РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 46-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.03.2024 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_______________ Ж. Қасымбек
2018 жылғы 24 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_________________Б. Сұлтанов
2018 жылғы 28 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің төрағасы
___________ К. Мәсімов
2018 жылғы 30 мамыр
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы №192 бұйрығымен бекітілген |
Басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 46-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.03.2024 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Жер қойнауын пайдалануға арналған жаңадан жасалатын және бұрын жасалған келісімшарттарда мемлекеттің Қазақстан Республикасы заңдарының немесе шарттың негізінде басым құқықтарға ие тұлғаларды және ұйымдарды қоса алғанда, кез келген тұлғалар мен ұйымдар алдында стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдаланудың иеліктен шығарылатын құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, сондай-ақ ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығарылатын, стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға арналған басым құқығы болады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.03.2024 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасының мүдделері үшін басым құқық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретті органның шешімі негізінде ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық компания арқылы іске асырылады.
2-тарау. Басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау тәртібі
4. Құзыретті орган стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдаланудың иеліктен шығарылатын құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді, сондай-ақ ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығарылатын, стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға рұқсат беру туралы өтініш (бұдан әрі – Өтініш) келіп түскен күннен бастан 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық компанияға жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға алдын ала мүдделілігі немесе мүдделілігінің болмауы туралы қорытынды (еркін нысандағы) дайындау үшін сұрау салу жібереді.
Өтініш Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 214 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20776 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес беріледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.03.2024 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Егер жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беруге арналған өтініш пайдалы қатты қазбалардың ірі кен орнын қамтитын және (немесе) стратегиялық жер қойнауы учаскесі болып табылатын учаскеде жер қойнауын пайдалану құқығына қатысты берілсе не егер мұндай құқықтар және объектілердің болжалды ауысуы ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын болса, Құзыретті орган осындай өтінішті және оған қоса берілетін Кодекстің 45-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұлттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау үшін оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жібереді.
6. Мемлекеттің басым құқығын іске асыруы туралы мәселені қараған кезде тұлғаның құзыретті органға жіберген өтініші құзыретті органға берілгеннен кейін үш ай ішінде кері қайтарып алуға немесе қайта қарауға жатпайды.
7. Егер өтінішті қарау кезеңінде жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысу бағасы туралы немесе оны төлеу тәртібі туралы шарттар өзгеретін болса, өтініш иесі құзыретті органды осындай өзгеріс туралы жазбаша хабардар етеді. Бұл жағдайда өтінішті қарау мерзімі хабарланған күннен бастап қайта есептеледі. Мұндай хабарлама болмаған жағдайда құзыретті орган бастапқыда өтініште көрсетілген, жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысу бағасы туралы және оны төлеу тәртібі туралы шарттарды ескере отырып, өтінішті мәні бойынша қарайды.
8. Ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық компания сұрау салуды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға алдын ала мүдделілігі немесе мүдделілігінің болмауы туралы қорытындыны құзыретті органға жібереді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.03.2024 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға мүдделiлiктің болмауы туралы қорытынды берiлсе немесе осы Қағидалардың 7-тармағында белгiленген мерзiмде қорытынды берілмеген жағдайда, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетiлген өтiнiш Кодекстiң 44 және 45-баптарында белгiленген тәртiппен қаралады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.03.2024 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Алдын ала мүдделілік болған жағдайда, ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық компания сұрау келіп түскен күннен бастап 1 (бір) ай ішінде құзыретті органға иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы қорытынды береді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.03.2024 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Құзыретті орган ұлттық басқарушы холдингтен немесе ұлттық компаниядан иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы қорытынды алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттің басым құқығын іске асыруы туралы шешім қабылдайды.
Алдын ала мүдделілік болған жағдайда құзыретті орган мемлекеттің басым құқығын іске асыру туралы шешім қабылдау үшін өтініш берушіден қосымша мәліметтер мен материалдар сұратуы мүмкін.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 14.03.2024 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Мемлекеттің басым құқығын іске асыруы туралы шешім қабылданған жағдайда құзыретті орган ұлттық басқарушы холдингті немесе ұлттық компанияны иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді мемлекет мүддесіне сатып алушы ретінде айқындайды.
13. Мемлекеттің басым құқығын іске асыруы туралы құзыретті органның шешімі негізінде ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық компания бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) иеліктен шығару және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы бойынша әрекеттер жүргізуге ниеттенген тұлғаға басым құқықты іске асыру тәртібі мен мерзімі туралы келіссөздерді бастау туралы ұсыныспен шығады.
14. Егер мемлекеттің басым құқығын іске асырудан бас тарту туралы шешім қабылданса, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өтініш Кодекстің 44 және 45-баптарында белгіленген тәртіппен қаралады.