Сұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 сәуірде № 16713 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 130-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Сұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 19 наурыздағы
№ 106 бұйрығымен бекітілген

Сұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2022 № 359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

р/с

Сұйытылған мұнай газын өндірушілер

1.

"Павлодар мұнайхимия зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2.

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3.

"ПетроКазахстан Ойл Продактс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

4.

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамы

5.

"Қазақ газ өңдеу зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

6.

"Қазгермұнай" біріккен кәсіпорыны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

7.

"Қазақойл Ақтөбе" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

8.

"Жаикмунай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

9.

"Тенгизшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

10.

"САУТС - ОЙЛ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

11.

Алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

12.

"Gas Processing Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

13.

"Н-ГӨЗ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі


Об утверждении Перечня производителей сжиженного нефтяного газа

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 19 марта 2018 года № 106. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 апреля 2018 года № 16713.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 130 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра энергетики РК от 01.04.2022 № 123 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемый Перечень производителей сжиженного нефтяного газа.

      2. Департаменту развития газовой промышленности Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан после его официального опубликования;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 29 июня 2018 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
К. Бозумбаев

  Утвержден
приказом Министра энергетики
Республики Казахстан
от 19 марта 2018 года № 106

Перечень производителей сжиженного нефтяного газа

      Сноска. Перечень с изменениями, внесенными приказами Министра энергетики РК от 01.04.2022 № 123 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 17.11.2022 № 359 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).


п/п

Производители сжиженного нефтяного газа

1.

Товарищество с ограниченной ответственностью "Павлодарский нефтехимический завод"

2.

Товарищество с ограниченной ответственностью "Атырауский нефтеперерабатывающий завод"

3.

Товарищество с ограниченной ответственностью "ПетроКазақстан Ойл Продактс"

4.

Акционерное общество "СНПС-Актобемунайгаз"

5.

Товарищество с ограниченной ответственностью "Казахский газоперерабатывающий завод"

6.

Товарищество с ограниченной ответственностью "Совместное предприятие "Казгермунай"

7.

Товарищество с ограниченной ответственностью "Казахойл Актобе"

8.

Товарищество с ограниченной ответственностью "Жаикмунай"

9.

Товарищество с ограниченной ответственностью "Тенгизшевройл"

10.

Товарищество с ограниченной ответственностью "САУТС-ОЙЛ"

11.

Исключена приказом Министра энергетики РК от 01.04.2022 № 123 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

12.

Товарищество с ограниченной ответственностью "Gas Processing Company"

13.

Товарищество с ограниченной ответственностью "Н-ГПЗ"