Арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды шартты түрде шығарылған нысаналы пайдалануды тану қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 106 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 84 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 наурызда № 14860 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 208 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 143 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2018 № 208 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.04.2018 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 301-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды шартты түрде шығарылған нысаналы пайдалануды тану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов ___________

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек ___________
 

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________ Б.Т.Сұлтанов

      201__ жылғы 24 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 24 ақпандағы
№ 84 және
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 23 ақпандағы
№ 106 бірлескен бұйрығымен
бекітілді

Арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды шартты түрде шығарылған нысаналы пайдалануды тану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды шартты түрде шығарылған нысаналы пайдалануды тану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Кодексінің 301 бабының 4-1 тармағына сәйкес дайындалған және Арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды шартты түрде шығарылған нысаналы пайдалануды тану тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы инвестициялық жоба – бұл Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде тіркелген, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы, немесе Қазақстан Республикасының Кеден заңнамасына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген еркін қойма иесі іске асырған және (немесе) іске асырып жатқан инвестициялық жоба, не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған жоба (бұдан әрі – Заңды тұлға);

      2) арнайы инвестициялық келісімшарт – арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық артықшылықтар ұсынуды көздейтін шарт;

      3) дайын өнім (қайта өңдеу өнімі) – арнайы инвестициялық келісімшартты іске асыру шеңберінде, оның ішінде шетел тауарларынан дайындалған (алынған) тауар.

2-тарау. Арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды шартты түрде шығарылған нысаналы пайдалануды тану арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының (резиденттер) немесе еркін қойма иелерінің тану тәртібі

      3. Арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды шартты түрде шығарылған нысаналы пайдалануды тану арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының (резиденттер) немесе еркін қойма иелерінің тану аталған тауарларды оларды Кеден Одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес дайын өнімнің (қайта өңделген өнімнің) құрамында сәйкестендірген жағдайда дайын өнім өндірісі (қайта өңдеу өнімі) үшін өндіру, алу, жасалу пайдалану (тұтыну) болып табылады.

      4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тауарларды нысаналы пайдалануды растау Заңды тұлғаның кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне арнайы инвестициялық келісімшарттың көшірмесін және Заңды тұлғаның қолы және мөрімен куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы экономикалық аймақ қатысушысының (резидентінің) немесе бос қойма иесінің, арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде енгізілетін тауарларды пайдалану туралы мәліметтерді ұсынуы болып табылады.

      5. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін немесе бос қойманың кедендік рәсімін аяқтау мақсатында, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарларды шығарғанға дейін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне арнайы инвестициялық келісімшарттың көшірмесін және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы экономикалық аймақ қатысушысының (резидентінің) немесе бос қойма иесінің арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде енгізілетін тауарларды пайдалану туралы мәліметтерді ұсынуына рұқсат беріледі.

      Өзге жағдайларда арнайы инвестициялық келісімшарттың көшірмесі және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы экономикалық аймақ қатысушысының (резидентінің) немесе бос қойма иесінің, арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде енгізілетін тауарларды пайдалану туралы мәліметтері кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне дайын өнімді (қайта өңдеу өнімін) пайдалану және (немесе) билік ету, өткізу құқықтарын табыстаған күннен кешіктірмеген мерзімде ұсынылады.

      6. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тауарлар Заңды тұлға арнайы инвестициялық келісімшарттың көшірмесін және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы экономикалық аймақ қатысушысының (резидентінің) немесе бос қойма иесінің, арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде енгізілетін тауарларды пайдалану туралы мәліметтерді кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсынғаннан кейін кедендік бақылаудан алынып тасталған болып саналады және Кеден одағының тауарлары мәртебесіне ие болады.

      7. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тауарлардың нысаналы пайдалануды тану мерзімі Заңды тұлғаның арнайы инвестициялық келісімшарттың көшірмесін және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы экономикалық аймақ қатысушысының (резидентінің) немесе бос қойма иесінің, арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде енгізілетін тауарларды пайдалану туралы мәліметтерді кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсынған күні болып табылады.

3-тарау. Арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды шартты түрде шығарылған нысаналы пайдалануды тану моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан заңды тұлғалардың тану тәртібі

      8. Арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды шартты түрде шығарылған нысаналы пайдалануды тану моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан заңды тұлғалардың тану аталған тауарларды дайын өнім өндірісін дайындау (қайта өңдеу өнімі) үшін өндіру, алу, жасалу пайдалану (тұтыну) болып табылады.

