"Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2018 жылғы 14 мамырдағы № 17-5-6/135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 мамырда № 16963 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11939 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу":

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:

      1) Шығыс тасталым сызығынан (Құркелес өзенiнің сағасы) Өзбекстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына дейiнгі Сырдария өзенiнде және Шардара су қоймасының (Шығыс тасталым, Құркелес, Отырлы өзендерiнiң сағасы, Корей шығанағы) негiзгi уылдырық шашу учаскелерiнде 1 сәуірден 30 маусымды қоса алғандағы аралықта;

      2) Шардара су қоймасының су айлағында 10 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;

      3) Оңтүстік Қазақстан облысы шегіндегі су айдындарда және Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейiнгi Сырдария өзенiнде 15 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы аралықта;

      4) сағадан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 1 сәуiр мен 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;

      5) Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 1 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;

      6) Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуірден 10 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін;

      7) Сарышығанақ және Бутаковка шығанағында сонымен қатар, осы шығанақтарды байланыстыратын сағаларда мұздың ыдырауынан бастап маусымның 10-на дейін.";

      8-тармақтағы Ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: балық өлiмiн болдырмау мақсатында Көкарал бөгетiнiң төменгi бьефінде, Кiшi Арал теңiзiн Үлкен Арал теңiзiмен байланыстыратын жылғада балық аулауға жол беріледі.";

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Балқаш көліне құятын сағалардан ағыспен жоғарғы бағытта өзеннің жалпы ұзындығымен және оның негізгі сағалары , сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта.";

      8 - тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні және Қиғаш өзені бойынша шектеу мен тыйым салу";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Барлық суда 1 мамырдан 30 қыркүйекті қоса алғандағы аралықта шаяндарды аулауға тыйым салу енгізілсін.";

      26-тармақтың 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) шекара ауданындағы Жайық өзенінің құярлық аймағында:

      батыста – солтүстік ендікте (ары қарай - с.е.) 46°44'38.74" нүктесінен сызық бойымен, 52°17'10.89" шығыс бойлықта (ары қарай – ш.б.) солтүстік ендіктің 46°28'07.6" нүктесіне дейін 52°16'08.6" шығыс бойлықта;

      шығыста – солтүстік ендікте 46°55'33.18" нүктесінен сызық бойымен 50°48'53.29" шығыс бойлықта солтүстік ендіктің 46°43'40.36" нүктесіне дейін 50°48'26.55" шығыс бойлықта;

      оңтүстікте – солтүстік ендікте (ары қарай – с.е.) 46°50'37.3" нүктесінен тура сызықта, 51°22'39.2" шығыс бойлықта (ары қарай – ш.б.) солтүстік ендіктің 46°38'47.7" нүктесіне дейін 51°42'27.9" шығыс бойлықта";

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері":

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мынадай:

      1) Шығыс тасталым сызығынан (Құркелес өзенiнің сағасы) Өзбекстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына дейiнгі Сырдария өзенiнде және Шардара су қоймасының Шығыс тасталым, Құркелес, Отырлы өзендерiнiң сағасы, Корей шығанағы учаскелерiнде 1 маусымнан 31 наурызды қоса алғандағы аралықта;

      2) Шардара су қоймасының су айлағында 21 мамыр мен 9 сәуірді қоса алғандағы аралықта;

      3) Оңтүстік Қазақстан облысы шегіндегі су айдындарда және Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейiнгi Сырдария өзенiнде 1 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;

      4) сағадан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 31 мамырдан 31 наурызды қоса алғандағы аралықта;

      5) Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 11 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;

      6) Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарда 11 маусымнан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;

      7) артемия жұмыртқаларын жинау және дайындау үшін Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Қазақстан Республикасы аумағының шегінде Тұщыбас, Чернышева шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде 1 тамыздан 31 наурызды қоса алғандағы аралықта балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері (бұдан әрі – пайдалану орындары мен мерзімдері) белгіленсін.

      8) Сарышығанақ және Бутаковка шығанағында сонымен қатар, осы шығанақтарды байланыстыратын сағаларда маусымның 11-нен бастап мұздың ыдырауына дейін.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Балқаш көліне құятын сағалардан ағыспен жоғарғы бағытта өзеннің жалпы ұзындығымен және оның негізгі сағалары, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта.";

      7 - тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні және Қиғаш өзені бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері";

      7-тармақ 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) шаяндарды аулау үшін барлық суда 16 маусымнан 31 наурызды қоса алғандағы аралықта.";

      2. Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасы заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитетінің төрағасы
Қ. Рыскелдинов

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 июля 2015 года № 190 "О введении ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, их частей и дериватов, установлении мест и сроков их пользования"

Приказ Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 мая 2018 года № 17-5-6/135. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 мая 2018 года № 16963

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 июля 2015 года № 190 "О введении ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, их частей и дериватов, установлении мест и сроков их пользования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11939, опубликован 14 сентября 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Приложении 1 "Ограничения и запреты на пользование рыбными ресурсами и другими водными животными их частей и дериватов" утвержденного указанным приказом:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. В период нереста и размножения рыбных ресурсов и других водных животных ввести запрет на рыболовство в следующих местах и сроки:

