"Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 маусымда № 17116 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық 01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 21 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары Төрағаларының және олардың орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмалары және оларды орындау жөніндегі құжаттар (хаттар, анықтамалар, қорытындылар және басқа құжаттар):
1) тапсырманы орындау үшін жауапты мемлекеттік органда (ұйымда);

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.
Тапсырмада көрсетілген барлық мемлекеттік органдар (ұйымдар) тапсырманы орындау үшін жауапты болып табылатын жағдайларда, олар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне тапсырманы орындау жөніндегі құжаттарды қағаз жеткізгіште және олармен бірдей электрондық құжаттар түрінде ұсынады

2) бірлесіп орындаушы мемлекеттік органда (ұйымда)

Тұрақты

Электрондық құжаттар*

      ";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

46

Меншік құқығына, мүлікті иелену, пайдалану құқығын сертификаттар (актілер) беру құжаттары (өтінімдер, қорытындылар, шешімдер және басқа құжаттар)

Тұрақты

Электрондық құжат*

      ";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

79

Сәйкестік сертификаттары

5 жыл

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.
Сертификаттың қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін

      ";

      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

93

Акциялар пакеттерін және басқа бағалы қағаздардың табысталуын растайтын табыстау өкімдері

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар

      ";

      154-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

154

Құжаттармен танысуға рұқсат беру туралы құжаттар (өтініштер, рұқсаттар, хат алмасу және басқа құжаттар)

3 жыл

Электрондық құжаттар*

      ";

      218-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

218

Бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру туралы есептер мен есептердің талдаулары:
1) жылдық;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар

2) тоқсандық

5 жыл

Электрондық құжаттар*.
Жылдық болмаған жағдайда – тұрақты

      ";

      295-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

295

Кепілдік хаттар

5 жыл

Электрондық құжаттар*.
Кепілдік күшінің мерзімі аяқталғаннан кейін

      ";

      500-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      501-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      512-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

512

Аттестаттау, біліктілік, тарифтеу комиссиялары отырыстарының хаттамалары, қаулылары (шешімдері) және олардың құжаттары (есептік комиссиялардың хаттамалары, жасырын дауыс беру бюллетендері, аттестаттау қорытындылары, ұсыныстар, ұсынымдар, аттестаттау, біліктілік, тарифтеу комиссияларының шешімдерімен келіспеу туралы өтініштер және басқа құжаттар)

15 жыл СТК

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.
Ауыр, зиянды, қауіпті еңбек жағдайларындағы өндірістер үшін – 75 жыл СТК

      ";

      820-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

820

Пәтер ақысы туралы құжаттар (хабарлама көшірмелері, мәліметтер, есептеулер, ведомостер, анықтамалар және басқа құжаттар)

5 жыл

Электрондық құжаттар*

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрі
__________________ Д. Абаев
2018 жылғы "__" ____________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
__________________ Ө. Шөкеев
2018 жылғы "__" ____________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
__________________ М. Бекетаев
2018 жылғы "__" ____________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
__________________ Қ. Қожамжаров
2018 жылғы "__" ____________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
__________________ Е. Сағадиев
2018 жылғы "__" ____________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
__________________ Е. Біртанов
2018 жылғы "__" ____________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Дін істері және азаматтық
қоғам министрі
________________ Д. Кәлетаев
2018 жылғы "__" ____________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
__________________ М. Әбілқасымова
2018 жылғы "__" ____________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
__________________ Ж. Асанов
2018 жылғы "__" ____________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
__________________ Ж. Қасымбек
2018 жылғы "__" ____________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
__________________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы "__" ____________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
__________________ С. Жасұзақов
2018 жылғы "__" ____________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
__________________ Б. Атамқұлов
2018 жылғы "__" ____________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
__________________ Қ. Оразқұлов
2018 жылғы "__" ____________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
__________________ А.Шпекбаев
2018 жылғы "__" ____________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс Басқарушысы
__________________ А. Бисембаев
2018 жылғы "__" ____________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
______________ Қ. Әбдірахманов
2018 жылғы "__" ____________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
__________________ К. Мәсімов
2018 жылғы "__" ____________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
________________Т. Сүлейменов
2018 жылғы "___"___________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
__________________ Қ. Қасымов
2018 жылғы "__" ____________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
________________ Қ. Бозымбаев
2018 жылғы "__" ____________

"КЕЛІСІЛДІ"
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы
_________________ Н. Годунова
2018 жылғы "__" __________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады