Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 346 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 маусымда № 17060 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 66-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидалары бекiтілсін.

      2. Мына:

      1) "Келiсiмшарттар талаптарының орындалуын сақтауға мониторингті және бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 500 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11762 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Келiсiмшарттар талаптарының орындалуын сақтауға мониторингті және бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 500 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 811 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14688 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      _____________ Е. Сағадиев

      2018 жылғы "____"________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      ____________ Е. Біртанов

      2018 жылғы "____"_______

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрі

      ____________ М. Әбілқасымова

      2018 жылғы "____"__________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы "____"________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _________________Қ. Бозымбаев

      2018 жылғы "____"___________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар даму
министрінің
2018 жылғы 18 мамырдағы
№ 346 бұйрығымен бекітілген

Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт және (немесе) лицензия бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.05.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар (лицензия) бойынша міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 66-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар және (немесе) лицензиялар бойынша міндеттемелерді орындауына мониторингті (бұдан әрі - мониторинг) жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.

      2. Осы қағидаларға сәйкес мониторинг жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен лицензиялардың мынадай түрлері бойынша жүзеге асырылады:

      1) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензиялар бойынша;

      2) пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар бойынша;

      3) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар бойынша;

      4) кен іздеушілікке арналған лицензиялар бойынша;

      5) уран өндіру жөніндегі келісімшарттардан басқа, Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар;

      6) Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған келісімшарттар және өндіруге арналған келісімшарттар.

      3. Мониторингті жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның тиісті түрін берген және (немесе) Кодекске, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік орган жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік органның жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен келісімшарттар бойынша міндеттемелерін олардың шарттары мен Кодекс талаптарына сәйкес орындауын қадағалау жөніндегі қызметі мониторинг болып табылады.

      5. Мониторинг Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын есептілікті, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу белгілері бар ғарыштық мониторинг деректерін және Мемлекеттік орган өзге көздерден, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылар табыс етуге тиіс өзге де құжаттамадан алған мәліметтерді талдау негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 10.07.2024 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мониторинг нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 375 бұйрығымен бекітілген келісімшарттардың және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларына және (немесе) қағидаларына сәйкес мемлекеттік органның келісімшарттар мен жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар шарттарының сақталуын бақылау шараларын қабылдауына әкеп соғады. (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17075 болып тіркелген).

2-тарау. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт және (немесе) лицензия бойынша мониторингті жүзеге асыру тәртібі

      7. Мониторинг жер қойнауын пайдаланушылар жыл сайын ұсынатын есептілік негізінде, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар немесе келісімшарттар қолданысын тоқтатқан кезде ұсынылатын есептілік негізінде жүзеге асырылады.

      8. Мониторинг Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу белгілері бар ғарыштық мониторинг деректері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органға белгілі болған өзге құжаттар мен мәліметтердің негізінде олардың келіп түсуіне қарай жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 10.07.2024 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Жер қойнауын пайдаланушы ұсынған есептілікті, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу белгілері бар ғарыштық мониторинг деректерді, өзге де құжаттар мен мәліметтерді талдау, оның ішінде мыналарды:

      1) ұсынылған есептілікте олардың орындалғаны туралы мәліметтермен бірге лицензиялар мен келісімшарттар бойынша міндеттемелердің мазмұнын, мөлшерін және талаптарын;

      2) жобалық құжаттардың, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің және Кодекске сәйкес талап етілетін, олар болмаған кезде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынатын құжаттардың мазмұны, болуы немесе болмауы туралы мәліметтермен бірге ұсынылған есептіліктен алынған мәліметтерді;

      3) осындай растау Кодекске сәйкес міндетті болып табылатын жағдайларда, шығыстар туралы көрсетілген мәліметтерді растайтын аудиторлардың есептерімен бірге есептілікте көрсетілген шығыстар туралы мәліметтерді;

      4) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны (жалдау төлемдерін) және қол қойылатын бонусты, салық (сұрау салу бойынша) және өзге де мемлекеттік органдар ұсынған мәліметтермен бірге жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен келісімшарттардың шарттары бойынша тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемақыны төлеу туралы мәліметтерді;

      5) жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар мен лицензиялардың талаптары бойынша міндеттемелері бар, "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылған, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және олардағы елішілік құндылық үлесі туралы есептілік бойынша қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органның мәліметтерін;

      6) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен лицензиялар, мемлекеттік органдардың мемлекеттік бақылау және қадағалау шарттарының сақталуын бақылау нәтижелері бойынша алынған, өзге де мемлекеттік органдардан және көздерден алынған, ұсынылған есептілік және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен лицензиялар талаптары жөніндегі мәліметтермен бірге мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 10.07.2024 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Лицензиялық міндеттемелерді орындау туралы есептілікте ұсынылған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларда көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға міндетті және ең төменгі шығыстар туралы мәліметтерді талдау кезінде есепті күнтізбелік жылдың әрбір толық күнтізбелік айы үшін барабар есепті күнтізбелік жылға арналған лицензиялардың қолданылу шарттары мен мерзімі бойынша келетін осындай шығыстар бойынша міндеттемелердің мөлшері ескеріледі.

