"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 202-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі тұтыну үшін шығару рәсімімен орналастырылған, оған қатысты арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен қатар қолданылған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген шартты түрде шығарылған тауарларды нысаналы пайдалануды тану қағидалары бекітілсін.
2. "Арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды шартты түрде шығарылған нысаналы пайдалануды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 106 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 84 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14860 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
|
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 5 сәуір
Ішкі тұтыну үшін шығару рәсімімен орналастырылған, оған қатысты арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен қатар қолданылған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген шартты түрде шығарылған тауарларды нысаналы пайдалануды тану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі тұтыну үшін шығару рәсімімен орналастырылған, оған қатысты арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен қатар қолданылған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген шартты түрде шығарылған тауарларды нысаналы пайдалануды тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Осы Ішкі тұтыну үшін шығару рәсімімен орналастырылған, оған қатысты арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен қатар қолданылған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген шартты түрде шығарылған тауарларды нысаналы пайдалануды тану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы инвестициялық жоба – арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойманың иеленуші (бұдан әрі – АЭА Қатысушы немесе ЕҚ Иеленуші) ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған және (немесе) іске асыратын инвестициялық жоба не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған жоба ;
2) арнайы инвестициялық келісімшарт – арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар беруді көздейтін шарт;
3) дайын өнім (қайта өңдеу өнімі) – арнайы инвестициялық келісімшартты іске асыру шеңберінде, оның ішінде шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауар.
2-тарау. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе еркін қойманы иеленуші Ішкі тұтыну үшін шығару рәсімімен орналастырылған, оған қатысты арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен қатар қолданылған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген шартты түрде шығарылған тауарларды нысаналы пайдалануды тану тәртібі
3. Арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына арнайы АЭА Қатысушының немесе ЕҚ Иеленушінің әкелген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған, шартты түрде шығарылған тауарларды нысаналы пайдалану аталған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес дайын өнімнің (қайта өңдеу өнімі) құрамында оларды сәйкестендірген жағдайда, дайын өнімді (қайта өңделген өнімді) өндіру, алу, жасау, дайындау үшін пайдалану (тұтыну) болып табылады.
4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тауарларды нысаналы пайдалануды растау АЭА Қатысушының немесе ЕҚ Иеленушінің аумақтық мемлекеттік кірістер органына арнайы инвестициялық келісімшарттың көшірмесін және АЭА Қатысушының немесе ЕҚ Иеленушінің қолымен және мөрімен (бар болса) расталған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы экономикалық аймақ қатысушының немесе бос қойма иесінің арнайы инвестициялық келісімшарты шеңберінде әкелінетін тауарларды пайдалануы туралы мәліметтерді ұсынуы болып табылады.
5. Арнайы инвестициялық келісімшарттың көшірмесін және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы АЭА Қатысушының немесе ЕҚ Иеленушінің арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде әкелінетін тауарларды пайдалануы туралы мәліметтерді АЭА Қатысушы немесе ЕҚ Иеленуші аумақтық мемлекеттік кірістер органына еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін немесе бос қойманың кедендік рәсімін аяқтау мақсатында ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырғаннан кейін дайын өнімді (қайта өңделген өнімді) пайдалану және (немесе) билік ету, өткізу құқықтарын берген күннен кешіктірмейтін мерзімде ұсынады.
6. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тауарлар АЭА Қатысушы немесе ЕҚ Иеленуші арнайы инвестициялық келісімшарттың көшірмесін және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы АЭА Қатысушының немесе ЕҚ Иеленушінің арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде әкелінетін тауарларды пайдалануы туралы мәліметтерді аумақтық мемлекеттік кірістер органына ұсынғаннан кейін кедендік бақылауда болып саналмайды және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады.
7. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тауарларды нысаналы пайдалануды тану мерзімі АЭА Қатысушының немесе ЕҚ Иеленушінің арнайы инвестициялық келісімшарттың көшірмесін және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы АЭА Қатысушының немесе ЕҚ Иеленушінің арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде әкелінетін тауарларды пайдалануы туралы мәліметтерді аумақтық мемлекеттік кірістер органына ұсынған күні болып табылады.
