 – 2
Более 10 – 3

Опыт производства аудиоджинглов

От 1 до 3 – 1
От 4 до 9 – 2
Более 10 – 3

5

Наличие состава сотрудников технического, творческого и журналистского блоков (в совокупности)

менее 10-ти человек - 1

от 11 до 15-ти человек – 2

от 16 до 20 человек – 3

от 21 до 30 человек – 4

более 30 человек – 5

6

Как вы оцениваете творческие предложения по производству аудиовизуальной продукции?

плохо - 0

не удовлетворительно - 1

удовлетворительно - 2

хорошо - 3

отлично - 4

      Примечание:
      В пункте 4 баллы раздела "Опыт производства радиопрограмм", "Опыт производства аудиоджинглов" суммируются.

Балльная оценка для определения периодических печатных изданий на оказание государственного заказа по проведению государственной информационной политики

  Таблица 3

Критерий

Оценка

1. Аспекты, характеризующие производственную компанию

1*

Тираж газеты

до 3000 экземпляров - 1

от 3000 до 10000 экземпляров - 2

от 10000 до 20000 экземпляров - 3

от 20000 до 30000 экземпляров – 4

от 30000 экземпляров - 5

2*

Наличие интернет-ресурса газеты

сайт имеется - 1

привязка к 1 социальным сетям, не менее 300 подписчиков - 2

привязка к 2 социальным сетям, не менее 400 подписчиков - 3

привязка к 3 социальным сетям, не менее 500 подписчиков – 4

привязка к более 4 социальным сетям, не менее 600 подписчиков - 5

3*

Периодичность выпуска газеты

1 раз в неделю - 1

2 раза в неделю - 2

3 раза в неделю - 3

4 раза в неделю - 4

5 и более раз в неделю - 5

4**

Тираж для журналов

до 500 экземпляров - 1

от 500 до 1000 экземпляров - 2

от 1000 до 5000 экземпляров - 3

от 5000 до 10000 экземпляров – 4

от 10000 экземпляров - 5

5**

Наличие интернет-ресурса журнала

сайт имеется - 1

привязка к 1 социальным сетям - 2

привязка к 2 социальным сетям - 3

привязка к 3 социальным сетям – 4

привязка к более 4 социальным сетям - 5

6**

Периодичность выпуска журнала

1 раз в квартал - 1

1 раз в 2 месяца - 2

1 раз в месяц - 3

2 раза в месяц - 4

3 раза в месяц - 5

7

Срок постановки на учет или переучет периодического печатного издания

до 1 года - 1

от 1 до 3 лет - 2

от 3 до 5 лет - 3

от 5 до 7 лет - 4

от 7 лет - 5

8

Наличие журналистского состава (технического, творческого и журналистского)

не менее 3-х человек - 1

не менее 5-ти человек - 2

не менее 7-ми человек - 3

не менее 9-ти человек - 4

более 10 человек - 5

9

Уникальность печатного СМИ

публикация в основном информационных сообщений – 1

высокий уровень перепечаток - 2

контент в основном состоит из собственного материала - 3

регулярная публикация мнений экспертов - 4

большое количество эксклюзивных материалов - 5

10

Творческое предложение по освещению тематических направлений

плохо - 0

не удовлетворительно - 2

удовлетворительно - 3

хорошо - 4

отлично - 5

      Примечание:
      * - применимы исключительно для оценки газет;
      ** - применимы исключительно для оценки журналов.

Балльная оценка для определения интернет-ресурсов на оказание государственного заказа по проведению государственной информационной политики

  Таблица 4

Критерий

Оценка

1. Аспекты, характеризующие производственную компанию

1

Количество посетителей

до 500 000 в месяц - 1

до 1 000 000 в месяц - 2

до 2 000 000 в месяц - 3

до 5 000 000 в месяц - 4

свыше 5 000 000 - 5

2

Наличие мобильного приложения

до 10 000 скачиваний - 1

до 50 000 скачиваний - 2

до 100 000 скачиваний - 3

до 500 000 скачиваний – 4

свыше 500 000 скачиваний - 5

3

Наличие адаптированной мобильной версии сайта

нет - 0

есть - 1

4

Уровень организации рабочего процесса Интернет портала

собственные журналисты

технические специалисты, переводчики

в штате нет журналистов - 0

один журналист в штате - 1

штат состоит из двух журналистов - 2

сотрудники совмещают должности - 3

кроме журналистов работают фотокорреспонденты, переводчики, редакторы и т.д.- 4

5

Техническая возможность проведения онлайн-конференций

нет - 0

есть - 1

6

Наличие аккаунтов в социальных сетях и количество подписчиков (в одном из социальных сетей)

количество подписчиков менее 20000 -1

количество подписчиков
менее 30000 - 2

количество подписчиков менее 40000 - 3

количество подписчиков менее 50000 - 4

количество подписчиков 60000 и более - 5

7

Уникальность Интернет портала:
количество собственных статей
наличие и количество рубрик
уникальный проект/рубрика/услуга
эксклюзивные права на размещение той или иной информации

агрегатор новостей – 1

высокий уровень перепечаток - 2

контент состоит из собственного материала - 3

есть собственные рубрики и разделы - 4

много эксклюзивных материалов - 5

8

Творческое предложение по освещению тематических направлений

плохо - 0

не удовлетворительно - 2

удовлетворительно - 3

хорошо - 4

отлично - 5