      11. Егер лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есеп Кодексте тыйым салынған немесе аудитордың есебімен расталмаған жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған шығыстарды қамтитын болса, мұндай растау міндетті болып табылатын болса, мұндай шығыстар жыл сайынғы ең төменгі шығыстар бойынша міндеттемелердің мониторингі мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті лицензия бойынша шеккен шығыстар ретінде ескерілмейді.

      Жер қойнауын пайдаланушы лицензия бойынша тиісті шығыстарды алып тастау үшін негіз болған бұзушылықтарды кодекстің 200-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде және 221-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімде жойған жағдайда, жол берілген бұзушылықтарды жою қорытындылары бойынша ұсынылған есеп жоюды растайтын құжаттармен бірге қайта мониторингке жатады.

      12. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17063 болып тіркелген) бекітілген Кодекске және жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсынуы қағидаларына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы лицензиялық немесе келісімшарттық міндеттемелерді орындау бойынша жыл сайынғы есептілікті ұсынбаған жағдайда), мониторинг нәтижелері бойынша есептілік кезеңіндегі мұндай міндеттемелер орындалмаған болып есептеледі.

      Жер қойнауын пайдаланушы Кодексте көзделген мерзімде мемлекеттік органның жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен лицензиялардың шарттарының сақталуын бақылау нәтижелері бойынша көрсетілген есептілікті ұсынған жағдайда, оны есептілік кезеңі аяқталғаннан кейін отызыншы сәуірге дейін ұсыну мүмкін еместігін растайтын құжаттармен бірге ұсынылған есеп қайта мониторингілеуге жатады.

Об утверждении Правил мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту (лицензии) на недропользование

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 18 мая 2018 года № 346. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 июня 2018 года № 17060.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 66 Кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 2017 года "О недрах и недропользовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту (лицензии) на недропользование.

      2. Признать утратившими силу:

      1) приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 500 "Об утверждении Правил осуществления мониторинга и контроля за соблюдением выполнения условий контрактов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11762, опубликованный 6 августа 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет");

      2) приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 ноября 2016 года № 811 "О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 500 "Об утверждении Правил осуществления мониторинга и контроля за соблюдением выполнения условий контрактов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14688, опубликованный 6 февраля 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Департаменту недропользования Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на бумажном носителе и в электронной форме на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, согласно подпунктам 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие с 29 июня 2018 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
Ж. Қасымбек

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министр образования и науки
Республики Казахстан
_____________ Е. Сагадиев
"____"______________ 2018 года

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министр здравоохранения
Республики Казахстан
____________ Е. Биртанов
"____"______________ 2018 года

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министр труда и
социальной защиты населения
Республики Казахстан
____________ М. Абылкасымова
"____"______________ 2018 года

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министр финансов
Республики Казахстан
_______________ Б. Султанов

      "____"______________ 2018 года



      "СОГЛАСОВАН"
Министр энергетики
Республики Казахстан
_________________К. Бозумбаев
"____"______________ 2018 года

  Утверждены
приказом Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 18 мая 2018 года № 346

Правила мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту и (или) лицензии на недропользование

      Сноска. Правила - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 05.05.2021 № 222 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту (лицензии) на недропользование (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 66 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" (далее – Кодекс) и определяют порядок осуществления мониторинга выполнения недропользователями обязательств (далее – мониторинг) по контрактам и (или) лицензиям на недропользование.

      2. Мониторинг в соответствии с настоящими Правилами осуществляется по следующим видам контрактам и лицензиям на недропользование:

      1) лицензиям на разведку твердых полезных ископаемых;

      2) лицензиям на добычу твердых полезных ископаемых;

      3) лицензиям на добычу общераспространенных полезных ископаемых;

      4) лицензиям на старательство;

      5) контрактам на разведку и (или) добычу твердых полезных ископаемых, заключенным до введения в действие Кодекса, кроме контрактов по добыче урана;

      6) контрактам на разведку и (или) добычу общераспространенных полезных ископаемых, заключенным до введения в действие Кодекса.

      3. Мониторинг осуществляется государственным органом, выдающим соответствующий вид лицензии на недропользование и (или) являющимся стороной контракта на недропользование в соответствии с Кодексом, функциями и полномочиями, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      4. Мониторинг является составной частью и способом осуществления контроля за выполнением недропользователями обязательств по лицензиям и контрактам на недропользование надлежащим образом в соответствии с их условиями и требованиями Кодекса.