      9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тауарларды нысаналы пайдалануды растау Заңды тұлғаның кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне арнайы инвестициялық келісімшарттың көшірмесін және Заңды тұлғаның қолы және мөрімен куәландырылған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан заңды тұлғамен арнайы инвестициялық келісімшартының шеңберінде енгізілетін тауарларды пайдалану туралы мәліметтерді ұсынуы болып табылады.

      10. Арнайы инвестициялық келісімшарттың көшірмесі және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан заңды тұлғамен арнайы инвестициялық келісімшартының шеңберінде енгізілетін тауарларды пайдалану туралы мәліметтерді Заңды тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне дайын өнімді (қайта өңдеу өнімін) пайдалану және (немесе) билік ету, өткізу құқықтарын табыстаған күннен кешіктірмеген мерзімде ұсынады.

      11. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тауарларды нысаналы пайдалануды тану мерзімі Заңды тұлғаның арнайы инвестициялық келісімшарттың көшірмесін және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан заңды тұлғамен арнайы инвестициялық келісімшартының шеңберінде енгізілетін тауарларды пайдалану туралы мәліметтерді кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсынған күні болып табылады.

  Арнайы инвестициялық
келісімшарттарды іске асыру
шеңберінде Кеден одағының
кедендік аумағына әкелінген
тауарларды пайдалану және
(немесе) оларға билік ету
бойынша шектеулермен
ұштасқан кедендік әкелу
баждарын, салықтарды төлеу
бойынша жеңілдіктер берілген
ішкі тұтыну үшін шығарудың
кедендік рәсімімен
орналастырылған тауарларды
шартты түрде шығарылған
нысаналы пайдалануды тану
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының (резидентінің) немесе бос қойма иесінің, арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде енгізілетін тауарларды пайдалану туралы мәліметтер

      1. Заңды тұлғаның деректемелері____________________________________________

      ________________________________________________________________________

      2. Бизнес сәйкестендіру нөмірі______________________________________________

Еркін кедендік аймақтың/бос қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға арналған декларациялар нөмірі ***

ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетілген импортталатын тауардың атауы (10 белгі деңгейінде)*

Ішкі тұтыну үшін кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларға арналған декларациялар нөмірі**

ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетілген дайын өнімнің (қайта өңдеу өнімінің) атауы (10 белгі деңгейінде)*

Дайын өнімді (қайта өңдеу өнімін) шығаруға берілген жүкқұжаттың немесе кәсіпорындағы өндірістік операциялардың аяқталғандығын растайтын өзге құжаттың нөмірі






      Басшы __________________________________/______________/

      (басшының тегі, аты, әкесінің аты )             (қолы)

      Күні 20__ ж. "__"___________                        М.О. (бар болған жағдайда)

      Ескертулер:

      * ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы.

      ** Егер көрсетілген мәліметтер тауарларды шығарғанға дейін берілген жағдайда бұл жол толтырылмайды

      *** Егер көрсетілген мәліметтер тауарларды шығарғанға дейін берілген жағдайда бұл жол толтырылады

  Арнайы инвестициялық
келісімшарттарды іске асыру
шеңберінде Кеден одағының
кедендік аумағына әкелінген
тауарларды пайдалану және
(немесе) оларға билік ету
бойынша шектеулермен
ұштасқан кедендік әкелу
баждарын, салықтарды төлеу
бойынша жеңілдіктер берілген
ішкі тұтыну үшін шығарудың
кедендік рәсімімен
орналастырылған тауарларды
шартты түрде шығарылған
нысаналы пайдалануды тану
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан заңды тұлғамен арнайы инвестициялық келісімшартының шеңберінде енгізілетін тауарларды пайдалану туралы мәліметтер

      1. Заңды тұлғаның деректемелері___________________________________________

      ________________________________________________________________________

      2. Бизнес сәйкестендіру нөмірі______________________________________________

Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларация нөмірі

ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетілген импортталатын тауардың атауы (10 белгі деңгейінде)*

ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетілген дайын өнімнің (қайта өңдеу өнімінің) атауы (10 белгі деңгейінде)*

Дайын өнімді (қайта өңдеу өнімін) шығаруға берілген жүкқұжаттың немесе кәсіпорындағы өндірістік операциялардың аяқталғандығын растайтын өзге құжаттың нөмірі





      Басшы __________________________________/______________/

      (басшының тегі, аты, әкесінің аты )             (қолы)

      Күні 20__ жылғы "__"___________                  М.О. (бар болған жағдайда)

      Ескерту:

      * ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады