Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 752 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 мамырда № 16920 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14987 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 6 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сот сарапшылары біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) "Сот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және Сот сарапшылары, сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сарапшылары біліктілігін беру жөніндегі комиссияның қызметін (бұдан әрі - Комиссия) айқындайды.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссия төрағасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сараптама қызметін ұйымдастыру жөніндегі департаментінің директоры (бұдан әрі - Департамент) болып табылады.

      Комиссия төрағасы болмаған кезде, (іссапарда, уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде, демалыста) оның қызметтерін Комиссияның бекітілген құрамындағы тізім бойынша келісі адам атқарады.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      2) Сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 334 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14990 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 17 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы Ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Сот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссияның қызметін (бұдан әрі - Комиссия), сонымен қатар Сот сарапшыларын, сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сарапшыларды кезектен тыс аттестаттауды айқындайды.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссия төрағасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сараптама қызметін ұйымдастыру жөніндегі департаментінің директоры (бұдан әрі - Департамент) болып табылады.

      Комиссия төрағасы болмаған кезде, (іссапарда, уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде, демалыста) оның қызметтерін Комиссияның бекітілген құрамындағы тізім бойынша келісі адам атқарады.";

      6-тармақ алып тасталсын.

      2. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелері қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

О внесении изменений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 15 мая 2018 года № 752. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 мая 2018 года № 16920

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан следующие изменения:

      1) в приказе Министра юстиции Республики Казахстан от 30 марта 2017 года № 333 "Об утверждении Положения о комиссии по присвоению квалификации судебного эксперта" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14987, опубликован 6 апреля 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в Положении о комиссии по присвоению квалификации судебного эксперта, утвержденном указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Положение о комиссии по присвоению квалификации судебных экспертов разработано (далее-Положение) в соответствии с подпунктом 16) статьи 12 Закона Республики Казахстан от 10 февраля 2017 года "О судебно-экспертной деятельности" (далее – Закон) и определяет деятельность Комиссии по присвоению квалификации судебных, судебно-медицинских, судебно-наркологических и судебно-психиатрических экспертов (далее-Комиссия).";

      пункт 4 исключить;

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "Председателем Комиссии является директор Департамента по организации экспертной деятельности Министерства юстиции Республики Казахстан (далее-Департамент).

      Во время отсутствия председателя Комиссии (командировка, временная нетрудоспособность, отпуск) его функции выполняет один из заместителей председателя Комиссии, первый по списку из утвержденного состава Комиссии, в случае его отсутствия - следующий по списку.";

      пункт 6 исключить;

      2) в приказе Министра юстиции Республики Казахстан от 30 марта 2017 года № 334 "Об утверждении Положения о комиссии по проведению аттестации судебных экспертов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14990, опубликован 17 апреля 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в Положении о комиссии по проведению аттестации судебных экспертов, утвержденном указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Положение о комиссии по проведению аттестации судебных экспертов разработано (далее-Положение) в соответствии подпунктом 19) статьи 12 Закона Республики Казахстан от 10 февраля 2017 года "О судебно-экспертной деятельности" (далее - Закон) и определяет деятельность комиссии по проведении аттестации, в том числе внеочередной аттестации судебных, судебно-медицинских, судебно-наркологических и судебно-психиатрических экспертов (далее - Комиссия).";

      пункт 4 исключить;

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "Председателем Комиссии является директор Департамента по организации экспертной деятельности Министерства юстиции Республики Казахстан (далее-Департамент).

      Во время отсутствия председателя Комиссии (командировка, временная нетрудоспособность, отпуск) его функции выполняет один из заместителей председателя Комиссии, первый по списку из утвержденного состава Комиссии, в случае его отсутствия - следующий по списку.";

      пункт 6 исключить.

      2. Департаменту по организации экспертной деятельности в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции
Республики Казахстан
М. Бекетаев