      5. Мониторинг осуществляется на основе анализа отчетности, представляемой недропользователями в соответствии с Кодексом, данных космического мониторинга, содержащих признаки нарушений законодательства Республики Казахстан, и сведений, полученных государственным органом из иных источников, в том числе из иной документации, подлежащей представлению недропользователями.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции приказа Министра промышленности и строительства РК от 10.07.2024 № 254 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      6. Выявленные по результатам мониторинга нарушения влекут принятие государственным органом мер контроля за соблюдением условий контрактов и лицензий на недропользование в соответствии с их положениями и (или) Правилами осуществления контроля за соблюдением условий контрактов и (или) лицензий на недропользование, утвержденными приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 мая 2018 года № 375. (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 17075).

Глава 2. Порядок осуществления мониторинга по контракту и (или) лицензии на недропользование

      7. Мониторинг осуществляется на основе отчетности, представляемой недропользователями на ежегодной основе, отчетности, представляемой при прекращении действия лицензии или контракта на недропользование, а также устранении нарушений.

      8. Мониторинг на основе данных космического мониторинга, содержащих признаки нарушений законодательства Республики Казахстан, иных документов и сведений, ставших известными государственному органу в соответствии с законодательством Республики Казахстан, осуществляется по мере их поступления.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции приказа Министра промышленности и строительства РК от 10.07.2024 № 254 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      9. Анализ представленной недропользователем отчетности, данных космического мониторинга, содержащих признаки нарушений законодательства Республики Казахстан, иных документов и сведений производится в том числе путем сопоставления:

      1) содержания, размера и условий обязательств по лицензиям и контрактам со сведениями об их выполнении в представленной отчетности;

      2) сведений из представленной отчетности со сведениями о содержании, наличии или отсутствии проектных документов, обеспечений исполнения обязательств по ликвидации последствий операций по недропользованию, требуемых в соответствии с Кодексом, в отсутствие которых проведение операций по недропользованию запрещается;

      3) сведений о расходах, указанных в отчетности, с отчетами аудиторов, подтверждающих указанные сведения о расходах, в случаях, когда такое подтверждение является обязательным согласно Кодексу;

      4) сведений об уплате платы за пользование земельными участками (арендных платежей) и подписного бонуса, платы по возмещению исторических затрат по условиям лицензий и контрактов на недропользование со сведениями, представленными налоговыми (по запросу) и иными государственными органами;

      5) сведений уполномоченного органа в области твердых полезных ископаемых по отчетности о приобретенных товарах, работах и услугах и доле внутристрановой ценности в них, представленной посредством государственной информационной системы "Реестр товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей" с обязательствами по условиям контрактов и лицензий на недропользование;

      6) сведений, полученных по результатам контроля за соблюдением условий контрактов и лицензий на недропользование, государственного контроля и надзора государственных органов, полученных из иных государственных органов и источников со сведениями по представленной отчетности и условиями контрактов и лицензий на недропользование.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции приказа Министра промышленности и строительства РК от 10.07.2024 № 254 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      10. При анализе сведений об обязательных и минимальных расходах на операции по недропользованию, предусмотренных лицензий на недропользование, представленных в отчетности о выполнении обязательств лицензионных и контрактных условий, учитывается размер обязательств по таким расходам, приходящийся по условиям и сроку действия лицензий на отчетный календарный год, пропорционально за каждый полный календарный месяц отчҰтного календарного года.

      11. Если отчет об исполнении лицензионных обязательств, включает расходы на операции по недропользованию, проведение которых запрещено в соответствии с Кодексом, или расходы, не подтвержденные отчетом аудитора, когда такое подтверждение является обязательным, такие расходы подлежат исключению и не учитываются в качестве расходов, понесенных по соответствующей лицензии на недропользование для целей мониторинга обязательств по минимальным ежегодным расходам.

      В случае устранения недропользователем нарушений, явившихся основанием для исключения соответствующих расходов по лицензии, в срок предусмотренный частью второй пункта 3 статьи 200 и частью второй пункта 5 статьи 221 Кодекса, представленный отчет по итогам устранения допущенных нарушений подлежит повторному мониторингу вместе с документами, подтверждающими устранение.

      12. В случае непредставления недропользователем ежегодной отчетности по выполнению лицензионных или контрактных обязательств в соответствии с Кодексом и Правилами представления недропользователями отчетов при проведении операций по разведке и добыче твердых полезных ископаемых, добыче общераспространенных полезных ископаемых, утвержденными приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 мая 2018 года № 374 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 17063), по результатам мониторинга такие обязательства за период отчетности считаются неисполненными.

      При представлении недропользователем указанной отчетности по результатам контроля государственного органа за соблюдением условий контрактов и лицензий на недропользование в предусмотренный Кодексом срок, представленный отчет вместе с документами, подтверждающими невозможность его представления до тридцатого апреля после окончания отчетного периода, подлежит повторному мониторингу.