      1) на реке Сырдария от линии Восточный сброс (устье реки Куркелес) до государственной границы с Республикой Узбекистан и на участках основных нерестилищ (Восточный сброс, устье рек Куркелес, Утурлы, залив Корейский) водохранилище Шардара – с 1 апреля по 30 июня;

      2) на акватории водохранилища Шардара – с 10 апреля по 20 мая;

      3) на водоемах в пределах Южно-Казахстанской области и на реке Сырдария от водохранилища Шардара до административной границы с Кызылординской областью – с 15 апреля по 31 мая;

      4) на реке Сырдария от устья до административной границы с Южно-Казахстанской областью – с 1 апреля по 30 мая;

      5) на акватории Малого Аральского моря – с 1 мая по 10 июня;

      6) на водоемах в пределах Кызылординской области – с 20 апреля по 10 июня;

      7) на заливах Сарышыганак и Бутакова, а также протоках, соединяющих эти заливы – с распалением льда до 10 июня.";

      примечание пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "Примечание: в целях предотвращения гибели рыбы рыболовство допускается в нижнем бьефе Кокаральской плотины, в протоке соединяющей Малое Аральское море с Большим Аральским морем.";

      подпункт 2) пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "2) на реках Каратал, Аксу, Лепсы, Аягуз, включая устья, протоки и поймы этих рек от устья их впадения в озеро Балкаш, и вверх по течению по всей длине реки и ее основных притоков, а также вглубь и по обе стороны озера Балкаш в радиусе 5 км от устьев этих рек – с 15 апреля по 1 июня;";

      заголовок главы 8 изложить в следующей редакции:

      "Ограничения и запреты по Жайык-Каспийскому бассейну и реки Кигач";

      пункт 24 изложить в следующей редакции:

      "24. Ввести запрет на повсеместный отлов раков с 1 апреля по 15 июня.";

      подпункт 3) пункта 26 изложить в следующей редакции:

      "3) в предустьевом пространстве реки Жайык в пределах границ:

      на западе – по прямой линии от точки 46°44'38.74" северной широты (далее ‒ с.ш.) 52°17'10.89" восточной долготы (далее ‒ в.д.) до точки 46°28'07.6" северной широты 52°16'08.6" восточной долготы;

      на востоке – по прямой линии от точки 46°55'33.18" северной широты 50°48'53.29" восточной долготы до точки 46°43'40.36" северной широты 50°48'26.55" восточной долготы;

      на юге – по прямой линии от точки 46°50'37.3" северной широты и далее (с.ш.) до точки 51°22'39.2" восточной долготы до точки 46°38'47.7" северной широты и 51°42'27.9" восточной долготы.";

      в Приложении 2 "Места и сроки пользования рыбными ресурсами и другими водными животными, их частей и дериватов":

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Установить места и сроки пользования рыбными ресурсами и другими водными животными, их частей и дериватов (далее – места и сроки пользования):

      1) на реке Сырдария от линии Восточный сброс (устье реки Куркелес) до государственной границы с Республикой Узбекистан и Шардаринском водохранилище на участках Восточный сброс, устье рек Куркелес, Утурлы, залив Корейский – с 1 июля по 31 марта;

      2) на акватории водохранилища Шардара – с 21 мая по 9 апреля;

      3) на водоемах в пределах Южно-Казахстанской области и реке Сырдария от Шардаринского водохранилища до административной границы с Кызылординской областью – с 1 июня по 14 апреля;

      4) на реке Сырдария от устья до административной границы с Южно-Казахстанской областью – с 31 мая по 31 марта;

      5) на акватории Малого Аральского моря – с 11 июня по 30 апреля;

      6) на водоемах в пределах Кызылординской области – с 11 июня по 19 апреля;

      7) на Большом Аральском море, включая залив Тущебас, Чернышева, в пределах территории Республики Казахстан до государственной границы с Республикой Узбекистан для сбора и заготовки цист артемии – с 1 августа по 31 марта;

      8) на заливах Сарышыганак и Бутакова, а также протоках, соединяющих эти заливы – с 11 июня до распалением льда.";

      подпункт 2) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "2) на реках Каратал, Аксу, Лепсы, Аягуз, включая устья, протоки и поймы этих рек от устья их впадения в озеро Балкаш, и вверх по течению по всей длине реки и ее основных притоков, а также вглубь и по обе стороны озера Балкаш в радиусе 5 км от устьев этих рек – с 2 июня по 14 апреля.";

      заголовок главы 7 изложить в следующей редакции:

      "7. По Жайык-Каспийскому бассейну и реки Кигач";

      подпункт 9) пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "9) на водоемах для повсеместного отлова раков – 16 июня по 31 марта;".

      2. Управлению охраны рыбных ресурсов и регулирования рыболовства в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства после его официального опубликования;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего Заместителя председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Комитета
лесного хозяйства и животного мира
Министерства сельского хозяйства
Республики Казахстан
К. Рыскельдинов