3-тарау. Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан заңды тұлғалардың Ішкі тұтыну үшін шығару рәсімімен орналастырылған, оған қатысты арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен қатар қолданылған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген шартты түрде шығарылған тауарларды нысаналы пайдалануды тану тәртібі
8. Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан заңды тұлғалардың Ішкі тұтыну үшін шығару рәсімімен орналастырылған, оған қатысты арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен қатар қолданылған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген шартты түрде шығарылған тауарларды нысаналы пайдалану дайын өнімді (қайта өңделген өнімді) өндіру, алу, жасау, дайындау үшін аталған тауарларды пайдалану (тұтыну) болып табылады.
9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тауарларды нысаналы пайдалануды растау Заңды тұлғаның аумақтық мемлекеттік кірістер органына арнайы инвестициялық келісімшарттың көшірмесін және заңды тұлғаның қолымен және мөрімен (бар болса) расталған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан заңды тұлғамен арнайы инвестициялық келісімшартының шеңберінде енгізілетін тауарларды пайдалану туралы мәліметтерді ұсынуы болып табылады.
10. Арнайы инвестициялық келісімшарттың көшірмесі және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан заңды тұлға арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде әкелінетін тауарларды пайдалану туралы мәліметтерді заңды тұлға аумақтық мемлекеттік кірістер органына дайын өнімді (қайта өңделген өнімді) пайдалану және (немесе) билік ету, өткізу құқықтарын табыстаған күннен кешіктірмейтін мерзімде ұсынады.
11. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тауарларды нысаналы пайдалануды тану мерзімі заңды тұлғаның арнайы инвестициялық келісімшарттың көшірмесін және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан заңды тұлғаның арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде әкелінетін тауарларды пайдалану туралы мәліметтерді аумақтық мемлекеттік кірістер органына ұсынған күні болып табылады.
Арнайы экономикалық аймаққа қатысушының немесе бос қойма иесінің арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде әкелінетін тауарларды пайдалануы туралы мәліметтер
1. Заңды тұлғаның деректемелері_____________________________________________
__________________________________________________________________________
2. Бизнес сәйкестендіру нөмірі________________________________________________
Ішкі тұтыну үшін кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларға арналған декларация нөмірі | ЕАЭО СЭҚ ТН кодын көрсете отырып дайын өнімнің (қайта өңдеу өнімінің) атауы (10 белгі деңгейінде)* | Еркін кедендік аймақтың/бос қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға арналған декларация нөмірі | ЕАЭО СЭҚ ТН кодын көрсете отырып импортталатын тауардың атауы (10 белгі деңгейінде)* | Дайын өнімді (қайта өңдеу өнімін) шығаруға берілген жүкқұжаттың немесе кәсіпорындағы өндірістік операциялардың аяқталғандығын растайтын өзге де құжаттың нөмірі |
Басшы ____________________________________________________/______________/
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
Күні 20__ жылғы "__"___________ М.О. (бар болған жағдайда)
Ескертпе:
* ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық
қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы.
Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан заңды тұлғаның арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде әкелінетін тауарларды пайдалануы туралы мәліметтер
1. Заңды тұлғаның деректемелері_____________________________________________
__________________________________________________________________________
2. Бизнес сәйкестендіру нөмірі________________________________________________
Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларация нөмірі | ЕАЭО СЭҚ ТН кодын көрсете отырып импортталатын тауардың атауы (10 белгі деңгейінде)* | ЕАЭО СЭҚ ТН кодын көрсете отырып дайын өнімнің (қайта өңдеу өнімінің) атауы (10 белгі деңгейінде)* | Дайын өнімді (қайта өңдеу өнімін) шығаруға берілген жүкқұжаттың немесе кәсіпорындағы өндірістік операциялардың аяқталғандығын растайтын өзге де құжаттың нөмірі |
Басшы _____________________________________________________/______________/
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
Күні 20__ жылғы "__"___________ М.О. (бар болған жағдайда)
Ескертпе:
* ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық
қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы.