БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-3/1070 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12477 болып тіркелді, 2015 жылы 30 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары осы бұйрықтын қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi |
Ө. Шөкеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
" " 2018 жыл
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
Арнайы көлік құралының атауы* | Арнайы көлік құралының функционалдық мақсаты | Арнайы көлік құралдарын пайдалануға құқығы бар республикалық мемлекеттік мекемелер | Көлік құралдарының шекті саны |
Жедел | Жануарлар дүние-сiн қорғау, өсiмiн молайту және пай-далану, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен айрықша экологиялық, ғылы-ми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объек-тілері саласында бақылауды жүзеге асыру үшін. | Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті | 3 |
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциялары, оның ішінде: | 264 | ||
Ақмола облысы | 22 | ||
Ақтөбе облысы | 11 | ||
Алматы облысы | 35 | ||
Атырау облысы | 35 | ||
Шығыс Қазақстан облысы | 33 | ||
Жамбыл облысы | 14 | ||
Батыс Қазақстан облысы | 14 | ||
Қызылорда облысы | 17 | ||
Қарағанды облысы | 16 | ||
Қостанай облысы | 15 | ||
Маңғыстау облысы | 14 | ||
Павлодар облысы | 12 | ||
Солтүстік Қазақстан | 14 | ||
Оңтүстік Қазақстан | 12 |
Ескертпе: * арнайы көлік құралы – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен айырықша экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілері саласында бақылауды жүзеге асыруға арналған жеңіл автомобиль негізіндегі көлік құралы.