РҚАО-ның ескертуі!
Осы бұйрық 01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 21 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 |
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары Төрағаларының және олардың орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмалары және оларды орындау жөніндегі құжаттар (хаттар, анықтамалар, қорытындылар және басқа құжаттар): | Тұрақты |
Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. |
2) бірлесіп орындаушы мемлекеттік органда (ұйымда) | Тұрақты | Электрондық құжаттар* |
";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
46 | Меншік құқығына, мүлікті иелену, пайдалану құқығын сертификаттар (актілер) беру құжаттары (өтінімдер, қорытындылар, шешімдер және басқа құжаттар) | Тұрақты | Электрондық құжат* |
";
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
79 | Сәйкестік сертификаттары | 5 жыл |
Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. |
";
93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
93 | Акциялар пакеттерін және басқа бағалы қағаздардың табысталуын растайтын табыстау өкімдері | Тұрақты | Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар |
";
154-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
154 | Құжаттармен танысуға рұқсат беру туралы құжаттар (өтініштер, рұқсаттар, хат алмасу және басқа құжаттар) | 3 жыл | Электрондық құжаттар* |
";
218-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
218 |
Бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру туралы есептер мен есептердің талдаулары: | Тұрақты | Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар |
2) тоқсандық | 5 жыл |
Электрондық құжаттар*. |
";
295-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
295 | Кепілдік хаттар | 5 жыл |
Электрондық құжаттар*. |
";
500-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
501-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
512-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
512 | Аттестаттау, біліктілік, тарифтеу комиссиялары отырыстарының хаттамалары, қаулылары (шешімдері) және олардың құжаттары (есептік комиссиялардың хаттамалары, жасырын дауыс беру бюллетендері, аттестаттау қорытындылары, ұсыныстар, ұсынымдар, аттестаттау, біліктілік, тарифтеу комиссияларының шешімдерімен келіспеу туралы өтініштер және басқа құжаттар) | 15 жыл СТК |
Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. |
";
820-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
820 | Пәтер ақысы туралы құжаттар (хабарлама көшірмелері, мәліметтер, есептеулер, ведомостер, анықтамалар және басқа құжаттар) | 5 жыл | Электрондық құжаттар* |
".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |